7


Күй атасы - Құрманғазы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

2 сынып

</ Сабақтың тақырыбы: Күй атасы Құрманғазы.

« Алғашқы қоңырау» Ж. Еңсепов.

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлы күйші - компазиторы Құрманғазының шығармашылығымен таныстыру.

1.Білімділік: Құрманғазының анасына арналған « Аман бол, шешем, аман бол» және «қайран шешем» күйлерінің тарихымен таныстыру.

2.Ән үйрену: « Алғашқы қоңырау» әні: Ж. Еңсепов, сөзі: Н. Нұрқабылов.

3. Анаға деген құрметке баулу.

Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап.

Көрнекілігі: Күйшінің суреті, аспап.

І.Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу, түгелдеу;

ә) оқу құралдарын даярлату, тексеру;

б) назарын сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

- Қазақстан Республикасы Гимнінің аты мен авторлары кімдер?

- Қазақстан Републикасының рәміздерін ата.

- Шәмші Қалдаяқовтың өз жері мен елін мақтан етіп шығарған әні қалай аталады?

- Не себепті «Менің Қазақстаным» әні республикамыздың Гимніне айналды?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Әңгімен әдісі арқылы:

Құрманғазы - ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы күйші - компазитор.

Құрманғазы өмір бойы теңсіздікпен, бай - манаптардың жасаған зорлық - зомбылығымен күресіп өткен. Әсіресе, сол кездегі Ресей патшалығының қазақ даласын басып алу саясатына қарсы тұрып, бас көтерген аяулы аталарымыздың бірі. Бұл қылығы үшін Құрманғазы патша жендеттеріне де, бай - манаптарға да жақпады. Құрманғазыны ұстап алып, түрмеге жапқызуға тырысты. Әсіресе Ақбайдың Әубәкірі деген бай Құрманғазыны ұры,қары деп, үстінен арыз жазып, патша әскерлерін шақыртады.

Құрманғазы отбасымен қаннен - қаперсіз отырғанда патшаның бір топ солдаттары жетіп келеді. Құрманғазыны жан - жағынан қаумалап ұстап, сыртта тұрған арбаға салып алып барады. Енді жүргелі жатқан кезде шешесі келеді. Анасы Құрманғазыны құшақтап қоштасып, маңдайынан сүйеді. Сол кезде Құрманғазы әлі күнге дейін мәпелеп өсірген анасына еш көмек көрсете алмағанына қынжылып: « Қашан сенің ақ сүтіңді ақтармын - ау, осы уақытқа дейін саған тек уайым мен қайғыдан басқа ештеңе көрсете алмадым - ау» деп қолына домбырасын алып, « Аман бол, шешем, аман бол» деп күй тартады. Күйді мұқият тыңдасақ, домбыра «Аман бол, шешем, аман бол» деп сөйлеп тұр.

Күй аяқталғанда шешесі Құрманғазыға қараса, оның көзінен бір тамшы жас шығып кетеді. Сонда шешесі Құрманғазыға: « Мен ұл таптым, ер жігіт тудым деп қуанып жүрсем, жасық неме екен ғой туғаным. Сен кімнің алдында көз жасыңды көрсетіп тұрсың? Егер мына солдаттардың алдында жасыңды көрметсең, менің күнім қандай болмақ. Неге соны ойламайсың? Көтер басыңды!» - деп шапалақпен бетінен тартып жібереді.

Сонда ғана Құрманғазы есін жиып алып, « Әй, қайран менің шешемдей

адамдай бұл дүниеде жоқ шығар: Маған қайрат, жігер беретін де, өмірде қайыспай күресерде қуат беретін де осы анамның тілегі емес пе?» - деп сол жерде шешесіне жігермен қарап, қоштасып, « Қайран шешем» деп күй тартқан екен ( Егер күйді тыңдасақ, « Аман бол, шешем, аман бол» сияқты мұнда да домбыра « Қайран шешем, қайран шешем» де сөйлеп тұрады).

Музыка тыңдау!

Құрманғазының « Аман бол, шешем, аман бол» және « Қайран шешем» күйлерін тыңдау. Күйдегі « Аман блд, шешем, аман борл» және « Қайран шешем» деп домбыраның сөйлейтін буындарын тыңдату керек. Ең бастысы, күйдің мазмұнын түсіндірген жөн.

Күйдің сөйлейтін буындарын тыңдатумен шектелген жөн.





А - ман бол, ше- шем, а - ман бол. А - ман бол, ше - шем, а - ман бол.



Ән орындау!

Алғашқы қоңырау

Әні: Ж. Еңсепов. Сөзі: Н. Нұррқабылов.

1.Балалар тынықты,

Серуендеп шынықты.

Жан - жағын бақылап,

Әлемнен мол сыр ұқты.

Қайырмасы:

Ахау, ахау, күлкісі бар күмістей,

Бұл - алғашқы қоңырау.

2.Құлындай ойнайды,

Жүздері де жайнайды.

Жігері бойында,

Тасқындайды, қай найды.

Қайырмасы:

3.Қоңырау қағылды,

Ең алғашқы арынды.

Сыныпқа балалар,

Кезектесіп ағылды.

Қайырмасы:

Жасарал Еңсеповтың « Алғашқы қоңырау» әні балалардың дауыс диапазонына сәйкес жазылған. Әннің әуені толқынды болып келгендіктен, әнді сөзімен бірге орындаған жөн. Әннің қайырмасы өте мәнерлі болып келеді. Ширек, сегіздік және он алтылық ноталар ауысып отырады. Әнді жай екпінде үйреніп, сөздерін нақты айтуға мән беріп, ырғағын дәл сақтау керек. Әнді жай екпінде, сөзімен қоса жаттап, алған соң, екпінін қосуға болады.



Құрманғазы Сағырбайұлы - 1818 жылы Орал облысы Жаңақала ауданының Жиделі деген жерінде дүниеге келген. 1889 жылы Ресйдің Астрахан қаласының қазргі « Құрманғазы төбе» деген жерінде қайтыс болады. Құрманғазыны қазақтың « Күй атасы» деп атайды.



Құрманғазының « Кішкентай» алғашқы күйі. Сонымен қатар

«Балбырауын», « Сарыарқа», « Адай», « Серпер» сияқты 80 - ге жуық күйлері бар. Оның әрбір күйі өз басынан өткен оқиғалар жайлы баяндайды.

IV. Сабақты қорыту:

- Құрманғазы өмір бойы не үшін күресті?

- Құрманғазыны патша жендеттері алып бара жатқанда кімге арнап күй шығарды?

- Домбыра не деп сөйлейді?

- Шешесі қалай жігерлендірді?

- Құрманғазы шешесіне қандай күй арнайды?

- Күйдің аты қалай аталады?

V. Үйге тапсырма:

Күй атасы Құрманғазы. Оқып, түсінік айту.

« Алғашқы қоңырау» әнінің сөзін жаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал