7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Кемел елдің кемеңгер басшысы'

Тәрбие сағаты 'Кемел елдің кемеңгер басшысы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала
  1. Желтоқсан Президент күніне арналған

«Кемел елдің кемеңгер басшысы» атты ашық тәрбие сағаты



Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып өскен, оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мәлімет беру,елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып ,Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке ,азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу,шәкірт жүрегінде елбасына деген сүіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. .

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар.

1- Желтоқсан елбасы күніне арналған

«Кемел елдің кемеңгер басшысы.» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз! Біздің Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Қ.Аманжолов: Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Әнұран орындалады.



Жүргізуші: Сақтапбергенова Аружан өзінің елбасына арнаған өлеңін оқиды.

Жүргізуші: Қазір слайдқа назар аударайық.

Ортада слайд көрсетіледі

1-оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург -жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

4-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

5-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.



Жүргізуші : Сақиев Исламбектің орындауында «Көк тудың желбірегені»әнін қабыл алыңыздар!



Жүргізуші : Тәуелсіздікті елге сыйлады ,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымыздың ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

Ормағанбетова Айдананың «Туған ел» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,

Тұп -тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.

Қазақтың тілері ата жол салтымен

Достасу, туысу әр елдің халқымен.

Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.

Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,

Қазақтың елі мен даңқты даласын.

Сақтапбергенов Нұржанның орындауында « Жаса қазағым» әнін тамашалалаңыздар.

Жүргізуші: Қазақ елі желбіреп көк байрағың

Гүлге оранды ауылың мен аймағың ,

Нұрсұлтанның биіктерге бастауы,

Ой көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

Ормағанбетова Гүлдананың орындауында «Бақ Гүлстаным» әнін тамашалаңыздар.



Жүргізуші: Көңілі көлдей шалқыған,

Қазақтай ел қайда.

Даласы жусан аңқыған,

Өзіңдей жер қайда.

Сақтапбергенов Нұржанның орындауында «Қазақтай ел қайда» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Ұзақбай Айымның орындауында

«Қазақ елі осындай» әнін қабыл алыңыз!

Жүргізуші: Төле би сөзімен Тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. « Уа, халқым, сөз қадірін білесің. Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшысы болмаса, ел жетім. Көсіле шабар жерім бар, Тау көтерген елім бар. Қол бастайтын ерім бар, Атадан қалған сара жолым бар.»

«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

Елбасы күніне арналған «Кемел елдің кемеңгер басшысы» атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі



«Кемел елдің кемеңгер басшысы»

атты 1 желтоқсан елбасы күніне арналған тәрбие сағаты



өткізгендер: Қарамергенова Г

Төремұратова Н



Шалқар 2013ж





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал