7


  • Учителю
  • 'Тәрбие тал бесіктен басталады' мақала

'Тәрбие тал бесіктен басталады' мақала

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие тал бесіктен бастау алады.


Қай заманда да адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірі-есті, еңбексүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеу. Әр халық өзінің жас ұрпағы қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар-ұжданы мол болып өссін деп армандайды. Жас жеткіншектерді Отанға, елге, ұлт мәдениетіне деген шынайы сүйіспеншілікке тәрбиелеу - ата-ана мен ұстаздың басты міндеті.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жастарымыз бен азаматтарымыздың салауатты өмір салтын сүйетін, дені сау, білімдар, парасатты болуын, солай тәрбиеленуін біздерден талап етеді.

Ата-аналар баланың интеллектуалдық дамуын үнемі қадағалап және баласының ізденушілік қасиетін мадақтап отырады. Мұғалім осы кезде ата-аналар баласының мықты және осал тұстарын көре білуге, оған дұрыс бағасын беруді, өз уақытында кемшіліктерді жөндеп отыруды үйретіп көмектескені жөн.

Отбасы мен мектептің бірлескен әрекетінің мәні бала үшін дұрыс өмірді қалыптастыру оның «Мектеп және отбасы» атты жалпы үйінде жеке басын дамыту. Бұл бірлескен әрекет келесі бағыттар бойынша іске асады. Сынып жетекшісі мен ата-ананың бірлесуінің ең басты бағыты олардың психология мен педагогикаға байланысты білімдерін көтеру. Бұл мәселемен сынып жетекшілері жеке айналыса алмайды. Ата-ананың педагогикалық-психологиялық білімдерін көтеру үшін нағыз мамандарды, дәрігерлерді, психологтарды, әлеуметтік психологтарды, пән мұғалімдерін тарту қажет.

Мұғалім оқушыға материалдық жағдай жасамағанымен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер адамзаттық құндылықтармен, біліммен, өнермен қамтамасыз етіп қаруландырады.

Яғни, балаға туғаннан тән азығы тамақ қандай қажет болса,жан азығы жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет. Ал оның қажетін қанағаттандырмай түпкі мақсат ешқашан орындалмайды. Мұны мұғалім мен ата-ана ешқашан естен шығармағаны жөн.

Жанұяда өздері өнегелі үлгі көрсете алмаған ата-аналарға балаларын жақсы тәрбиелеуде ешқандай педагогтық кеңес жәрдем ете алмайды.

Егер үлкендер өздері істемейтінді балаға істеткілері келсе, онда олардың талаптары ұлының немесе қызының жүрегінен орын таба алмайды. Ал, керісінше әке немесе шеше балаларының көз алдында адамгершілік идеалға жақындаса, онда олардың әр сөзінің, мақтағанының немесе ұялтқанының олар үшін ерекше мәні болып, ата-ананың әр талабы ықыласпен, сүйіспеншілікпен және құрметпен орындалады.

Бала тәрбиесінде ғұламалар айтқан:

Сіз балаңызды онымен сөйлескенде немесе оны бірдемеге үйреткенде, әйтпесе оған бұйрық бергенде ғана тәрбиелеймін деп ойламаңыз. Сіз оны өміріңіздің әр кезеңінде, тіпті өзіңіз үйде жоқта да тәрбиелейсіз. Қалай киінесіз, басқа кісілермен қалай сөйлесесіз, олар жайында не айтасыз, қалай қуанасыз, қалай ренжисіз, достарыңыз бен қастарыңызға қандай қарым-қатынас жасайсыз, қалай күлесіз, қалай газет оқисыз осының бәрі бала үшін үлкен мәні бар. Дауысыңыздың кішкентай өзгерісін де бала көреді немесе сезеді. Сіздің ойыңыздың барлық бұрылыс-қалтарыстары белгісіз жолдармен балаға жетіп отырады. Сіздің балаларыңыздың нәтижесі сіздің баламен қарым-қатынасыңыздың ерекшеліктері жайлы ойлануыңыздың кепілі екенін ұмытпағаныңыз жөн.

К.З.Сыдықова А.Байқыдыров атындағы саз мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал