- Учителю
- Доклад на тему «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы» атты пікір-сайыс.
Доклад на тему «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы» атты пікір-сайыс.
«Конституция - мемлекеттің негізгі заңы» атты пікір-сайыс.
Жақында 10 қарашада өткен «Конституция - мемлекеттің негізгі заңы» атты тақырыпта Қостанай қаласында оқушылар аралық пікір - сайыс турнирі болып өтті. Қостанай облысының түпкір - түпкірінен яғни Арқалық қаласынан «Аrkcity», Әулиекөл ауданынан «Ыбырай шәкірттері», «Шоқан шәкірттері», Лисаков қаласы «Ұшқын», Рудный қаласы «Парасат», Қостанай ауданы «Наушабай шәкірттері» мен Қостанай қаласынан «НИШ», «Самұрық», «Мәулен жастары» сияқты командалары болды. Қазақ лигасында жалпы 11 топ,орыс лигасында 9 топ, ағылшын лигасында 4 топ қатысты.Пікір -сайыс турнирі Америкалық Палаталы Формат (АПФ) түрінде 3 тілде, яғни қазақша, орысша және ағылшын тілінде өтті. Қаралған қарарлар да қазіргі қоғамда болып жатқан мәселелер. Әр топтың қатысушылары өздерінің көкейінде жүрген ойлары жайлы мәселеде статистикалық мәліметтерді пайдаланып, қызықты дәлелдер келтіре отырып, талқылады. Тілдерінің ұшқырлығын, ойларының тереңдігін төреші мырзаларға дәлелдей білді. Аталған іс - шараға Сарыкөл орта мектебінің оқушылары Кущегулова Дана мен РекеноваКариманы ағылшын пәні мұғалімі Қонарбаева Гүлбану Сәкенқызы жетекшілік етіп апарды.Гүлбану Сәкенқызының айтуы бойынша қарсылас топтар мықты қарсылас бола білді. Біздің оқушыларда осалдық көрсетпеді жартылай финалға дейін жолдама алып, ұпай жағынан финалға өте алмады.Дегенмен сайыстың аты сайыс құласаң нардан құла дегендей Саракөл орта мектебінде де осындай ой-пікірі бар мемлекеттің негізгі заңын құрметтей білетін оқушыларымыздың барлығынада шүкіршілік етеміз.Нәтижесінде Сарыкөл командасы белсене қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталды. Оқушылардың қызығушылығы артып келесі жылы бұдан да жақсы дайындалып баруы үшін ой-армандарын ортаға салды.Соңында Іс-шараның қорытындысы бойынша «Ең үздік» жетекші, «Ең үздік» спикер, «Ең үздік» топтар анықталып, аталған топтар мен жетекшілер бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Осындай пікір-сайыс турнирлері мектеп оқушылары арасында жиі өтсе нұр үстіне,нұр емес пе.
Сарыкөл орта мектебінің тәлімгері: Тайжанова М.Қ