7


Асыл әжем 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Атырау облысы

Атырау қаласы

М.Әуезов атындағы №7 орта мектеп

Музыка пәнінің мұғалімі:Сұлтанова Жібек Олжағалиқызы

Сыныбы:1

Тақырыбы: Асыл әжем
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Асыл әжем тақырыбы бойынша өтетін сөздерді сөйлеуде дұрыс пайдалана білу. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Тақырып төңірегінде сөйлей білу.
2. Тәрбиелік: Өз туған еліне, тұрған жеріне, сол арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, елді, жерді сүюге тәрбиелеу, табиғатты аялауға шақыру.
Мемлекеттік тілді үйренуге баулу.
3. Дамытушылық: . Естіп, тыңдап түсіну, әже ата туралы макал мәтел курау әрекеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс тәсілі: Модульдік технологиядағы өзара бақылау, оқыта үйрету ойындары, топтық жұмыс, қайталау,ән үйрену, сұрақ-жауап, түсіндіру,
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үнтаспа, доп, рөлдік ойындар.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
2. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
Өткен сабақтардағы Бесік жырын ән мен айту , жаңа сөздерді өзара тексеру, өзін-өзі бақылау тәсілдерін қолдану.
3. Жаңа сабақ

.Н Тілендиев «Әжеме» К.Куатбаев «Ақ Әжем» әнін үйрету.
Ойын. «Ата мен бала»
Жұптық жұмыс.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
- Ата, сәлеметсіз бе?
- Сәлемет пе,балам.
- Хәліңіз қалай?
- Жақсы,рақмет.
- Үйде кім бар?
- Үйде әжем бар.
- Әжең не істеп отыр?
- Әжем кітап оқып отыр.
- Ата, мен мектепке барамын.
- Бар, айналайын.

Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып,ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Әжем.
Мен әжемді сүйемін,
Киімді өзім киемін.
Ақылына көнемін,
Өлең айтып беремін.
Ойнап келсем, Күнім! Деп,
Қарсы алады күлімдеп.
Мен сабақты оқимын,
Әжем кілем тоқиды.
Сабақты қорытындылау кезеңі
- Балалар, бүгін сабақта не үйрендік, не түсіндік,қандай жаңа сөздермен таныстық?
Оқушылардың білімдерін бағалау
Үй тапсырмасы.
Ак әжем әнін жаттаймыз

- Балалар, сендермен сабақ өткізгенімнен өте жақсы әсер алдым!
- Сау болыңдар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал