7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары А.Жұбанов Ақ көгершін (3 сынып)

Сабақ жоспары А.Жұбанов Ақ көгершін (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

3 сынып

Сабақтың тақырыбы: А. Жұбановтың «Ақ көгершін» әні

Сабақтың мақсаты: Білімділік: А. Жұбановтың өмірі мен әндерінің байланысын ашу. А. Жұбанов туралы деректерді кеңірек түсініп, ұғынуға дағдыландыру. «Ақ көгершін» әнін тыңдату арқылы оқушылардың ой - қиялының ұшқырлығын дамыту.

Тәрбиелік: Музыка және бейнелеу өнері арқылы әсемдікті, сұлулықты сезіне білетін, ішкі рухани дүниесі бай жеке тұлға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Домбырада ән-күй ойнаудағы шеберліктерін шыңдау, қазақтың ою - өрнегі «Орта табақ» нақышына келтіріп,әдемі салуды үйрену.

Сабақ түрі: Кірістірілген сабақ

Көрнекілік: Домбыра аспабы, ән таспа, беинеслайд, көрнекі плакаттар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Ою- өрнек қию

VI. Домбырада «Жар-жар» әнін үйрену

I. Сәлемдесу (әнмен) .Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру ( бейнеслайд). Бүгінгі сабағымызда Ахмет Жұбанов туралы оқыған білгенімізді есімізге түсіріп алдын ала дайындаған тест сұрақтарына жауап берейік.

II. Тест

1.А. Жұбанов қай жылы дүниеге келді?

А) 1925 Б) 1906* С) 1931

2.Құрманғазы оркестірін құрған және көркемдік жетекшісі кім?

А) Н.Тілендиев Б) А.Жұбанов* С) Ш. Қалдаяқов

3. А. Жұбановтың әні:

А) «Еркем-ай» Б) «Ақ көгершін»* С) «Сәулем-ай»

4. Оркестрді кім басқарады?

А) Дирижер* Б) Композитор С) Концертмейстер

5. Ерте жаста қандай аспапта ойнауды үйренді?

А) жетіген Б) скрипка* С) қобыз

А. Жұбанов Қазақстандағы кәсіби музыканың ірге тасын қалаушылардың бірі.

Ал,балалар, Ахмет атамыздың құстарға арнап шығарған қандай шығармаларын білесіңдер? Оқушылар жауабы: «Ақ көгершін», «Қарлығаш».

Қазақ халқы аққуды аялап, қастерлейді. Аққу - ең сұлу құстардың бірі.

Аққуды атпаған, етін жемеген. Ал Европалықтар үшін ақ көгершін хабар әкелетін жаршы құс. Адамдар қасиетті құс санаған. Европалықтар үшін Ақ көгершін адалдықтың, тазалықтың, беибіт өмірдің белгісі. А. Жұбанов Европалық үлгіде ең алғаш қазақ әндерін жазған. Сондай әнінің бірі «Ақ Көгершін» (әнді таспада тыңдап әннің әуенін, ырғағын ажыратады).

III. Тақтаға салынған ою- өрнекті түрлі - түсті қағазға салып қию «Орта табақ»

(түрлі - түсті қағаз, қайшы)

Сергіту сәті : Қолымызды билетіп, қошқар мүйіз жасайық,

Енді сәл - сәл сілкіллеп ,шапалақтап соғайық.

Домбыраны қолға алып әдемілеп ойнайық,

Көтерінкі көңілмен, ән мен жырға салайық.(Еркем-ай әніне)

VI. Домбырада «Жар - жар» әні

«Салкүрең» халық күйі, «Сәулем-ай» халық әні

Қорытынды.

Балалар,біз бүгін сабағымызда А. Жұбанов әлеміне саяхат жасадық .Қандай

әсер алдыңдар?(Оқушылар жауабы)

Үй тапсырма:

А. Жұбановтың әнін жаттау, домбырада «Жар-жар» әнін ойнап келу.

5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мұхамеджан мен Қуаныштың айтысы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазіргі заман айтысымен танысу. Айтыс өлеңдерінің мәнін тереңінен ашып түсініп, ұғына білу. Өлең құрап үйрену.

Дамытушылық: Домбырада күй орындаудағы шеберліктерін шыңдау.

Тәрбиелік: Айтыс өлеңдерінің мәні мен маңызына терең бойлау.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Ұйымдастыру формасы: топпен

Көрнекілік: Беинеслайд, домбыра.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа тақырып

3. Домбыра үйрену

1. Ассалаумағалейкум, ұландарым!

Биікке самғап ұшар қырандарым.

Иіліп сәлем берді ұландарың,

Биікке самғап ұшар қырандарың.

Әрдайым домбыраны қалға алып,

Тербетер ән мен жырға ұл - қыздарың.( айтыс әуенімен)

2. Балалар, бүгінгі жаңа сабағымызда белгілі айтыс ақындары Мұхамеджан Тазабеков пен Қуаныш Мақсұтовтың айтысымен танысамыз. Сабақты бастамас бұрын 3 топқа бөлінейік. Әр топқа бүгінгі тақырыбымызға байланысты тапсырмалар беріледі.

Тапсырмалар

1-топқа: а) Айтыстың түрі, ерекшелігі.

ә) Тақырыбы, идеясы.

б) Өлең құрастыру (1,2 жолды құрастыру)

2-топқа: а) Өлеңнің құрылысы.

ә) Ақындардың тілі, сөздігі.

б) Өлең құрастыру ( 2,3 жолын құрастыру)

3-топқа: а) Өмірдерек.

ә) Ақындарға тән қасиеттер.

б) Өлең құрастыру (3 жолын құрастыру)

Әр топқа тапсырмалар таратылып 10 минут уақыт беріледі . Дайын болғаннан кейін түсіндіріп айтып береді. Құраған өлеңдерін домбыраман айтыс әуеніне

салып айтады. Мұғалімнің жауаптарымен сәйкес келеме тексеріледі.









Сабақ жоспары А.Жұбанов Ақ көгершін (3 сынып)





3. Домбыра үйрену: Халық күйі «Кеңесті» үйренуді жалғастыру.

Күй «Балбырауын» Құрманғазы, «Шынаяқ» Қазанғап,

«Ақ сиса» Жаяу Мұса,

Қорытынды: Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?( оқушылар жауабы)

Үй тапсырмасы: «Кеңес»күйін толықтырып ойнап келу.

5 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Қысқа қағыспа айтыс»

Сабақтың мақсаты: Айтыстың жаңа түрімен танысу. Айтыс өлеңдерінің мәнін тереңінен ашып түсініп, ұғына білу. Өлең құрап үйрену.

Дамытушылық: Домбырада күй орындушылық шеберліктерін шыңдау, дамыту.

Тәрбиелік:Айтыс өлеңдерінің мән-мағынасына терең бойлап, өнеге алу.

I.Ұйымдастыру:

Мұғалім: Ассалаумағалейкум, ұландарым!

Биікке самғап ұшар қырандарым.

Оқушы: Иіліп сәлем берді ұландарың,

Биікке самғап ұшар қырандарың.

Әрдайым домбыраны қолға алып,

Тербетер ән мен жырға ұл-қыздарың.

II.Ал, балалар, өткен сабақта айтыс түрлерімен танысқан болатынбыз. Тақтаға көңіл аударайық. Берілген өлең шумақтар арқылы айтыстың қай түріне жататындығын анықтаңдар.

1. Атыңды шешең сүйіп қойған еркін,

Той болса түзетесің кәмшат бөркің.

2. Тұманда адасушы ем із болмаса,

Асқан асың татымас тұз болмаса.

3. Бақа қызын беріпті көбелекке,

Қара шыбын жүріпті жеңгелікке.

4. Нұржаным, білдірейін сізге тағы,

Құс көрдім өзі жансыз бір аяғы.

5. Байлардың жейтін асы - жая мен жал,

Шығады нақ кедейден осындай сал.

III. Бұл өлең жолдары бізге таныс па?( жоқ)

Осы айтыстың түрі сабағымыздың тақырыбы Қысқа қағыспа айтыс.(5)

Біржан сал жолаушылап бір кедей адамның үйіне кездеседі. Сол үйдің қызы қатықсыз қара көже құйып берсе, Біржан ернін ғана тигізіп қайтарады.

Сонда қыз: -Байлардың жейтін асы - жая мен жал,

Шығады нақ кедейден осындай сал.

Қыс аяғы шаруаға қиын болды,

Көжеге кекіреймей ерніңді мал!- деген екен.

Біржан: -Атанғам ақындықпен Біржан сері,

Серінің күнде думан жүрген жері.

Қарындасым, ағаңа сөзің өтті,

Көжеңді басып-басып әкел бері,- деген екен.

Бұл айтыс XIX ғасырда шығарылғандықтан, мұндағы кейбір сөздер ескіріп, қолданыстан шығуы мүмкін. Сол себептен мағынасы түсініксіз сөздермен танысып алайық. Өлең жолдарындағы асты сызылған сөздерге көңіл бөліңдер.

Енді сөздікке тақтаға қарайық

Сөздік: 1. Жая - жылқының екі жамбас сүйегінің түйіскен тұсындағы

дәмді, майлы еті.

2. Жал - жылқының, құланның жал майы.

3. Нақ - нағыз.

4. Сал - сәнді киініп, ерекшеленіп жүретін сері әнші, мырза.

5. Кекіреймей - бәлдену, бұлдану, тәкаппарлану.

( Адамның мінезі - құлқына байланысты айтылған сөз)

6. Басып - басып - құйып - құйып.

7. Қатықсыз - еті, майы жоқ.

Көрініс (Біржан мен қыздың айтысына)

Осы көріністін ақынға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар? (ұтқыр ой,

суырыпсалмалық, сөзге шешендік, шапшандық)

Осы өлең жолдарда не басым? (сын) Сыңның қандай түрлері бар?

Сабақ жоспары А.Жұбанов Ақ көгершін (3 сынып)Сабақ жоспары А.Жұбанов Ақ көгершін (3 сынып)



Сабақ жоспары А.Жұбанов Ақ көгершін (3 сынып)





Сонымен, балалар тақтаға шыққан сөздерді байланыстыра отырып, қысқа қағыспа айтыс дегеніміз не екенін айта аламыз ба?

  • Ақындардың аяқ астынан бір-бірімен сын - сықақпен ұтқыр жауаптасуы.

  • Біржан сал мен қыздың айтысын, айтыс әуеніне салып айту.

IV. Шығармашылық кезең.

Қыздар - ұлдар болып екі топқа бөлінейік.

Әр топқа тірек сөздер беріледі, осы сөздер арқылы сын, әзіл - қалжыңы

басым өлең құрастырып көрейік. Сіздерге берілетін уақыт 5 минут.

Қыздар: Есепті_________________есектейсің,

Қосуды________________есептейсің.

Доп___________________жүгіріп-ап,

Сабақтан______________сезінбейсің.

Ұлдар-ау______________бұлданасың,

Ермін деп_____________ мақтанасың.

Тәкаппар______________ түзететін,

Шартымнан___________ құтылмайсың.





Ұлдар: Қыздар-ау____________ майысасың,

Сымпылдап___________сын айтасың.

Біліммен _____________ ойламайсың,

Түлкідей_____________ бұлаңдайсың.

Қыздар - ау,__________ күш саласың,

_________ келмейтінін байқамайсың.

Сын айтып ___________ шаршағанша,

___________ түзетуге тырыспайсың.



Тамаша, керемет, жарайсыңдар! Ақын болуға лайық екенсіңдер.

Осы өлең жолдар арқылы не айттыңдар? ( сын, қалжың, сықақ, кекесін)

Сонымен, қысқа қағыспа айтыс дегеніміз не? (анықтамасын айту)

V. Сабағымыздың II бөліміне көшейік. Құрманғазының күйі «Балбырауын» саға буынын үйрену. Күйді үйреніп болған соң, Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әні, Халық күйі «Келіншек», Қалық әні «Қалаулым» нақышына келтіріп ойнау.

Қасиетті домбырамның үні бар,

Құдіретті әсем әннің үні бар.

Мәңгілікке мұра болар ұрпаққа,

Бұл өнердің өнегелі нұры бар.

Ән «Нұр шашқан - Мұрагерім»

Өлеңін жазған: Дүйсенбина Г. А.

Асылбекова Н.Қ.

Әнін жазған: Асылбекова Н.Қ.

VI. Сабаққа белсене қатысқандарың үшін «5» деген бағамен бағалаймын.

Сабағымыз аяқталды , сау болыңдар.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал