7


  • Учителю
  • Разработка Саздан туган сазсырнай

Разработка Саздан туган сазсырнай

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1-сынып. 1-тоқсан

Сабақтың тақырыбы: Саздан туған саз сырнай

Оқу мақсаттары: Тосыннан қосыла отырып, қарапайым музыкалық шулы аспаптарда ойнап ән

айту.

Дыбыстар ,әуендер және ырғақтармен танысу үшін өз дауысы мен шулы

аспаптарды пайдалану.

Үйренген әннің мазмұнын айту , талдау.

Тілдік мақсатқа: Дыбыстарды сипаттау үшін сын есім сұрақтарын қолдану және олардың мәнін

түсінетіндігін музыка арқылы түсініп косету.

Қатты, ақырын, ақырынырақ, үрлеу, ұру, шерту арқылы.

-Бұл дыбыс неге ұқсайды?

- Осы дыбыс нені еске түсіреді?

- Осы дыбысты қалай өзгерте аламыз?

Пән аралық байланыс: әдебиет, шет тілі, сурет

Оқыту ресурстары: Аудио немесе бейне сандық жазба құралдары, шулы аспаптар, үрмелі

еарточкалар, слайд материалдары

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кзеңі

Сыныпқа кіріп балалармен амандасу

Көңіл - күйлерін сұрап отырғызу. Назарын сабаққа аудару

Қандай ғажайып сырлы аспаптарды білесіңдер?

Сыбызғы - үні қандай? Қандай әріптен басталып тұр?

Шаңқобыз - Қандай әріптен басталып тұр?

Домбыра - Қандай әріптен басталып тұр? қандай ән білеміз?

Топқа бөліп алу: С-тобы, Ш-тобы, Д -тобы

Домбырасыз сән қайда? Бәрі бірге орындау

Мимикамен орындау 1-шумақ қайырмасымен

Жұмбақ шешу:

Сазымнан жасалған,

Өрнектеп қашалған.

Сырнайдың үніндей,

Бұлбұлдың біріндей.

СФФФАФФЗФФСФФЫФФРФФНФФАФФФЙ



Сазсырнай аспабымен таныстыру

Аңыз әңгіме

Ерте ,ерте,ертеде баяғы бір заманда Асан деген бала болыпты. Ол күнде өзінің ауылының қойларын бағады екен. Сөйтіп жүріп күн көріпті. Бір күні қойды өзен жағасына жаяды. Сол күні күн ыстық болады. Асан қатты шөлдеп , торсығына құйып алып шыққан суын ішеді. Бір кезде қолынан торсығы түсіп кетеді де суы жерге төгіледі. Ол жердің топырағы сазды екен. Асан жерге отыра қалып су араласқан сазды қолмен ұстап уқалап ұзақ уақыт отырады. Қолы талған соң оны тастың үстіне қойып , кептіреді де қалтасына салады. Сөйтіп отырғанда қойды ауылға апаратын уақыт болады. Қойды ауылға айдап келеді де тамағын ішеді. . Кешкісін достарымен өзен жағалауында отырғанда қалтасынан бірдеме қолына батқандай болады. Қараса манағы сазбалшық екен. Оны досы Асқар көріп, қызығып кетеді.

  • Асан мынау не? Өзі қаздың жұмыртқасына ұқсайды екен деді таңырқап.

  • Өзімде білмеймін. Мана қой бағып жүріп сазды уқалап көріп едім осындай сопақша көлемді болып шықты. Асқар қане маған көмектесші . мен бұдан бір ерекше аспап шығарғым келіп отыр.

  • Асан айтты :

  • Олай болса бұны отқа қыздырайық. Әкемнен көргендерім бар. Ол кейбір аспаптарды отқа қыздырып жасайды. Сонда ол аспап мықты болады дейді.

  • Сөйтіп Асан мен Асқар сазды отқа қыздырады. Қыздырып болған соң әр жерінен тесіктер жасайды, ол әдемірек болу үшін жиектеріне ою салады. Екеуі түні бойы еңбектеніп таң ата ұйықтап қалады. Таңертен Асқар ұйқыдан тұрып қараса Асан балшықтан жасалған әдемі аспапты үрлеп тартып отыр екен. Әр үрлеген сайын әсем әуендер шығады. Сөйтіп оны барлық ауыл адамдары көріп таңданады. Өз жасаған туындысына Асан «саздан туған сазсырнай» деген атау береді. Себебі ол саздан жасалғандықтан. Осылайша сазсырнай дүниеге келген екен.



Сазсырнай-сопақша келген, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай, сапалы саз-балшықтан жасалған аспап. Сазсырнайда ойнай отырып, балалар аң-құстар мен табиғат дыбыстарын шығарған. Шеңбер аумағы 15-18 см, жалпы ұзындығы 10-12 см болады. Ертеде 3-4 ойығы болса, қазіргі таңда 5-6 ойықтары салынады. Ойықтары саусақпен басып,ерінге қиыстау тақап, үрлеп ойнайды.Сазсырнай үні жағымды, қоңыр әрі жұмсақ болады. Сонымен бірге, аспап дыбыс тембрі, күші, әуезділігі толқынының дұрыс жетуіне байланысты.

-Үнін естіген оқушы бар ма? Үнін тыңдағыларың келе ме?



Қазақтың музыкалық аспабы - каз. Музыкальный инструмент - mysukl unctryment caz cyrnai

-Ендеше үнін тыңдап көрейік. Үнтаспа қосылады.

Сергіту сәті

«Сал күрең» күйіне қосылып аспаптармен ырғақты көрсету





Топпен жумыс

Әр топқа карточка таратып беріледі

Парақшада не бейнеленген ? аспаптың суреті.

Ашық түсті бояумен бояймыз.

Сендер қандай әдемі бояғансындар. Аспаптың дыбыс бояуыда нәзік әдемі екен.

Міне балалар сурет сабағы бізге көмекке келді.

Олай болса К.Қуатбаевтың «Сурет сабағы» әнін үйренейік.

«Урок рисование» - «Droyn leccon»

Ұрмалы шулы аспаптар көмегімен орындау

Қорытындылау:

Сәйкестендіру тест: С-тобына



Домбыра тілшікті

Сазсырнай ішекті

Шаңқобыз үрмелі

Сыбызғы



Қайсысы артық? Д-тобына

Домбыра

Балта

Сазсырнай

Сыбызғы

Композиторға рахметімізді білдіреміз.



Жарайсыңдар балалар!

- Бүгін қандай аспаппен таныстық?

-Сазсырнай

-Сазсырнай неден жасалады екен?

-Саздан.

Сазсырнайдың пішіні неге ұқсас?

Жұмыртқаға

-Жарайсыңдар!



Үйге тапсырма беру. Әнді жаттау, аспаптарды есте сақтау





















Сәйкестендіру тест: С-тобына



Домбыра тілшікті

Сазсырнай ішекті

Шаңқобыз үрмелі

Сыбызғы















Қайсысы артық? Д-тобына



Домбыра

Балта

Сазсырнай

Сыбызғы









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал