7


  • Учителю
  • Разработка фестиваля на тему'Ассамблея' (7 класс)

Разработка фестиваля на тему'Ассамблея' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кулушова Г.К.

Сафуан Шәймерденов атындағы

қалалық классикалық гимназия, Петропавл қаласы

«Бір шанырақтың астында!»

атты шығармашылық сайысы

ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты:

1.Оқушылардың бойына адамгершілік, мейірімділік қасиеттерді дамыту.

2. Шығармашылық ойлауды дамыту.

3. Заман талабына сай жан-жақты тұлға тәрбиелеу.

Қатысатын 1-7сынып оқушылары.

Әр сыныптан-1 нөмер.

- Қатысушылар ҚР ұлттық өнердің кез келген түрін көрсетеді

(ән орындау, би, аспаппен ойнау)

1- ж-ші: Сәлеметсіздер ме, балалар және біздің кешіміздің қонақтары. Бүгінгі сайысымыз «Бір шанырақтың астында!» ҚР Халық Ассамблеясының 20 жылдығана арналады.



Монтаж: ҚР Халық Ассамблея туралы сипаттама үзінділер оқиды.

Қазақтың кең даласы, күн сәулелі шаңырағы, құс қанатты пырағы, көгілдір нұрлы шуағы, күн сәулелі ұраны - бәрі осында. Олардан жерімнің жұпары, елімнің рухы еседі.

Ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шаңырақтан шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.

Басталуы: (Фанфар)

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, көңілі шат, арманы асқақ, талғамы биік көрермендер!

2-жүргізуші: Армысыздар, ұрпағын ізгілікке бастаған, шәкірттер жүрегіне адамгершіліктің дәмін себуге ұмтылған ұстаздар!

1-жүргізуші: Алтын ұя гимназиямызда үлкен мереке. Себебі, ««Бір шанырақтың астында!» атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі өтуде. Ең бірінші бақытым - Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей - кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

2-жүргізуші:

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай - ақ кел дағы от ал менен.



2-жүргізуші: Ендеше достар, осы онкүндіктің аясында өткізіліп отырған бүгінгі «Бір шанырақтың астында!» атты сайысына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Адам бойындағы мейірімділік, адамгершілік құндылықтар ана сүтінен, күннің нұрынан таралады. Солай емес пе, Гульназ?!



2-жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың, Мирболат. Мейірімділік, адамгершілік -адам өмірінің негізгі тірегі, арқауы. Бүкіл тіршілік дүниесінің негізінде жатқан ең қуатты да, қозғаушы күші.

1-жүргізуші: Гульназ, бүгінгі фестивалімізге әр сыныптардан оқушыларымыз өз шашуларымен келіп отыр екен. Олай болса,

1ә сынып оқушысы Ербол Арнаны «Гномики» биімен қарсы алайық.

1. Друшкевичова «Марш»-орындаушы Самарханова Аружан, 3ә сынып оқушысы. Қарсы алайық!

2. Дәулеткерей «Қосалқа» күйі - домбырашы Шынғысов Батырхан, 3ә сынып оқушысы Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,

2-жүргізуші: Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.

Халқым маған сенеді әлсіз демей,

Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.

Жасай бер , Қазақстаным.

4. Көркем гимнастика - орындайтын Бекмурзина Альфия, 2а сынып оқушысы

1-жүргізуші: Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала - Қазақстаным.

3. Н.Мендығалиев «Тепенкөк» - 2а сынып оқушысы,

Уразгалиева Адияны қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:

Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,

Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.

Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан

Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.

Ән дала - Қазақстаным.

1-жүргізуші:

Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,

Түсінем өзендердің саз ағыстарын.

Қалай ақын болмайын, мен түгілі

Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.

Қырандар қанатында даңқы кеткен,

Дән дала - Қазақстаным.

2-жүргізуші: Сен менің шұғылаға толған даламсың,

Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.

Бабамның көздерінің қарашығы ең,

Баламның бақытына да қорған боларсың.

Жан дала - Қазақстаным.

5. «Шаттық» биі, Қайыркенова Жанара және Жакенова Камила, 3а сынып оқушылары

6. Ән «Жалқаубек» - Садвокасова Гульжан, Қуанышпай Аружан, 3б сынып оқушылары Керемет өріледі гүл өңірде өлең,

1-жүргізуші:

Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.

Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,

Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.

Кең дала - Қазақстаным.

(Жеті лента байланған шаңырақ. Жеті ұлт өкілі лента ұшынан ұстап дөңгеленіп шығады. Алдында бір қазақ ұлты.Барлығы сегіз адам.)

Қазақ: Көк туы желбіреген елімізде,

Құт дарыған киелі төрімізде.

Бір шаңырақ астында жүзден астам,

Ұлттар өмір сүреді жерімізде.

Орыс: Моя земля, мой Казахстан! Покуда сердце бьется,

Для нас для всех мой край родной -Родиной зовется!

Өзбек: Осындай жұмақ жерді табасыңба-ай,

Әр бір ұлт бес саусақтың саласындай.

Ұлтым өзбек болғанмен осы жерде,

Бәріміз бір атаның баласындай.

Татар: Ағайын мен ежелден татар едім,

Қазақстан әрине туған жерім


Неміс: Kasachstan -ich liebe dich.

Kasachstan ist meine Heimat!

Украинка: Бауырмалдық бәрімізден табылады,

Өмір сүріп жатырмыз мағыналы.

Осындағы тұрып жатқан барлық ұлттың,

Қазақстан киелі шаңырағы.

Қырғыз: Биіктен жанады екен жұлдызымыз,

Туып өсті бұл жерде ұл-қызымыз.

Қазақстан отаным деп санайды,

Тұрып жатқан осындағы қырғызымыз.

Армян: Бір шаңырақ астында тілегіміз,

Қазақстан отаным тірегіміз.

Армиян бауырлары туған дала.

Қазақстан деп соғады жүрегіміз.

Қазақ: Жамандығы еліміздің байқалмасын.

Жас ұрпақ отаным деп ой толғасын.

Барлық ұлт бауырластар, отандастар,

Шаңырағы елімнің шайқалмасын.

Бірлік үшін шырқалар ән-жырымыз,

Бір мақсат, бір мүдде ғой тағдырымыз.

Енді соғыс болмасын жер бетінде

7. Әсет Бейсеуов «Сырласу вальсі» - қобызшы Канафина Алсу, 4б сынып оқушысы

8. «Өзбек би» -4 б сынып оқушыларын қарсы алайық



9. Ән «Сағындым әже» 4ә оқушысы Жакупова Нурайды қарсы алайық

10. «Көктем» биі - Сейдуалиева Әсем, 4а сынып оқушысы

11. Ән «Балалық шақ» - 4а сынып оқушысы Дауменова Динара

12. Көркем гимнастика - сахнада 5а сынып Сыздыкова Анель қарсы алыңыздар!

13. Н. Тіліндиев «Арман-ау» күйі - Ғазизова Зарина, 5б оқушысы

14. «Шығыс» биі - Альжанова Камила, 5а сынып оқушысы

15. Ән «Ана» - 5ә сынып кыздардың орындауында, сахнада Есжан Дильназ, Аубакирова Диана қарсы алайық!

16. Би «Жігіттер» - «Туған жер» ансамблінің жас солистері 5ә, 5б ,7 сынып окушыларыни қарсы алайық!

17. Көркем гимнастика - 6а сынып оқушысы Қайырбай Әйгерім

18. Ән «Қыз сыны» - 6а сынып оқушысы Жумекенова Дана

20. Ән «Айналайын» сахнада 6ә сыныбының жас әншілері Какен Олжас және Исмагулова Динара. Қарсы алыңыздар!

21. «Брейк данс» - 6 б сынып окушылары

1-жүргізуші:

Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,

Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.

Халқым маған сенеді әлсіз демей,

Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.

Жасай бер , Қазақстаным!



22. Раздық «Сал күрең» - 7а сынып оқушысы Имантай Айзада

23. Халық күй «Ақ баян» -7а сынып оқушысы Елубай Гәкку

24. Би «Нәзік сезім» -7б сынып оқушысы Батырова Аяжан

25. «Қазақ биі» - сахнада 7ә сынып оқушысы Жаулетбаева Асель және Канафина Диана.



1-жүргізуші:

Құрметті көрермендер, жандарыңыз күн нұрындай жарқырап...

2-жүргізуші: Ал көңілдеріңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне

(Бірге: тола берсін!!!)

2-жүргізуші: Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар, халайық!

Қорытынды: марапаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал