7


  • Учителю
  • ТСабақ тақырыбы: Қуыршақпен билейміз

ТСабақ тақырыбы: Қуыршақпен билейміз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шағын орталық I сәбилер «Қарлығаш» тобында ұйымдастырылған

оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

Өтілетін күні: Музыка жетекшісі: Мырзағалиев Сакен Амангелдиевич

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Музыка

Тақырыбы:«Қуыршақпен билейміз»

Мақсаты: Балалардың көңіл күйлерін көтеру.Әнді тыңдауға және әуенмен жеңіл қозғалуға, шеңбер бойымен тұруға, жүруге дағдыландыру.Қуыршақ арқылы балалардың музыкаға қызығушылығын, қабілетін арттыру. Ойыншық көмегімен қимыл-қозғалыс жасай білуге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ.

Әрекет

кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу ояту


Балалар мкзыка залына әуенмен кіреді.

Музыка жетекшісімен амандасады. Жеңіл музыка әуенімен жүгіреді, қолдарын жоғары көтеріп, қолды білезік буынынан қозғалтады. Әуенге ілесіп қимыл жасайды. Әуен тоқтағанда бірге тоқтау керек.

- Бүгін бізге қонаққа Ақмарал деген қуыршақ келіпті. Ақмарал сендерді күте-күте шаршап ұйықтап қалыпты.

Балалар музыка үніне ілесіп қадам жасайды. Амандасады. Жеңіл музыка үнімен аяқты жеңіл көтеріп жүреді. Қолдың басты буынынан бұрап қимыл жасайды. Қимылды әуенге ілесіп жасайды.

Іздену-

Ұйымдас

тыру

Қазір мен ән айтайын, сендер тыңдаңдар.

Ән:«Қуыршақпен билейміз».

«Ұйықтап жатыр дамылдап,

Әлди, әлди, әлди-ай» - деген жеріне келгенде дауысты бәсеңдетіп, балаларды да тыныштық сақтауға шақыру керек. Қуыршақ ұйқыдан оянып, би билей бастайды. Ән қайталанып айтылғанда қуыршақ орнына өздері билейді.

«Қол соғыңдар, балалар, ля- ля- ля», - деген жерінде қолдарын шапалақтауды ұсынады.

- Балалар, Ақмарал сендерді көңілді ойынға шақырып тұр.

Ойын: «Қуып жет».

Ақмаралды тәрбиеші көтеріп жүгіреді. Ойын керісінше қайталанады.

Балалар әнді ынтамен тыңдайды.

Қолдарын шапалақтайды.

Ойынды қызығушылықпен ойнады.


Рефлексті түзету


- Бүгін бізге кім қонаққа келді?

Ақмарал сендерге рахмет айтып отыр. Келесі жолы тағы да келіп, сендермен бірге ойнаймын деп отыр. Ақмаралмен қоштасайық, - деп қол бұлғап, балаларды шығарып салады.

Балалар жауап беруге тырысады.


Балалар қуыршақпен қоштасады.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: музыкамен тербетілуді, тыныштық сақтауды білуі керек.

Игерді: тыңдауды, қайталауды, қуыршақты ұстауды.

Меңгерді:музыка үнімен бірге ілесе қимылдар жасауды, музыка тоқтағанда бірге тоқтауды, қуып жетуді, қашуды





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал