7


  • Учителю
  • Аңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар 2 класс

Аңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар 2 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№1 Алға мектеп бақша





Тақырыбы:

Аңшылықта хабаршы,мерекеде жаршы болған аспаптар



Аңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар 2 класс





2 сынып

Музыка пән мұғалімі : Ержанова Гүлмира Е.

Алға қаласы



Сабақтың тақырыбы:Аңшылықта хабаршы,мерекеде жаршы болған болған аспаптар

Сабақтың мақсаты:қазақ халқының көне аспаптардың шығу тарихын есте сақтауға баулу;аспаптардың үнімімен,сыр-сипатымен таныстыру;балалардың халықмузыкасына деген сүйіспеншілігін арттыр`у;есту,есте сақатау,ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту.

Сабақтың міндеті:

1.оқушыны сөйлеуге,ойын тұжырымдап айтуға үйрену;

2.музыканың адам өміріндегі маңызын терең түсінуге баулу;

3. адамгершіліке,әсемдікке,сұлулыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:Әңгімелеу,сұрақ-жауап,ән айту,музыка тыңдау.

Көрнекілігі :Аспаптар сүреті,үнтаспа,плакат,аспаптар,интеративті тақта,карточкалар.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру.Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.Сабаққа даярлығын тексеру..

2.Үй тапсырмасын сұрау.Ішекті-ыспалы аспаптар. «Бұл қандай аспап?» ойыны арқылы.

Тақтаға бір оқушы шақырылады.Аспаптың сүреті отырған балаларға ғана көрсетіледі.Олар аспапты сипаттайды.Тақтадағы оқушы аспапты дәл табуға тырысады.

Аңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар 2 классАңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар 2 классАңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар 2 класс

Аңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар 2 классАңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар 2 классАңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар 2 классАңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар 2 класс



Жаңа сабақты түсіндіру. Кіріспе әңгіме

Қазақ халқы көбіне мал шаруашылығымен айналысқан.Сол малдың ішегін,тұяғын аспапқа пайдаланған.

Қазақта асатаяқ,қоңырау,сақпан,тұяқтас,шыртылдақ сияқты сілкіп,ұрып ойнайтын аспап да бар.Ертеде ұрмалы аспаптарды әскери ұрыстарда,аңға шыққанда,халықтық мерекеге жинағанда пайдаланған.Сондай-ақ ұрмалы аспаптарды бақсылар адамдарды емдеуге пайдаланған.Ал мал күзетушілер үшін ит-құсты үркітуге таптырмас құрал болған

Аңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар 2 класс

Асатаяқ-ертеден келе жатқан сілкіліп ойналатын аспап.Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған.Шу шығаратын аспап

Тұяқтас-ұру арқылы үн шығаратын аспап тобына жатады.Ол жылқынның тұяғынан жасалады.Тұяқтасты бессаусақтың ұшымен алақанға жеткізбей ұстап,екі шеткі жиегін кезекпен жартылай дөңгелетіп,алмастыра отырып соғу керек.

Қоңырау- музыкалық аспап. Ертеде қоңыраудың әр түрлі үлгілері діни жораларда, салт-дәстүр рәсімдерінде қолданылған. Кейде сыртына жұқалап алтын, күміс жалатылады. Қоңырауды арнайы жеңіл таяқшамен соғып ойнайды.

Даңғыра -қазақтың көне ұрмалы-сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық.

Дабыл-бұл «дабыл-қағу»деген сөз. ертедегі ұрмалы саз аспабы</. Дауысы зор болғандықтан дабылды ертеде жаугершілікте ел шетіне жау келгенін хабарлауға, жауға аттанар жасақты жиюға қолданған. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінде дабыл батырлардың бес қаруына қоса алып жүретін бұйымы ретінде көрсетіледі. Дабыл қатты дыбыс-белгі (сигнал) беретін аспап болғандықтан, басқа да тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылған.

Сақпан - ежелден келе жатқан қазақтың сілкімелі музыкалық аспабы. Бұл аспап өзге аспаптардан өзіне ғана тән үнімен ерекшеленеді.

Аспапты жасап шығару шеберге аса үлкен қиындық тудырмайды. Ені 2-3 см, ал ұзындығы 10-15 см болады. Жұқа ағаштар кесіліп, бір жіпке я сымға тізілген.Бұл дыбыс жаңғырығының жақсы болуына ықпал етеді.Сақпан аспабы ертеде тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Диқан-бағбандар егістікке қонған құстарды үркіткенде, ал шопан-бақташылар мал қайырған кезде қолданған.

Музыка тыңдау

Нұрғиса Тілендиев «Ата толғауы» күйін тыңдау.

- Қандай күй тыңдадыңдар?

- Қандай аспаптың даусын естідіңдер?

- Күйді шығарған кім?





Композитор,дирижёр,күйші.1925 ж Алматы облысының Іле ауданында туып өскен.

Күйлері: "Ата толғауы","Көш керуен","Аққу"т.б

Қандай аспаптардың дыбысы естіліп тұр.Өздері ажарата алған аспаптың күйге қандай ырғакқ беріп тұрғанын айтады.

Аңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар 2 классАңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар 2 класс

Ән үйрену.«Айгөлек» (Б.Байқадамов,Н.Баймұхаммедов).Автор туралы әңгімелеу

Композитор,дирижёр.1917-1977 жж Торғай облысының Торғай ауылында дүниеге келді. "Су тасушы қыз","Кел достар", "Айгөлек" әндерінің авторы

- Ән неше шумақтан тұрады?

- Әннің жылдамдығы қандай?

- Әнді шығарған кім?

Кестемен жұмыс

Сабақты қортындылау.«Ұйқасын тап» ойыны

1.Менің ағам Абыл 3.Тоныма орап кетіп ем

Жасады маған ................ Бүлінбеген ..................

(Дабыл) (Жетіген)

2.Жылаған соң інімді аяп 4.Қаңтардан кейін ақпан

Жасап бердім ........... Сілкілмелі аспап..........

(Асатаяқ) (Сақпан)

Сөз жұмбақ арқылы

1.Екі жағы терімен қапталған ұрмалы аспап . Дабыл

2. Билерде сүйемелдеуге арнал ған сілкілмелі аспап. Асатаяқ

3.Жіңішке дауысты ішекті ыспалы аспап Скрипка

4.Ұрмалы аспап. Барабан

5.Сілкілмелі аспап Сақпан

6.Тұяқтан жасалған аспап. Тұяқтас

7.Дауысы жіңішке ұрмалы аспап. Ксилафон

8.Арнайы таяқшамен ұрып ойналатын аспап . Қоңырау



Үйге тапсырма беру.Айгөлек әнін жаттау.31-32 бет оқу.

Бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал