- Учителю
- 4-сыныпқа арналған 'Музыкалық аспаптар' тақырыбы бойынша ашық сабақ
4-сыныпқа арналған 'Музыкалық аспаптар' тақырыбы бойынша ашық сабақ
Кеңес Одағының Батыры
И.М.Бережной атындағы
Келлер орта мектебі КММ
Музыка пәні мұғалімі
Абдрахманова Роза Батановна
Күні: 12. 12.2015 жыл
Пәні: Музыка
Сыныбы: 4 «а»
Сабақтың тақырыбы: Музыкалық аспаптар.
Сабақтың мақсаты: Ұрмалы аспаптар тобының аспаптары туралы жан- жақты мағлұматтар беру. Аспаптардың құрылысы мен түрі, неден жасалатынын ажырата білуге үйрету.
Сабақтың міндеті:
Өнерлі болуға, жан- жақты болуға , ой-өрістерін одан әрі дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1\Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2/Психологиялық дайындық
Дауыс жаттығуы
1. М: Күй сандықты ашайық
О: до - до - до
М: Тілдерін біз бастайық
О: до - до - до
М: Бас дыбысты бастайық
О: до - до - до
М: Жайлап әнге салайық
О: до - до - до
Бірге: До, ре, ми, фа, соль , ля, си, до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до
3/Топқа бөліну.
Оқушыларды музыкалық аспаптар арқылы «ВАЛТОРНА» , «ТРУБА» және «ТРОМБОН» атты үш топқа бөлу.
/Оқушылар музыкалық аспаптардың суретін таңдап, үш топқа бөлініп отырады/
ІІ. Өткенді пысықтау.Балалар қазір музыка сабағы олай болса мына музыкамен бастайық Құрманғазы атамыздың күйін тыңдаймыз бұл күйді мұқият тыңдап қандай қозағлыс жасауға болады сол қозғалысты жасаймыз,қандай музыкалық аспаптар ойналып жатыр мұқият тыңдаймыз.Сұрақ жауап.Ал енді көңіл күйлерің қандай болды ал енді сол көңіл күймен сабақты топқа бөліп бастайық.
1-топ Труба.
2-топ Тромбон
3-топ Валторна
Топ ережесі жайлы.
Ал балалар үйге қандай тапсырма берілді.Сұрақ жауап.
Әр топ өзінің аттына қатысты әңгімелейді.
Балалар бізде жақында қандай мереке.Сұрақ жауап.
Тәуелсіздік мерекесіне неше жыл.Сұрақ жауап.
Олай болса мерекеге қатысты қандай ән жаттадық.Сұрақ жауап.
Бұл әнде неше шумақ бар. Сұрақ жауап.
Ал олай болса
1-топ Труба 1-шумақ
2-топ Тромбон 2-шумақ
3-топ Валтрона 3-шумақ
ІІІ.Қорытынды
Балалар үй тапсырмасының қортындысы ретінде мына сөз жұмбақты шешеміз.
Сергіту сәті.
Ал енді балалар кішкене серігіп алайық.Музыканы мұқият тыңдап қандай қимыл жасауға болады.
ІV. Жаңа сабақ
Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбының атты Ұрмалы аспаптар тобы.
Әр тобқа мәтін таратылады.Әр топ оқып талдап бір-бірі мен таныстырады.Өз беттерің мен алған білімдеріңмен бөлісіңдер.
1-топ Литавара
2-топ Тәрелкелер
3-топ Барабан
Оқушыларға берілген тапсырманы тыңдау.
Өткен сабақта Отанға арналған ән жаттасақ бүгін біз Қазақстан елінің жас ұландарына арналған әнді жаттаймыз.
Жас ұландар әні
Әні мен сөзін жазған Ұ. Ж. Жаналиева
Біз ұланы қазақ елінің
Туған жерін, сүйген Отанын.
Әке жолын, ана мейірімін,
Бойға жиған қасиетін.
Қайырмасы:
Жас ұлан, қалыспа!
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын
Асқақтатып әлемге
Нық ұстайық байрағын!
Көп білуге ұмтыламыз
Өнер, білім, ғылымға.
Кеудемізде ар мен намыс
Жетелейді бізді алға.
Қайырмасы:
Жас ұлан, қалыспа !
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын
Асқақтатып әлемге
Нық ұстайық байрағын!
V. Жаңа сабақты бекіту.
Баллалар бүгін біз қандай аспаптармен таныстық?
Ұрмалы аспаптарға қандай аспатр жатады?Сұрақ жауап.
Балалар бүгін сабақ ұнадыма?Олай болса сендер көңілдерің толса
VІ. Қорытындылау
2/Бағалау
3/Үйге тапсырма. Ұрмалы аспаптар туралы мәлімет іздеп олардың суретін саламыз.Жас ұландар әнін жатаймыз.