7


  • Учителю
  • Армысың әз наурыз дошкольники

Армысың әз наурыз дошкольники

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font face="Times New Roman, serif">Музыка залы мерекеге сай ұлттық нақышта безендірілген. Сахна төрінде шаңырақ, жабдықталған киіз үй, ұлттық тұрмыстық заттар орналасқан. Балалар «Наурыз думан » әуенмен залға кіреді.

Жүргізуші: « Армысың, әз Наурыз!»

«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!»

Құрметті қонақтар, сүйікті балалар! Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімде- ген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына Жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Міне, біздің асыға күткен Жаңа жылқы жылымыз да табалдырықтан аттады. Бәріңізге де Жаңа жыл- бақыт жылы, бейбіт жыл болсын!

Ән: «Қасиетті домбыра»

(Музыка ойналып, ортаға Ақ әже келеді)

Жүргізуші: Амансыз ба, Ақ әже! Біздің тойымызға қош келдіңіз! Төрлетіңіз құтты қонақ болыңыз. Бізбен бірге болып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ақ әже: Амансыңдар ма, балапандарым! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, наурыз тойларың тойға ұлассын.

Жүргізуші: Балалар енді біз әжемізге арнап әдемі биімізді билеп берейік.

Би: «Әлқисса»

Жүргізуші: Ойынға да кезек жеткен сияқты, олай болса ұлттық ойындарымызға кезек берейік.

Ойын: «Теңге алу», «Қыз қуу», «Қөкпар тастау», «Арқан тартыс».

Жүргізуші: Наурыз мереке, бірге болсын береке

Күн сайын дастархан, мол болсын әрқашан.

Ән: «Наурыз көктем»

Әже: Жарайсыңдар балалар міне бүгін менің немерем дүниеге келді.Бүгінгі ұлыстың ұлы күнінде өмірге келген кенже немеремді бесікке салу рәсімін жасайын, мына қонаққа келген немерелерім бір қуанып қалсын.

Салт-дәстүрден көрініс: «Бесікке салу»

Әже: Ал бесікке салған жас нәрестеге бесік жырын айтып берейік.

Бесік жыры «Тал бесік» бесіктегі баланы тербетеді.

Жүргізуші: Дәстүр, құрып, сан түрлі

Ретіменен қамтыды.

Болмаса егер үлкендер,

Ата салтын білермек, әже ауылдағы немерелеріңізде бүгін тойлап жатырған шығар, қаладағы немерелеріңіз де өте өнерлі екен.

Әже: Әрине бүгін олар ат шаптырып үлкен думанды той өткізізіп жатыр, мен бүгін мына немерелеріме көрісуді үйретейін.Боталарым бері маған қараңдар,наурыз мейрамы күні барлық қазақ халқы бір- бірімен көрісіп, қол алысып, төс қағыстырады екен. Оның мағынасы егер бір-біріне ренжіген болса,сол реніш ұмытылсын, еліміз тыныш аман болсын деген мақсатпен көріскен екен.Сол «төс қағыстыру» рәсімін біздер де мына отырған қонақтармен бірігіп жасап көрейік

«Төс қағыстыру» рәсімі көрсетіледі





Жүргізуші: Әже рахмет сізге, қандай тамаша өнеге көрсеттіңіз. Сіз шаршаған боларсыз,төрге шығып шәй ішіңіз.Ал сізге немерелеріңіз әдемі жыр шумақтарын айтып берсін.

Тақпақтар:1.2.3.4.5.





Жүргізуші: Наурыз деген жыл басы

Он екі айдың тұлғасы

Құтты болсын мерекең

Үлкен кіші, ел басы!

Әже немерелеріңіз дайындаған мереке тартуын қабыл алыңыз.

Би «Батырлар»





Жүргізуші: Батаменен ел көгерер,жаңбырменен жер көгерер демейме, әже сіз мына келген қонақтарға, немерелеріңізге ақ батаңызды беріңіз.





Әже: Қолдарыңды жайыңдар, батамды берейін.

Берейін бата халқыма,

Амандық берсін басыңа.

Бөденедей жорғалап,

Бақыт келсін қасына.

«Бар» екен деп тасыма

«Жоқ» екен деп жасыма.

Ел- жұртым аман болып.

Даулет болсын басыңа, әумин

Жүргізуші: Ой қосылып ойымызға,

Бой қосылып бойымызға.

Аман- есен жетейік, Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын !Ақ мол болсын! Барша қонақтарды мерекелік ақ дастарханға шақырамыз!













































Бекітемін

№32 «Қуаныш» МДҰ-ң

меңгерушісі: А. Е. Ескалиева

_________________________





Армысың әз наурыз дошкольники





«Армысың Әз Наурыз!»

«Інжугүл» ересек тобының мерекелік ертеңгілігі

























Дайындаған: музыка жетекшісі Аетова Л.Т.

Тәрбиешілер: Мысина Д.А.

Құлниязова А.А.

2016 ж





Армысың әз наурыз дошкольники





Армысың әз наурыз дошкольники









Армысың әз наурыз дошкольники



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал