7


  • Учителю
  • Музыка пәні тақырыбы: Дархан даланың үні сыбызғы

Музыка пәні тақырыбы: Дархан даланың үні сыбызғы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «қазақстан жалауы» атты ән орындалады (оқушылар екі екіден қол ұстасып кіреді)-Сәлеметсіздерме, балалар! Көңіл күйлеріңіз қалай? Демалыс күндерін қалай өтті? Бүгінгі музыка сабағын мен жүргіземін. Менің атым жөнім Айгерім Макаршарифқызы. Сабақты мынандай өлең жолдарын
предварительный просмотр материала

Күні:12.11.13ж

Сыныбы:1 «А»

Пән: музыка

Тақырып: Дархан даланың үні - сыбызғы

Мақсаты:

1)Оқушыларға ұлттық аспап- сыбызғымен таныстыру. Аспаптың дыбыс тембрін ажыратуға үйрету. Оның ерекшеліктерімен, дыбыс бояуымен таныстыру. Ән айту, музыка тыңдау ережелерін сақтауға баулу.
2) Оқушылардың есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, олардың ой-өрістерін жан-жақты дамыту.

3)Оқушыларды тәртіптілікке, ұқыптылыққа,сауаттылыққа, ұлттық аспаптарды құрметтеуге, жан - жақты эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, саяхат, ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрнекілік, музыка тыңдау, ән орындау

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, сурет

Көрнекілігі: сыбызғы аспабы, оның суреттері, видеоролик

Сабақ кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық


Жаңа сабақ

Сегіту сәті


Ән үйрету

Бекіту


Үй тапсырмасын беру


Қорытынды


«қазақстан жалауы» атты ән орындалады (оқушылар екі екіден қол ұстасып кіреді)

-Сәлеметсіздерме, балалар! Көңіл күйлеріңіз қалай? Демалыс күндерін қалай өтті? Бүгінгі музыка сабағын мен жүргіземін. Менің атым жөнім Айгерім Макаршарифқызы.


Сабақты мынандай өлең жолдарынан бастайын:

Ал қанекей, балалар,

Сәлемдесіп алайық

Сабағымызға керекті

Кітап-дәптер алайық

Дауысымызды жаттықтырып

Ән сабағын бастайық.

-балалар, жаңа сендер қандай өлеңмен кірдіңдер? Қандай әсер алдыңдар? Көңілдерін көтерілдіме? Несімен ұнады?


-Ал енді, балалар қазір біз саяхатқа шығамыз. Жалпы сендер саяхаттағанды ұнатасындар ма? Немен саяхатқа шығасыңдар?

-иә балалар дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз бүгін поездбен шығамыз. Қанекей балалар поездын дауысын салып көрейік. Ең алдымен мен сендерді 3 топқа бөлем:

1-топ(1қатар)- ақырын айтасыңдар

2-топ(2қатар)-орташа темппен

3-топ(3қатар)-тез-тез айтасыңдар

-бәрекелді балалар, біз «сыбызғы» аялдамасынада келдік. Ендеше ноутбукка назар аударайық. (сыбызғы жайлы видеоролик көрсету 4,30мин)

-мына виеороликте не жайлы айтты? Жалпы сыбызғы аспабын көрген оқушылар бар ма? Немесе әуенін естіген оқушылар бар ма?

Міне балаллар мынау сыбызғы аспабы.(көрсету)

Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Сыбызғы- қурайдан, ағаш, мыстан, кейде жезден, шыбықтан немесе басқа да сондай ағаштан жасалады(тақтадан суреттерін көрсету)

-ендеше бәріміз сыбызғының үнін тыңдайық. Ол үшін назарларың ноутбукта болсын(видеоролик 3мин)

-сонымен, балалар, біз жаңа қандай ұлттық аспап туралы айттық? Неге сыбызғыны үрмелі аспап дейді екенбіз? Сыбызғы не ден жасалады? Дауысы қалай шығады? Неге ұқсайды?


-балалар, біздің поезд шаршады. Ендеше бәріміз шығып бір сергіп алайық, қанекей орнымыздан тұрайық.

«елочка» 1минут

-жарайсыңдар!! Балалар біздің поезд жүрейін деп жатыр, қанекей тез тез орындарымызға отырайық.

Ал енді біздің келесі аялдамамыз «ән үйренейік» деп аталады. Ең алдымен дауысымызды жаттықтырып алайық.(ли-ли-ли) отыру ережсін сақтау. (қолымыз аяғымыздың үстінде денеміз тік)

Сөздер таратып беру, өзім мәнерлеп оқып берем, плюсовкасын тыңдаттыру. Сосын бирге айту.(«жас дәуірдің түлегіміз» Нүсіпбаев)

-бұл ән не жайлы, қалай ойлайсыңдар? Көңілді ән бе?


Келесі аялдама «тыңдаушы» деп аталады екен. Қалай ойлайсыңдар бұл аялдамада біз не істейміз?

-дұрыс айтасыңдар, қазір біз тыңдаушы боламыз. Қанекей ән тыңдағанда қалай отыру керекпіз. (отыру ережесін уйрету немесе көрсету, көздерін жұмып, қолдары парта үстінде)

«қазақ сыбызғысы» әнін тыңдату.


  • Көз алдарыңа не елестеді?

  • Қандай әуенде ойнады?


- үй жұмысына «жас дәуірдің түлегіміз» әнін жаттап келу.




- мінекей балалар, бізде үйге келдік. Айтыңдаршы бүгін біз қандай аялдамаларға бардық? Онда қандай тапсырмалар орындадық? жалпы бүгінгі саяхат ұнадыма?

Бүгінгі сабаққа жақсы қатысып отырған балаларға аздаған сыйлығым бар. Рахмет!!! Сабақ аяқталды сау болыңдар!!!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал