7


  • Учителю
  • Разработка сценария фестиваля две звезды

Разработка сценария фестиваля две звезды

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қос Жұлдыз» фестивалі сценариі


1 жүргізуші:
Армысыздар, ағайын, құрбы - құрдас,
Бармысыздар, ән сүйер әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық.
2 жүргізуші:
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар, жадыраған жас достар.
Бүгінгі «Қос Жұлдыз» фестиваліне қош келдіңіздер.
1 жүргізуші:
Осы кезеңге 6 жұп бастауыш мұғалімдері бір-бір шәкірт әншілерімен жолдама алған болатын, соларға жолдарыңыз ақ болсын демекпіз. Бұл фестивальдың негізгі мақсаты ол мұғалім мен оқушының қарым-қатынас үндестігі болып табылады. Әділқазы алқалары өзімізге таныс төрешілер. Олар.Мектеп басшысы Ерлан ағай, музыка пәні мұғалімі Маржанкүл апай, мектеп директорының оқу жөніндегі меңегерушісі Ляззат апай, тәрбие жөніндегі орынбасары Гүлияр апай және «Таңғы Жұлдыз»байқауының жеңімпазы 8сынып оқушысы Мадина Валиева, «Нұрлы Жұлдыз»байқауының жеңімпазы 11сынып оқушысы Арман Мулжигитов.Ал енді кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2 жүргізуші:
Ән де, күй де еріккеннің ермегі емес, адам жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы - мұң. Әсем әуезді ән - адам өмірінің тамаша бейнесі. Ендеше алғашқы жас өренімізге жол береміз. Ортада Самал апай мен Индираны « Әжем айтқан ертегі» әнімен, қошеметтеп қарсы алайық.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан - демекші, Самал апай, сіздер бірінші болып сахнаға шықтыңыздар, қандай сезімде болдыңыздар.
- Бұл ән маған ұнады, ал сізге ше Ерлан ағай?

1сынып қос жұлдызының жан күйерлері «Таң шолпан»бишілерін қарсы алайық.

1 жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті .Салтанат апай мен Айзаданың орындауындағы «Қошақаным қайда екен» әніне береміз.
-Бәрекелді, сіздер әндеріңді тамаша орындадыңыздар! Біз сіздерге тек сәттілік тілейміз! Салтанат апай балалық шағына оралғандай сезімде болды деп ойлаймыз.
- Ал төрешілер сіздер не дейсіздер?

2сынып сіздерді қолдауға «Айгөлек»бишілері келді солардың билерін тамашалайық
2 жүргізуші:

Би десе барын салатын,
Құмары содан қанатын.
Биле, кәне, достарым,
Кезекті сізге жолдадым - деп келесі кезекті Күлзайра апаймен мен Индираның орындауындағы « Шәмші әндерінен-Попури »тыңдалық.

Бәрекелді осындай апайларымыздан өнеге алу керек.

Сіздерді 3сынып «Балапан»бишілері қолдайды тамашалайық.

1 жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ
Ел намысын қорғамақ,
Ману апай мен Аружан шықсын ортаға,қане, қошеметтеп қояйық ағайын!.
Аружан, өнерде жолың ақ болсын! Тамаша орындадыңдар, ал, сіздерді қолдауға «Гүлдер»бишілері келді тамашалайық.

1 жүргізуші:
Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы фестивалімізді одан әрі жалғастыралық.
Сән - салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
. Бұл мереке, бұл тойға,
Ән мен шашу шашайық - деп, ең кішкентай шағын орталық сыныбының әншілері Бибігүл апай мен Айдананың орындауындағы « Айгөлек» әнін қабыл алыңыздар!

1 жүргізуші. Әндер - әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлем,
Көктем келсе гүл боп елге,
Мен де бірге түрленем, - деп мектеп алды сыныбына кезек берелік олар Балгүл апай мен Айзаданың орындауындағы «Туган жер » әніне кезек береміз.
2 жүргізуші:
Уа, жараңдар, жараңдар.
Бәрің бермен қараңдар.
Бишілер кеп қалыпты,
Бір сәт зейін салайық - деп келесі кезегімізді осы екі сыныптың жанкүйерлері «Қарлығаш »бишілеріне береміз. Қошеметтеп қарсы алайық!
Жарайсыңдар, балалар, тамаша билеп шықтыңдар. Ал, Маржанкүл апай, бұл би сізге ұнады ма?
1жүргізуші:
Осымен «Қос Жұлдыз» фестивалі өз мәресіне жетті.
Күнде жиын бола бермес дәл осындай,
Күн сайын өзгереміз, өркендейміз.
Ұл - қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділқазы қонаққа сөз береміз.
Сын - шын, бағалау әділетті болсын! Жеңіске жеткен жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Бірге: Көріскенше күн жақсы болсын!!!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал