7


  • Учителю
  • Сабақ тақырыбы: Бала, бала, балапан

Сабақ тақырыбы: Бала, бала, балапан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шағын орталық I сәбилер «Қарлығаш» тобында ұйымдастырылған

оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

Өтілетін күні: Музыка жетекшісі: Мырзағалиев Сакен Амангелдиевич

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Музыка

Тақырыбы: «Бала, бала, балапан»

Мақсаты: дене мүшелерін игеріп, қолды, аяқты қимылдата отырып әуенмен бірге қимылдар жасауға үйрету. Ырғақпен ілесе қимыл жасауға дағдыландыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Аяқтың, қолдың, күннің суреттері.

Әрекет

кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу ояту

Балалар көңілді музыка үнімен залға кіреді. Шеңбер бойымен қатарласып жүреді. Орындарында тұрып, қолды бұрап қимыл жасайды. Әуенмен бірге айналады, жеңіл үнді музыкамен секіреді. Әуен тоқтағанда бірге тоқтап, қимыл жасауды үйренеді.

«Орындарыңда тұрып айналыңдар, денені көтеріп секіріңдер», - деп үйретеді.

Балалар шеңбер жасап жүреді. Әуенге ілесіп жүгіруге тырысады. Қолды буыннан бұрап қимыл жасауға талпынады. Орындарында тұрып айналуға, секіруге тырысады.

Іздену-

Ұйымдастыру

Музыка жетекшісі балаларға суреттер көрсетеді.

- Мынау не?

- Қолда саусақтар болады. Кәне, бәріміз қолымызды көрсетейік. Ал мыналар саусақтар. Саусақтар былай былай қозғалады.

- Ал мына суретте не бар?

- Кәне, бәріміз аяғымызға қарайық. Аяқпен не жасауға болады?

Қазір мен сендерге әдемі ән айтып берейін.

«Бала, бала, балапан» әні орындалады. И. Нүсіпбаев.

Әнді орындау барысында алдымен алақанды, содан соң саусақтарды әуенмен көрсетеді.Екінші шумағында «Топ-топ басайық» деген сөзге келгенде аяқты әуенмен топылдатып, «жалаудан күн жасаймыз» деп, қолды жоғары көтеріп күн жасап, «алтын күн» деген жерінде қолды жоғары ұстап аяқтайды.Ән бірнеше рет балалардың қимылдары бір-біріне үндесіп, бірге жасауға үйренеді.

Балалар сұраққа жауап беруге тырысады.

Қолдарын ,саусақтарын көрсетуге тырысады.

Аяқ, аяқтарына қарап, еденге топылдатуға тырысады.

Балалар әнді тыңдап, ілесе қимылдауға тырысады.

Аяқты топылдатып, қолды жоғары көтеруге талпынады. Музыка жетекшісімен ілесіп, әуенге қосылып қимыл жасауға тырысады. Балалар қолдарын шапалақтауға, қолдарын жасыруға, топылдатуға тырысады.

Рефлексті түзету


Балалардан музыка інңмен қолдарын шапалақтауын, аяқтарын топылдатуын қайталап сұрайды. Музыкаға ілесіп қимыл жасап,көзге ерекшеленген балаларды атап, мадақтау.

Балалар шапалақтауды, топылдатуды еркін көрсетеді. Қоштасады.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: музыканы тыңдай білуді. Қызығушылығы мен ынтасын арттыру.

Игереді:музыка әуенімен қолдарын, саусақтарын, аяқтарын көрсетуді игеру.

Меңгереді: музыка үнімен ілесіп, аяқ- қолды қимылдатуға дағдыланады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал