7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Алғашқы кәсіби дирижер'

Ашық сабақ 'Алғашқы кәсіби дирижер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Алғашқы кәсіби дирижер.Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Эстетикалық және рухани ой-өрісі дамыған композиторды өзінің төл туындылары арқылы оқушыларға таныстыру; ә) тәрбиелік: Музыка өнерінің дамуы түп негізі ретінде халық музыкасына құрметпен қарауға
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы кәсіби дирижер.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Эстетикалық және рухани ой-өрісі дамыған композиторды өзінің төл туындылары арқылы оқушыларға таныстыру;

ә) тәрбиелік: Музыка өнерінің дамуы түп негізі ретінде халық музыкасына құрметпен қарауға тәрбиелеу;

б) дамытушылық: Оқушының ойшылдық, сөздің, музыканың суреттің мән - мағынасын тереңірек түсіну қасиетін дамыту.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Пайдаланылған көрнекіліктер: Күй табақ, баян, суреттер, ұлттық аспаптар макеті.

Өткізу әдісі: сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

1.Үй тапсырмасы.

2.Жаңа сабақ.

3.Жаңа ән үйрету.

4. Тыңдалатын пікірлер.

5.Қорытынды.

6.Үйге тапсырма.

7. Бағалау.

Өткен тақырыпты еске түсіріп халқымыздың күйшілік , аспаптық орындалуы туралы оқушыларға сұрақтар қойылады. Өткен ән мәтінін қайталайды. Ұстаз жаңа сабақ, ұжымдық орындау , хор, оркестр, ансамбль туралы түсініктер береді. Хорды, оркестрды, ансамбль топтарын басқаратын адам дирижер екенін айта келіп , дирижерлау тәсілімен таныстырады . Әннің екпінін , өлшемін, дәл орындау үшін әртүрлі дирижерлік орындау тәсілі болады. Негізгі екі үлестік үш үлестік және төрт үлестік қол бұлғау мен көрсету топтары жатады. Сызбаны көрсетіп дәптерге түсіруін ұсынады.

Ұстаз алғашқы кәсіби дирижер Ахмет Жұбанов туралы айтады , оның зерттеуші , ғалым композитор дирижер , күйші академик , шығармалары туралы айтады, жазған кітабының , жазған музыка шығармаларын аттарын жазып алуды ұсынады. Әр топтан ортаға шығып, дирижерлап үйренеді. Оқушылар бағалайлы, өз тобымен жұмыс жасайды. Дирижер , күйші, домбырашы Нұрғиса Тілендиев өмірі және шығармашылығымен танысамыз «Отырар сазы» фольклорлық - этнографиялық оркестрін ұйымдастырған , жетекшісі болған. Оқушылар осы композитордың жетістіктерін салыстырады. Ахмет Жұбановтың әні « Ақ көгершін» әнін орындаймыз. Нұрғиса Тілендиев « Отанның ұланымыз» мәтінімен танысып , әуенін тыңдаймыз. Осы композиторлар шығарған оркестрге арналған шығармасын тыңдап аспаптар дыбысын айырамыз. Құрманғазы атындағы оркестр орындауында «Сары арқа» , « Серпер», « Ата толғауы» күйлері тыңдалады.

Оқушылар сахнаға орналасады , жаттығу орындау.Өткен әндерді қайталау: «Жаса Қазақстан» , «Отан», «Көктудың желбіреуі », «Атамекен », «Әрқашан да », Л. Хамиди « Отан ».

Жаңа ән Н. Тілендиев, «Біз Отанның ұланымыз» мәтінін мәнерлеп оқып шығамыз, ән әуенін тыңдап мәтінін қосып орындаймыз. «Баян» аспабының сүйемелдеуімен нақышына келтіріп орындаймыз. Фонограмма сүйемелдеуімен орындау. Оқушылар орналасып сабақты қорытындылаймыз.Ұстаз сұрақтарына оқушылар жауап береді.Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма :

Дирижерлау тәсілдерін үйреніп . қолданып ән орындау.Марш тәріздес ән ырғағын қолданып жүріп үйрену. «Біз Отанның ұланымыз» әнінің мәтінін жаттау.Өткен әндерді қайталау. Құрманғазы күйі «Сарыарқа» сазымен қоштасып шығып кетеді.

Қолданылған құралдар мен әдебиеттер:

1.Журнал « Музыка әлемі»

2.А. Жұбанов күйлері күйтабағы.

3. Н. Тілендиев шығарма жинағы.

4.Оқулық: 4-класс «Музыка», 5-класс «Музыка»

Өткізген : Музыка пәнінің мұғалімі Космагулов А. С.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал