7


  • Учителю
  • Ашық сабақ. Тақырыбы Л.В.Бетховен өмірі мен шығармашылығы

Ашық сабақ. Тақырыбы Л.В.Бетховен өмірі мен шығармашылығы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Л.В.Бетховен өмірі мен шығармашылығы»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларды әлем композиторларының бірі неміс композиторы Л. Бетховеннің өмірімен және шығармашылығымен таныстыру;

ә) дамытушылық: музыкалық шығарманы түсініп тыңдай білуге, ауызша сөйлеу қабілетін жетілдіру арқылы оқушылардың ой - өрісін, музыкалық қабілетін дамыту.



б) тәрбиелік: басқа ұлт өкілдерінің шығармаларын өз дәрежесінде бағалай білуге, музыка арқылы достықты нығайтуға, музыкалық шығарманы түсіне біліп, әсерлі орындай білуге тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: композитор суреттерінен буклеттер, үнтаспалар;

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру: оқушылардың сабаққа қатысымын, үлгерімін қадағалау, жаңа сабаққа назарын аудару;

  2. Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақтардан пысықтау сұрақтары

Жаңа сабақ барысы:

Людвиг ван Бетховен - немістің ұлы композиторы, дирижері және пианисі, үш Вена классиктерінің бірі.

Бетховен өмірі мен шығармаларын 3 кезеңге бөліп қарастырайық

  1. Балалық шақ кезеңі





Людвиг ван Бетховен 1770 жылдың желтоқсанында Германияның Бонн қаласында дүниге келді. Иоганн ван Бетховен - Людвигтің әкесі - капеллада қызмет етті. Әнші, скрипкашы, клавесинист, ол қабілетті музыкант болғанымен алкогольға құмарлық Людвигтық өміріне ауыр зиян келтірді. Бетховенның ерте көрінген музыкалық дарынына әкесі жаңа табыс көзіне секілді қарады

Кейбір мағлұматтарға жүгінсек, 1778 жылы Бетховенның алғашқы қауымдық концерты өтті.

Христиан Готлоб Нефе Бонндық капелланың жаңа директоры болып келді. Өз заманының сергек музыканты, көкірегі ашық, дана, алдыңғы қатарлы адам, Нефе Бетховенның ұстазына айналды. Нефеның арқасында 1782 жылы Бетховенның алғашқы туындылары: маршы тақырыбына вариациялар, үш фортепианолық соната, басылып шықты. 13 жастан бастап ол жанұясын қаржыландырушыға айналады. Органшы-Нефеның көмекшісі, сараймаңылық капелланың альтшысы болып қызмет жасайды. Сол кезде Бетховен қала интеллигенциясымен араласып атаққа ие болады. Бірақ провинциялық өмірден жалығып ол 1787 жылы Венаға аттанады. Онда Бетховен Моцартпен кездесіп «Свадьба Фигароның» авторын өзінің импровизациясымен таң қалдырады. Кенеттен шешесі ауырып қалып Бетховен туған қаласына оралуға мәжбүр болады. Анасының өмірден өткенінен кейін әкесі рухани әлсіреп, төмендеген Бетховен кіші інілеріне қамқоршы болады. 1792 жылы Йозеф Гайдн Боннға келгенде, жас композитордың (50 шақты шығарма: фортепианоға арналған кішігірім пьесалар, үш соната, түрлі құрамдық ансамбльдер, екі кантата, кішігірім балет) шығармаларына сүйсініп Бетховенды Венаға шақырады.

Бонндық кезең Бетховенның идеялық-көркемдік қалыптасунды маңызды рөл атқарды деуге болады. 1792 жылдың күзінде беховен жастықпен қоштасып Венаға бет алады. Венада өткен алғашқы бірнеше жыл Бетховен өміріндегі ең бақытты шақ болған. Бетховен-пианисттың тамсандырарлық сәті Бетховен-композиторға сара жол ашты. Алайда өз шығармаларын басып шығарар алдында Бетховен Гайдн, Альбрехтсбергер, Сальериден дәріс алып, теориялық білімдерін тексеріп толықтырып алған. Бетховен пианист және импровизатор ретінде Венаның өнерпаздары арасында көзге түсті.

Қиын өзінің өнерінің мәдениет әлемінде орын іздеу жылдары Бетховен үлкен қасіретке душар болып қалады, ол естімейді. Музыкант қайғысына адам қиыншылығы қосылады, ол жас, зиялы қауымның қызы Джульетта Гвиччардиді сүйеді. Заманының заңғар тұлғасы, музыка тарихындағы ұлы әрі қайталанбас композитор Бетховеннің "Ай сонатасы"деген атқа ие болған шығармасы Джульетта Гвиччарди бойжеткенге арналған. Қыз жас композитордың жүрегін жаулап алады да, артынан сатқындық жасау арқылы ондырмастай етіп көңілін қалдырады.

  1. Кемелдену кезеңі (1803-1812)

Бұл жылдары Бетховен бесінші симфонияның және «Аппасионата» сонатасының жобасы жасалды, «Қаһаямандық» симфониясын және«Аврораны» аяқтап жатқанда «Фиделио» операсымен жұмыс жасайды, кейінірек төртінші симфоияны жаза бастайды. Сөйтіп керемет жігерлі шығармашылық ізденістерде болады. Осы өмір кезеңінде скрипкаға арналған концертін жазады, алтыншы симфония, «Кориолан» увертюрасы, фортепиано, хор, және оркестрге арналған фантазия жарыққа келеді. Үшінші симфония Наолеонға арналған еді, бірақ ол өзін император деп жариялаған соң Бетховенның көзінде түсіп, өзінің туындысын композитор «Eroica», яғни Қаһармандық деп атады. Идеясының бұрын болып көрмеген батылдығына, формалар мен музыкалық мәнерлеу әдістеріне қарай бұл симфония шынымен де революциялық акт болды. Осы шығарма алдағы симфонизмге кең өріс ашты, бұл туындыдан бастап әлем симфонизмінде жаңа эра басталды. Үшінші симфониядан кейін композитор «Фиделио» операсын жазуға кірісіп кетеді.

«Фиделио» - Бетховенның жалғыз операсы. Сахналық жанрларда, және опералық формаларда Бетховен симфонияларда ұрандаған тираниямен күресу және еркіндікке құштарлық идеяларын ашады. Бұл операға француз драматургы Буйидың либреттосын алды. Онда идеалды махаббат пен отбасы беріктігі басты құндылықтар болып табылады.«Фиделионы» жазу жұмысы 1803 жылдық соңына жатады, ал 1805 жылдың күзінде опера «Фиделио» веналық театрдың сазнасында қойылды. Қоғамдағы жағдай пераның сәтсіз қойылуына ықпал етеді. Тек 1814 жылда Венада қайта қойылған «Фиделио» ыстық ықыласқа бөленді. Сәл уақыттан кейін опера Прагада және Берлинде орындалды.













  1. Өмірі мен шығармашылығының соңғы кезеңі.

Өмірінің соңғы жылдары. Композитордың соңғы жылдары өте қиын және қайғылы болды. Оны сол уақыттағы саяси жағдай шаршатып, өзін жалғыз сезінді. Ұлы композитор ештеңе естімеді.Бетховенның материалдық жағдайы бұрынғыдай нашар болып қала береді.

Бетховенның бөлесі композитордың қамқорында еді. Оны тірбиелеуге енді үлкен қиыншылықпен табылатын қаржының барлығы кетіп отырады. Ұлы композитор 1827 жылдың 26 науырызында бірнеше ай ауырған соң өмірден өтті.





Ашық сабақ. Тақырыбы Л.В.Бетховен өмірі мен шығармашылығы Ашық сабақ. Тақырыбы Л.В.Бетховен өмірі мен шығармашылығы

Дамыту: Оқушылар Л.В. Бетховен шығармаларын үнтаспадан тыңдап, ажыратады.

Бекіту: Семантикалық карта

  1. Л.В.Бетховен өмірі мен өскен ортасы?

  2. Композитордың негізгі шығармашылығы?

  3. «К Элизе» атты шығармасы кімге арналған?

  4. Инструменталдық шығармалары?

  5. Композитордың өмірінің соңғы жылдары?

Қорытынды: Бетховен- бұл әлем мәдениетінің ең ірі құбылыстардың бірі. Ол музыкалық классицизм заманын аяқтап, келешек ғасырға жол ашты. Оның музыкасы замандастары мен кейінгі ұрпақтар жазғанның бәрінен жоғары тұр, кейде кейінгі уақыттың іздеулерімен үндеседі.

Үйге тапсырма: Л.В.Бетховен өмірі мен шығармашылығын оқу, композитор өмірінен мәнжазба жазу;

Бағалау: оқушыларды бағалау

































































  • Ашық сабақ. Тақырыбы Л.В.Бетховен өмірі мен шығармашылығыЖез қоңырау сыңғыры

  • Ашық сабақ. Тақырыбы Л.В.Бетховен өмірі мен шығармашылығыБастауыш сынып оқушыларына арналған портфолиосының мұқаба суреттер

  • Ашық сабақ. Тақырыбы Л.В.Бетховен өмірі мен шығармашылығыСарматтардың шаруашылығы және тұрмысы

  • Ашық сабақ. Тақырыбы Л.В.Бетховен өмірі мен шығармашылығыЕртегіні тауып айт

  • Ашық сабақ. Тақырыбы Л.В.Бетховен өмірі мен шығармашылығыБалабақша бүлдіршіндеріне арналған қимылды ойындар

  • Ашық сабақ. Тақырыбы Л.В.Бетховен өмірі мен шығармашылығы1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ойын-сауық "Жаздың хикаялары"

  • Ашық сабақ. Тақырыбы Л.В.Бетховен өмірі мен шығармашылығыЕртеңгілік жаттығулар карточкалары

  • Ашық сабақ. Тақырыбы Л.В.Бетховен өмірі мен шығармашылығыДидактикалық ойын "Өнімді жина"

  • Ашық сабақ. Тақырыбы Л.В.Бетховен өмірі мен шығармашылығыОндықтарды қосу және азайту</</p>





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал