- Учителю
- Поурочный план по музыки на тему 'Жыраулардың хан-сұлтандарға айтқан кеңесі'
Поурочный план по музыки на тему 'Жыраулардың хан-сұлтандарға айтқан кеңесі'
Сабақтың тақырыбы: Ұйқас сөздер.
Мақсаты: Ақан серінің өмірінен сыр шертетін шығармаларымен таныстыру;
Білімділік:Ақан сері туралы жан-жақты мәлімет беру, шығармаларын таныстыру, насихаттау; әннің мазмұнын түсініп, сипатын ажырата білуге баулу, музыкалық сауаттарын тереңдете түсу;
Тәрбиелік:өз халқының салт-дәстүрін қадірлеуге, қызбойындағы нәзіктікті сезінуге,құрметтеуге, сыйлауға, инабаттылық пен ибалылыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық: музыкалық білімін тереңдету,шығармашылық бейімділігін, музыкалық қабілетін дамыту, әнді әдемі сезіммен орындауға дағдыландыру;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үнтаспа,баян аспабы;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: музыка тыңдау,ән айту, музыкалық сауаттылық, оқулықпен жұмыс, әңгімелеу,сұрақ-жауап т.б
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:
-
Музыкамен амандасу,оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын қадағалау;
-
Үй тапсырмасын тексеру: «Маңмаңгер»ән жатқа орындау, сұрақ-жауап;
Жаңа сабақ: Ақанның әні - «Балқадиша»
Ой қозғау,сурет бойынша әңгімелеу.
«Балқадиша» әнінің шығу тарихы.
Музыка тыңдау: «Балқадиша» Ақан сері.
Музыкалық теориялық талдау жасау
Жігіттер квартетінің бейне баянын тамашалау;
Дауысқа жаттығу: Гамма. Арпеджио.Дыбыс қатары.Октава.
Ән айту:«Сәулем-ай» халық әні
-
Әнді орындап көрсету;
-
Әуенін аспаппен үйрету;
-
Қосылып хормен орындау;
«Сәулем-ай»Венн диаграмма.
«Балқадиша»
Мақал-мәтел талдау.
Домбыра тарту: «Келіншек» халық күйі.
Сабақты қорытындылау:сұрақ-жауап;
Үйге тапсырма: «Сәулем-ай» әнінің сөзін жаттау;
Сабақтың тақырыбы: Жыраулардың хан-сұлтандарға айтқан кеңесі.Асанқайғы.
Мақсаты: Халқымыздың жыраулық дәстүрін кеңінен насихаттау, жыраулармен таныстыру;
Білімділік:дәстүрлі музыкалық білім беру, жыршы мен жыраудың айырмашылығын түсіндіру, Асанқайғы туралы мәлімет беру;
Тәрбиелік:өз халқының салт-дәстүрін қадірлеуге, ұлттық дәстүрлі музыкаға деген қызығушылығын ояту, өсиет терме-жырлардан тәрбие алуға үйрету,батырлыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық: музыкалық білімін тереңдету,шығармашылық бейімділігін, музыкалық қабілетін, ой өрісін, өз ойын жеткізе білу қабілетін дамыту, әнді әдемі сезіммен орындауға дағдыландыру;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үнтаспа,баян аспабы;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: музыка тыңдау,ән айту, музыкалық сауаттылық, оқулықпен жұмыс, әңгімелеу,сұрақ-жауап т.б
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:
-
Музыкамен амандасу,оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын қадағалау;
-
Үй тапсырмасын тексеру: «Ұстазым» ән жатқа орындау, сұрақ-жауап;
Жаңа сабақ: Жыраулардың хан-сұлтандарға айтқан кеңесі.Асанқайғы.
Ой қозғау,сурет бойынша әңгімелеу.
Музыка тыңдау: «Балқадиша» Ақан сері.
Музыкалық теориялық талдау жасау
Жігіттер квартетінің бейне баянын тамашалау;
Дауысқа жаттығу: Гамма. Арпеджио.Дыбыс қатары.Октава.
Ән айту:«Хан Абылай»
-
Әнді орындап көрсету;
-
Әуенін аспаппен үйрету;
-
Қосылып хормен орындау;
«Сәулем-ай»Венн диаграмма.
«Балқадиша»
Мақал-мәтел талдау.
Домбыра тарту: «Келіншек» халық күйі.
Сабақты қорытындылау:сұрақ-жауап;
Үйге тапсырма: «Сәулем-ай» әнінің сөзін жаттау;
Музыка 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Еуропаның атақты опера театры «Ла Скала»
Мақсаты:
• Еуропаның Ла Скала театрымен, оның мәдениетімен таныстыру.
• Музыка тыңдау арқылы оқушылардың есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
• Музыкаға қызығушылығы мен ынтасын ояту. Ән айту дағдыларын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Көрнекілік құралдары: үнтаспа, театрдың суреті
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: психологиялық тренинг, түсіндіру, сұрақ - жауап,
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Психологиялық тренинг:
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз.
Жүрегіміз саз әуенді қалаған.
Асыл өнер жанашыры біздерміз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Опералық театр тарихы туралы түсініктерін сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
"Ла Скала" театры - әлем мойындаған өнер ордасы
«Ла Скала» (италиян тілінде Teatro alla Scala или La Scala) - Милан қаласындағы опера театры. Театр ғимараты 1776 - 1778 жж. сәулетші Джузепе Пьермаринидің жобасымен Санта - Мария делла Скала шіркеуінің орнына салынған. 1778 жылы 3 тамызда театр Антонио Сальери «Признанная Европа» операсымен ашылды. 2001 жылы Ла - Скала қайта жөндеуге жабылып, барлық қойылымдар Арчимбольди театрына көшірілді. 2004 жылы қойылымдар есік ғимаратта жалғасты, Арчимбольди театры Ла - Скало театрымен тығыз байланыста.
ТарихыXVIII ғасырдың соңында XIX ғасырдың басында театр репертуарында итальян сазгерлері П. Анфосси, П. Гульельми, Д. Чимарозы, Л. Керубини, Дж. Паизиелло, С. Майра опералары болды.
Театр сахнасында Дж. Россинидің «Пробный камень» (1812), «Аврелиан в Пальмире» (1813), «Турок в Италии» (1814), «Сорока - воровка» (1817), Дж. Мейербераның «Маргарита Анжуйская» (1820), «Изгнанник из Гренады» (1822), Саверио Меркадантенің шығармаларының премьералары өтті.
1830 жылдан бастап театр репертуарында Г. Доницетти, В. Беллини, Дж. Верди, Дж. Пуччини шығармалары, сонымен қатар, «Пират» (1827) и «Норма» (1831) Беллини, «Лукреция Борджа» (1833) Доницетти, «Оберто» (1839), «Набукко» (1842), «Отелло» (1887) и «Фальстаф» (1893) Верди, «Мадам Баттерфляй» (1904) и «Турандот» Пуччини шығармалары енгізілді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде театр ойрандалып, 1946 жылы инженер Л. Секки қайта қалпына келтіріп, театр ашылды.
Ла Скала опера театры неоклассикалық стилдің үлгісі, ал ішкі жағы XVIII ғасырдың сәулет өнерінің эталоны болып табылады. Музыка, опера және балет өнеріне құмар жандар бұл театрды әлемнің жеті кереметінің бірі деп есептейді.
Ла Скала театрының концерттік маусымы желтоқсан - маусым аралығында өтеді. Күзде театрда симфониялық кештер өткізіледі. Маусым салтанатты түрде 7 желтоқсанда Милан жебеушісі Ардақты Амвросия күнінде ашылады.
Қойылымдарға билет алу өте қиын. Билет сату алдын ала интернет немесе арнайы тапсырыс беру арқылы өткізіледі.
Ақсүйек қауым өткен ғасырлардағыдай театрдағы ложаны қалайды. Саудагерлер мен қалталы американдықтар «Т аймағындағы» партерді таңдайды.
Ал нағыз өнерсүйер қауым жоғарғы қатардағы орындарға жайғасады. Себебі, дыбыс акустикасы жақсы естіледі. Білгірлерді атауынша, «C - point» атты арнай нүктеге қадалып, Мария Каллас өз даусының зор мүмкіндіктерін сол жаққа қарай бағыттайды.
Театр әкімшілігінің талабы бойынша премьералық қойылымдарға ер азаматтар қара түсті костюм мен галстук тағып келуге міндетті. Ал ханымдар кешкі көйлек пен ішіктерде кіре алады. Ұялы телефон, фотоаппарат, бас киім, қолшатыр гардеробқа өткізіледі.
Ла Скала сахнасында әлемге танымал итальян және шетел опера жұлдыздары өнер көрсеткен. Олар XX ғасыр әртістері Э. Карузо, Титта Руффо, де Лука, Т. Скипа, Б. Джильи, Г. Бензанцони, М. Канилья, М. Дель Монако, М. Каллас, Р. Тебальди, Б. Христов, Ф. Корелли, Ф. Шаляпин, Л. Собинов.
Ән айту: «Батыр бабам»
- толық мұғалім орындау
- сөзін жаттату
- әнімен толық үйрету.
ІV. Жаңа білімді бекіту: Сөз жұмбақ
V. Үйге тапсырма: Батыр бабам әнін жаттау
VІ. Сабақты қортындылау
Халық әнінің орындалу шеберлігі
Жарияланды 29-04-2014, 23:01 Категориясы: Музыка
Сабақтың мақсаты: Оқушының халық әніне деген қызығушылығын арттырып, әндерді өз нақышына келтіріп, орындау шеберлігін жетілдіру.
Өз халқының ән өнерін түсіне білуге баулу.
Сабақтың әдіс тәсілі: Түсіндіру. Санап қосылып айту. Сұрақ - жауап.
Пән аралық байланыс: Қазақ музыка әдебиеті. Сольфеджио
Білімділігі: Халық әнінің өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдылану, ән айту қабілетін жетілдіру.
Дамытушылығы: Әнді нақышына келтіре, сезіне ойнау, қабілетін дамыту, көркем музыкалық бейнесін тыңдау, жеткізу.
Сабақтың көрнекілігі: Домбыра, үнтаспа, фото сурет.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Дауыс күйін келтіру
3. Үй тапсырмасы
4. Жаңа сабақ
5. Қортынды
1. Ұйымдастыру: Оқушының құралдарын, нота дәптерін, күнделігін түгендеу. Домбыра күйін келтіру.
2. Дауыс күйін келтіру жаттығулары: Оқушының дауысын күйге келтіру мақсатында, дыбыстарды таза алу үшін дауысты күйге келтіру жаттығулары жасалады.
Жаттығу кезінде дыбыс күшті, екпінді шығу үшін, тыныс алғанда кеудені көтермей, ішке алған ауаны сыздықтатып шығаруға үйрену. Ауызды ашқан кезде тілді төмен түсіру, жұмсақ таңдайды көтеру, ерінді шамадан тыс жаймай, қалыпты жағдайда ұстап айтуға үйрену.
3. Үй тапсырмасын тексеру: Ғ. Құрманғалиев «Жас өмір» әнін үйге өз дәрежесінде аспаппен қосылып орындап келу берілді. Әннің авторы:
Ғ. Құрманғалиевтың шығу тарихымен өткен сабақта оқушыға кең көлемде айтып өтілді. Бұл әнді Ғарифолла қартайған шағында, жастық шағын еске алып, сағыныштан шыққан ән. Енді осы туралы оқушыдан түсінгенін сұрау.
4. Жаңа сабақ: Халық әні туралы түсінік. Халық әндері сонау заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан халқымыздың қазынасы.
Халық әндері деп аталуының себебі, ол бір адамның айтқан әнін келесі адам сол сәтте жаттап алып, халық арасында кең таралып кеткен әндер. Бұндай әндердің авторлары ұмыт болып, халық әндері деп аталса керек. Халық әндерін орындап бүгінгі таңға жетуіне көп үлестерін қосқан қазақтың әнші - жыршы, термешілері баршылық. Олар: Біржан Сал, Мұхит, Ақан Сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырый, Әсет, Естай, Мәди, Нартай, Майра т. б
Дарынды адамдар арқылы жетіп отырған әндер халқымыздың әдет ғұрып, тұрмыс - салт, мәдени өрлеу, тарихи даму кезеңдермен танысамыз. Өйткені халық әндері өмірдің дәстүрлі көріністері мен ой арманын музыка үнімен, домбыра сазымен беріп отырған. Ол адам жанның қилы кезеңдерін суреттейтін және табиғат әдемілігін көркемдігін жырлайтын лирикалық әндер, отбасы, тұрмыс жайындағы әндері, салт әндері, еңбек әндері, туған жер әндері, тарихи әндер, суық кеш әндері, тұрмыс әндері сияқты алуан түрі болады. Көптеген халық әндері бар. Олар «Дархан - ай», «Дариға», «Айтжан»,
«Ақ айша», «Асыл қарға», «Әдемі қыз» т. б.
Халық әні «Ақсұңқар»
Қазақ халқының музыкалық мұрасы өте бай олар нотаға, түсіру сауаты болмағандықтан ғасырлар бойы ел аузында, біреуден біреу үйрену арқылы рухани қазынаға айналып ұмтылмай келеді. Сондай әннің бірі халық әні «Ақ сұңқар». Бұл әнде Бой жеткен қызға ғашық болған жігіт арманына жету үшін өзінің көңілдегі ыстық сезімін, көңіл - күйін әнмен жеткізген. Ғашығын көкте қалықтап ұшатын ақ сұңқарға балаған. Сол ақ сұңқарды өзінің жүрегінің торына қондыруды армандайды. Соған қолы жеткенше тағат тақпайтыны суреттеледі. Төмендегі өлең шумақтарынан білуге болады.
Жебесін шын күмістен садағымның
Әдеті осылай ма еді базарлымның
Несіне сөйлер сөзден іркілейін
Тұсына келгеннен соң ажарлымның
қ - сы
Ақ сұңқар неге қонбайсың
Дариға жайған торға - ай
Халық әні Ақ сұңқар РЕ мажор үндестігіне 6/8 өлшемде жазылған. Бұл ән кіріспе, шумақ қайырмадан тұрады. Ән жеңіл тебірене орындалады. Әнде он алтылық, трио, нүктелі ноталы қағыстары кездеседі. Әнді үйренген кезде домбырадағы әуенін үйреніп аламыз. Ол үшін ашық қағыста кездесетін қағыстарды ойнаймыз.
Оқушыны бағалау:
Үйге тапсырма: Ғ. Қ «Жас өмір» сөзін жаттап, айтылған ескертулерді ескере отырып әнді өз нақышына келтіріп орындап келу. Халық әні «Ақ сұңқар» Домбырадағы әуенін жаттап, сөзіне қосып келу.
5. Қорытынды: Әрбір халықтың музыкасын еске сақтап атадан балаға кейінгі ұрпақтан - ұрпаққа мирас қылып қалдырып отыратын мәдени мұрасының бірі халық әндері. Халық әндері салт - дәстүрге, әдет - ғұрып, көңіл - күйге байланысты белгілі бір тақырыпқа байланысты шығып отырған.
Күні:_________________
Класы: 5
Сабақтың тақырыбы: Ақын Абай бейнесінің операда көрініс табуы.
Мақсаты: «Абай» операсы және оның авторларымен таныстыру,ақын Абай шығармашылығын насихаттау, операдағы басты кейіпкердің бейнесін ашып көрсету;
Білімділік:опера туралы жан-жақты мәлімет беру, композитордың өмірі және шығармашылығынан қысқаша мағлұмат беру, жаңа музыкалық терминдермен таныстыру; Тәрбиелік:классикалық музыканы тыңдау,түсіну арқылы музыкаға қызығушылын ояту, әуен арқылы әсемдікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: музыкалық білімін тереңдету,шығармашылық бейімділігін, музыкалық қабілетін дамыту, әнді әдемі сезіммен орындауға, өз ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үнтаспа,баян аспабы;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: музыка тыңдау,ән айту, музыкалық сауаттылық, оқулықпен жұмыс, әңгімелеу,сұрақ-жауап т.б
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:
-
Музыкамен амандасу,оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын қадағалау;
-
Өткен тақырыптар бойынша қысқаша шолу жасау;(сұрақ-жауап)
Жаңа сабақ: Ақын Абай бейнесінің операда көрініс табуы.
1. А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай» операсы.
2. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (өмірі мен шығармашылығы)
3. Операдағы Абай бейнесі.
Музыка тыңдау: «Абай» операсындағы Абайдың ариясы. А.Жұбанов.
Музыкалық теориялық талдау жасау.
Музыкалық сауат: Опера. Ария. Ариоза. Либретто.
Дауысқа жаттығу: Гамма. Арпеджио.Дыбыс қатары.Октава.
Ән айту: «Қараңғы түнде тау қалғып» Абай.
-
Әнді орындап көрсету;
-
Әуенін аспаппен үйрету;
-
Қосылып хормен орындау;
«Абайдың
ариясы»Венн диаграмма.
«Қараңғы түнде
тау қалғып»
Нотамен жұмыс: Гамма. Арпеджио.
Сергіту сәті: музыкамен қосылып ырғақты қимыл жасау;
Сабақты қорытындылау:сұрақ-жауап;
Үйге тапсырма: «Қараңғы түнде тау қалғып» әнінің сөзін жаттау, Ақын Абай туралы мәнжазба дайындау;