7


  • Учителю
  • Қазақ музыкасының дамуы музыка мектебі

Қазақ музыкасының дамуы музыка мектебі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың тақырыбы: «Қазақ музыкасының дамуы»

«Егер бір елдің қалай басқарылып

отырғандығын,халқының үлгі тұтар

өнегесінің қандай екендігін білгің келсе

сол халықтың музыкасына құлақ түр».

Қазақстан жерінде ғылымның басқа салаларымен қоса музыка өнерінің де мейлінше өркен жайғандығын тарихи деректерден білеміз.Халқымыздың әр кезеңде басынан өткізген ауыр тарихи жағдайларға, нота баспасының жоқтығына қарамастан халық музыкасы асыл мұра ретінде қастерленіп ұрпақтан- ұрпаққа табыс етіле отырып ,бүгінгі дәуірімізге дамып келіп жетті. Тарих талқысынан сүрінбей өтіп, бізге жеткен халық ән -күй мұрасы қазіргі таңда музыка мәдениетінің алтын қорына айналды. Академик Б. Асафьев бірде өз мақаласында қазақ музыкасына жоғары баға беріп, <Адамгершіліктің көркем бейнесін айнытпай бейнелейтін қазақтың орасан бай мелодиясы әрқашан жасаңғырап тұратын шат-шадыман өміршеңдігімен халық психологиясындағы терең философиялық синтез, адамгершіліктің аса жоғары қарым-қатынасы іспетті әсер береді >, деп жазды . Қазақ музыкасы халық тарихының құрамдас бір бөлігі халқымыздың әр дәуірде басынан өткізген қайғы - қасірет, қуаныш - сүйінішінің көзі тірі жанды айғағы. Осындай халықтың рухани асыл мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеп, халқымызға эстетикалық тәрбие беруде рухани кәдеге жарату бүгінгі музыка зерттейтін замандастарымыздың халық мәдениетін өркендету жолындағы қасиетті борышы. Бүгінгі Қазақстанның келбеті ондағы мәдени өзгерістерді айғақтайтын айқын дәлел. Республикамызда музыка өнерінің үрдісті өркен жаюы халық көксеген арман - тілектің толық орындалғаны және бұл жүзеге асқан ұлт саясатының тарихи жеңісі болып табылыды. Қазақ музыка мәдениетінің бүгінгі денгейі, оның жетістігі ең алдымен ұлттық музыканың қайнар көзімен терең байланысымен, бүгінгі заманның алдыңғы қатарлы идеяларымен қаруланған көп ұлттық халық музыкасының озық үлгілерімен айқындалады. Осы негізінде Қазақстан композиторлары өздерінің шеберліктерін жетілдіре түсіп, халық өмірінің музыкалық шежіресін жасауда осыған орай қазақ музыкасы жанырларының қалыптастыру жолдарында музыканың бейнелегіш әдістері мен жаңа үлгілерін әрқашан да бүгінгі күн талабына үйлестіріп келе жатқандығына көз жеткізу қиын емес. Қазақ халқының ән - күйлерінің жалпы музыкалық шығармаларының орны өзгеше. Халық музыкасының асқақ үні, жойқын қуаты, сиқырлы күші де ең алдымен оның халықтығында. Халық музыкасы деп аталатын ән - күйлердің барлығының да сонау бір замандарда бас иесі, бүгінгі тілмен айтқанда оларды шығарған авторы болғаны да аян. Ән - күйлердің ауыздан - ауызға тарап, жалпақ елді еркін шарлап , шарықтап кетуіне сондай -ақ арада шамадан тыс көп уақыттар өтуін байланысты авторлардың ат - есімдері ұмытылған да, асыл туындылары санаға сіңіп, сарқылмас қазына ретінде сақтала берген. Қадір қасиеті мен өзгеше орны, өміршеңдігі дәлелдей беруді қажет етпейтін халық музыкасының бүгінде біздің баға жетпес байлығымыз, жарқылдаған жаһұтымыз шын мәніндегі ұлттық мақтанышымыздың бірі болып отырғандығы зор қуаныш, биік мәртебе. Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан ауыз әдебиетін, аңыз - ертегілерін, әндері мен күйлерін ақындар мен жыраулар, әншілер мен күйшілер асыл мұра ретінде ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, көзінің қарашығындай сақтап келген халық өзінің көкейіндегі сыры мен арманын, қуанышы мен күйінішін сол ғажайып ән мен күй арқылы толғайтын болған. Оларды халыққа әртүрлі музыкалық аспаптар арқылы жеткізіп дамыта түскен. Осы төл өнеріміз ұрпақтар эстафетасы арқылы біздің заманға келіп жетті. Қазақ музыкасы бүгінгі таңда заманына қарай дамып, жетіліп аспаптарда орыдаушылық шеберліктерімен әлемнің түкпір - түкпіріне таралып танылып келеді.









А.Байқыдыров атындағы саз мектебінің қобыз сыныбының оқытушысы: Нугыспанова Нурсагат Нурслямовна







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал