7


  • Учителю
  • «Жігер» – күй және симфония» және ««Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов»

«Жігер» – күй және симфония» және ««Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 18.04.2016

Сыныбы: 5 - 6

Сабақтың тақырыбы: «Жігер» - күй және симфония» және ««Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов»

Мақсаты

Білімділік: «Жігер» күйімен және Нұрғали Нүсіпжановтың шығармашылығымен таныстырып, әнге деген сезімдерін оятып, білімдерін шыңдау.

Дамытушылық: Оқушылардың музыкаға деген қызығушылықтарын арттырып, ән айту қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта, ән мәтіні, суреттер, оқулық, қармақ (ойыншық), түрлі түсті ноталар.

Пәнаралық байланысы: Әдебиет , қазақ тілі, т. б.

Әдісі: түсіндірмелі,талдау,әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі көңіл - күйлерің қалай?

2.Оқушыларды түгендеу.

3.Оқушыларды сабаққа назар аударту.

4. Топқа бөлу.



Психологиялық дайындық:

Армысың сен әлем,

Армысың сен жарық күн,

Армысың, армысың

Абзал адам армысың!

Здравствуй, мир

Здравствуй, свет

Здравствуй, добрый человек!

Үй тапсырмасын сұрау

-Үйге қандай ән берілді?

- Әннің аты?

- Әннің авторы?

-Балалар, біз бүгін тауға саяхатқа шығамыз.

Алдымызда түрлі кедергілер кездеседі. Сол кедергілерден өткенде ғана үй тапсырмасын қайталап, бүгінгі өтетін тақырыбымызды және жаңа әнімізді үйренеміз.

-Саяхатқа шығуға дайынбыз ба?

-Олай болса, жолымыз қысқарсын. Ән айтып барайық. Ән айтпас бұрын не істеуіміз керек?

-Ия, әрине, дауысымызды оятуымыз керек.

-Біздің ноталарымыз қайда кеткен? (тақтада нота сызықтары орналасады)

Ноталарды табуымыз үшін жұмбақтарды шешіп көрейік.

  1. Ол басшысы нотаның,

Қосымша сызық тұрағы,

Доптың бір әрпін алсаң,

Оның аты шығады (До)

  1. Екінші нота болады.

Р-дан басталады. (ре)

  1. Үстінде бірінші сызықтың

Бір сызықты қызық тым. (ми)

  1. Дөңгелек нота өзі енді,

Ұқсайды .....сольге. (Фа)

  1. Орысша нота тегі,

Қазақша сөйлейді. (соль)

  1. Соль нотаның көршісі,

Си нотасына кетпеді. (ля)

  1. Соңғы нота болады,

Үшінші сызықта тұрады. (Си)

  1. Қайталанып келеді,

Келсе де өз орнын біледі. (до)

Дауыс ояту жаттығулары: До-ре-ми-фа-соль-ля-си-до; до-си-ля-соль-фа-ми-ре-до.

До-до-ре-ре-ми-ми-фа-фа-соль-соль-ля-ля-си-си-до;

До-до-си-си-ля-ля-соль-соль-фа-фа-ми-ми-ре-ре-до



-Өзіміздің жақсы көретін әнімізді орындайық. Жарайсыңдар!

-Балалар, қараңдаршы, алдымызда қақпа тұр. Бұл темір қақпа ғой. Бізге тапсырма беріпті. Қазір мен оқып берейін.

1 топқа: «Қыз Жібек» операсы жайлы не білесіңдер?

2 топқа: Ескендір Хасанғалиев туралы не білесіңдер?

1 топқа: «Сарыжайлау» әнін айтып беріңдер?

2 топқа:«Атамекен» әнін айтып беріңдер?

-Жарайсыңдар! Енді, балалар, күміс қақпа. Қараңдаршы, бұл қақпаның да тапсырмасы бар екен?

-«Жігер» күйі және Нұрғали Нүсіпжанов жайлы не білесіңдер?

-Балалар, бұл тапсырмаға мен жауап берейін. Өйткені, сендер білмейсіңдер.





Жаңа сабақ . «Жігер» - күй және симфония»

Атақты күйші - композитор Дәулеткерей Шығайұлы өзінің «Жігер» күйін Санкт - Петербург қаласына барып келгеннен кейін шығарды. Қаланың әсемдігі мен ондағы зәулім де көп қабатты үйлер. Нева өзенін бойлай жатқан аспалы көпір, сауда орындары, көздің жауын алар сұлу да сәнді театрлар және оркестрмен орындалған музыка - барлығы Дәулеткерейді тиісті етеді. Содан бастап қазақтың болашағы жайлы терең ойға шомады. Сол ойдың терең толғанысы жетегінде өмірдің мәні мен мағыналы тіршілігін күйге салады. Дәулеткерейдің ой толғауы «Жігер» деген күймен өмірге келген.

Дәулеткерейдің күйлері терең мазмұндағы күрделі туындылар қатарына жатады. Күй өте абырлы да салмақты, адам бойына өмірлік күш - қуат пен жігер беретін сезімге толы. Алғаш рет Александр Затаевич Дәулеткерейдің күйін тыңдағанда таң - тамаша болады. Ол Еуропаның симфониясына бергісіз қазақ даласында осындай терең мағыналы шығарманың бар екендігіне көз жеткізеді.

Заман өте келе араға жүз жыл салып Дәулеткерейдің күйі симфонияға айналып, дүние есігін қайта ашты. Қазақтың атақты композиторы Ғазиза Жұбанова бес бөлімді симфония шығарып, ол шығармасын ұлы күйшіге арнайды.

Симфонияны жазуда композитор Дәулеткерейдің «Жігер» күйін негізге алған. Композитор Ғазиза Жұбанова үшін де «Жігер» симфониясы бүгінгі заманның ой-толғауы ретінде туған ерекше туынды болды. Симфония жаңа заманның сан түрлі тіршілік ағымы мен шынайы өмірлік құбылыстарын бейнелейді. Жер бетіндегі соғыс қасіреті мен бейбіт өмірді аңсаған халық. Техникалық зор жетістіктер мен ғарышты бағындыру.Адамзат баласыныңтабиғатқа келтірген зардаптары мен қоршаған ортаға жасаған зияны және тағы басқа сан түрлі ойлар тоғысып, симфониялық музыканың дүниеге келуіне себепкер болған. Дәулеткерейдің күйі Ғазиза Жұбанованың симфониясында жаңа замандық мазмұнға толы шығарма ретінде қайта жаңғырды.

«Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов»

Әр заман өзінің тарихи оқиғасымен есте қалады. Сол тарихи оқиғалар ән - жырмен өріліп, күй болып өрнектеліп отырған. Қазақ заманы әндерінің бірі - Әсет Бейсеуовтің «Армандастар» әні.

Кеңестік дәуір кезінде өнер адамдары концерттік сапармен өндіріс орындарын жиі аралайтын. Нұрғали Нүсіпжанов композитор Әсет Бейсеуовпен бірге кен өлкелерін, мақталы алқаптар мен бидайлы өңірлерді аралайды. Жүрген жерлері ән мен күйге бөленіп, ойын - сауыққа да ұласып жататын. Жастардың сол замандағы биік мақсаты мен арманын, болашаққа деген сенімін көріп қайтқан әнші мен композиторға ой келеді. Олар өздері куә болған осындай жастардың көңіл күйін халыққа ән арқылы жеткізуді жөн санайды. Сөйтіп, композитор Әсет Бейсеуовтың ойына бір әуен келеді. Жүрегінен шыққан бұл әуенді ақын Нұрсұлтан Әлімқұловқа тыңдатады. Нұрсұлтан Әлімқұлов әннің сөзін жазуға кіріседі. Бұл ән «Армандастар» деген атпен жастар арасына тез тарап кетеді. Ал әнді алғаш орындаған Нұрғали Нүсіпжанов өз сезімін былайша баяндайды:

«Әннің сөзі дайын болған бойда өзім орындап, радиоға жаздырттым. Бұл ән ойымызға өте қонымды, жүрекке жағымды болып шықты. Ол тіпті бүгінгі күн мен болашағымызға жоспар жасағандай. Қазіргі жас ұрпаққа да жігер беретіндей тамаша ән болып әлі де жалғасып келеді».



Музыка тыңдайық:

1.Ғазиза Жұбанованың «Жігер» симфониясынан үзінді.

2. Нұрғали Нүсіпжановтың орындауында Әсет Бейсеуовтың «Армандастар» әні



Дәптермен жұмыс: Дәптерге бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қойыңдар!

Балалар, қараңдаршы, алдымызда алтын қақпа. Бұл соңғы қақпа, бізге қандай тапсырма беретінін көрейік.

-Алтын қақпаның тапсырмасы: «Барлығымыз бірге бойымызды сергітіп алайық!» - дейді.

-Сергіту сәті

-Жарайсыңдар, балалар! Міне, 3 қақпаны аштық. Енді қараңдаршы, алдымызда не бар? Өзен бар, ия?

Өзеннен өту үшін, ондағы балықтарды аулауымыз керек. Қай топ бірінші болады екен, көрейік. Әр топтан бір - бірден шығамыз.

Жарайсыңдар, балалар! Біз барлық кедергілерден өттік. Енді алдымызға қарайықшы, тау тұр. Тауға жеттік. Енді бүгінгі өтетін әнімізді тауып алайық. Мына көп әндердің ішінен әнді тауып алайықшы.

Интерактивті тақтада әннің аттары жазылып тұрады.

-Жарайсыңдар! Бүгінгі өтетін жаңа әніміз Н.Тілендиевтің «Сарыжайлау» деп аталатын әні. Әннің өлшемі: 2/4.

Ән көтеріңкі, жігерлі көңіл күйде орындалады.

Ән бірнеше рет қайталанады.



1. Жазира, жасыл кілем өрнектеген,

Туған жерге, дариға, жер жетпеген!

Кең өлкем, әлдилей бер, сен деп келем,

Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.



Қайырмасы:

Саумал бұлақ - балдай дәрім,

Салқын самал - баурайларың.

Саялаған, беу, туған жер,

Сағындырған, Сарыжайлауым!



2. Армысың, ата қоныс, жасыл мекен!

Ұланыңмын, мен сенің, қасыңда өтем.

Басқаның жерұйығын неғылайын,

Жерұйығы өзімнің қасымда екен!



Қайырмасы:

Саумал бұлақ - балдай дәрім,

Салқын самал - баурайларың.

Саялаған, беу, туған жер,

Сағындырған, Сарыжайлауым!



«Жігер» – күй және симфония» және ««Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов»«Жігер» – күй және симфония» және ««Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов»«Жігер» – күй және симфония» және ««Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов»«Жігер» – күй және симфония» және ««Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов»«Жігер» – күй және симфония» және ««Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов»



Бүгінгі өтетін жаңа әніміз Е.Хасанғалиевтің әні«Атамекен» деп аталатын әні. Әннің өлшемі: 2/4.

Ән көтеріңкі, жігерлі көңіл күйде орындалады.

Ән бірнеше рет қайталанады.



1.Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем.

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Маңдайымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:

Қайда жүрсең атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына,

Қимай оны батады екен.



2.Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесі,

Қазағымның махаббаты деп білем.

Қайырмасы:

Қайда жүрсең атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына,

Қимай оны батады екен.



«Жігер» – күй және симфония» және ««Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов»«Жігер» – күй және симфония» және ««Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов»«Жігер» – күй және симфония» және ««Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов»«Жігер» – күй және симфония» және ««Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов»«Жігер» – күй және симфония» және ««Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов»









Сабақты бекіту

Ой, жарайсыңдар, балалар! Енді, сабағымызды қорытындылау үшін, мен лотореялық ойын дайындап алып келдім. Естеріңде ма? Бұл ойын біздің алдыңғы сабақта ойнап жүрген «Айтуға оңай» бағдарламамызға ұқсас ойын.

Маған бір бала керек. Лоторейный билетті араластырып, алады. Жауап берген топтар әртүрлі түстегі ноталарды жинайды.

Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабақты жақсы түсініпсіңдер!Енді, сабағымызды қорытындылау мақсатында, әртүрлі көңіл- күй белгілерімен өздеріңнің сабақтан алған әсерлеріңді көрсете қойыңдар.

Енді, үй тапсырмасын жазып алыңдар!



Үй тапсырмасы:

Н.Тілендиевтің «Сарыжайлау», Е.Хасанғалиевтің әні«Атамекен» әндерін жаттап келу.



Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, толық жауап берген оқушыларды бағалау.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал