7


  • Учителю
  • Конспект урока по математике на тему 'Өткенді пысықтау' (4 класс)

Конспект урока по математике на тему 'Өткенді пысықтау' (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


«Бастауыш сынып мұғалімінің үздік әдістемелік жинағы»

сырттай байқауына

ӨТІНІМ

ТАӘ толығымен


Тулубаева Карлығаш Советкалиевна


Лауазымы

Бастауыш сынып мұғалімі

Оқу орнының толық атауы


Жітіқара қаласы «Естай Есжанов атындағы №9 орта мектеп» КММ

Номинация атауы


«Сабақтың ең үздік оқу-әдістемелік әзірлемесі»

Байланыс түрі


Сот. 87752662651, үй тел. 87143530050





«Бастауыш сынып мұғалімінің үздік әдістемелік жинағы»




«Сабақтың ең үздік оқу-әдістемелік әзірлемесі»




Жітіқара қаласы «Естай Есжанов атындағы №9 орта мектеп» КММ




ТАҚЫРЫБЫ «Өткенді пысықтау»






Тулубаева Карлығаш Советкалиевна


Бастауыш сынып мұғалімі




I-санат, 18 жыл

















Жітіқара қаласы, 2015 жыл


Тақырыбы: Өткенді пысықтау.

Мақсаты: Көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері бойынша өткен сабақтарды рефлекциялау, өткен есеп түрлерін шығару қабілетін тексеру және өздігінен ойлап есеп шығарып, дұрыстығын анықтай білуге дағдыландыру, талдап, қорытынды жасай білуін дамыту, ұқыптылыққа, өздіктерінен жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ.

Әдісі- тәсілі: сұрақ-жауап, «Мюнстенберг», топпен, ойын,«цифрлар сыр шертеді»,«Ақылдың 6-ты қалпағы», АКТ

Көрнекілігі: сызбалар, суреттер, үлестірмелі материалдар,стикер,маркер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал: «Жақсылықтың бәрін табиғаттан аламаыз»

(табиғатпен байланыстырып тілек айту; Мыс:таудай талап, судай таза т.б)


Үй тапсырмасы: «Қыз қуу» ойыны.

1.Көбейтудің қасиеттерін ата. (ауыстырымдылық,терімділік,үлестірімділік)

2. Қашықтықты табу үшін .............. керек (жылдамдықты уақытқа көбейту) S=·t

3.Уақытты табу үшін........... (қашықтықты жылдамдыққа бөлу) t=s÷

4.Жылдамдықты табу үшін.......... (қашықтықты уақытқа бөлу)= S÷ t

5. Екі жағынан нүктемен шектелген түзу сызықтың бөлігі. (кесінді)

6.Геометрия деген сөз нені білдіреді? (жер өлшеу)

7.Ауданды табу үшін не істейміз? (ұзындығын еніне көбейтеміз).

8.Периметрды табу үшін не істейміз? (ұзындығын еніне қосып 2-ге көбейтеміз).

9.Көлемді табу үшін не істейміз? (ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз)

10.Санды 1-ге көбейткенде.....................................( сол санның өзі шығады)

11.Санды 0-ге көбейткенде...........................................(0-дің өзі шығады)

12. Қиылысқан кезде тік төртбұрыш құрайтын сызықтарды қандай түзулері дейміз?

Перпендикуляр түзулері дейміз.

13. Қанша созсаң да ешқашан да қиылыспайтын түзулерді қандай түзу дейміз? Параллель түзу дейміз.



Жаңа сабақ: «Мюнстенберг» әдісі.

Әріптерді сандардаң өсу ретімен орналастырып, жасырын сөзді табу.


15

2

6

5

11

8

10

12

4

1

7

9

3

14

13

у

т

д

н

ы

п

с

қ

е

ө

і

ы

к

а

т


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

ө

т

к

е

н

д

і

п

ы

с

ы

қ

т

а

у



Сабақтың тақырыбын, мақсатын табу.

Табыс критериясы:

1.Көбейту, бөлу және қалдықпен бөлудің жазбаша тәсілдерін білу.

2.Өрнектерді, сөз есептерді өздіктерінен орындау арқылы түсіну.

3.Мәліметтерді дұрыс қолдану


Дәптермен жұмыс:Көркем жазу минуты.

Дәптердің сол жағынан оңға қарай 12-ші торкөзіне3 миллион 31 мың 63 бірлігі бар санды жазамыз және сол санның көрші сандарын жазыңдар.


3 031 062 3 031 063 3 031 064

(көршілері бір-бірлерімен алмасып тексереді және оқиды)


«Цифрлар сыр шертеді» айдары. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.

3 ер бала өрнектерді орындап «70» санын табады.

(2015-1945) ÷1=70

1945-1941+66=70

2015-1941-4=70саны нені білдіреді?(толық ондық, екі таңбалы сан, жұп сан, есептік сан, адманың жасы, Ұлы Жеңіске 70 жыл толады)



Тақпақ:Жеңіс, бейбітшілік, тәуелсіздік туралытақпақ.


Топқа бөлу: Тосын сый арқылы топқа бөліну. (тосын сыйдың ішінде лото болады, оқушылар лотодағы сандар арқылы бөлінеді)

1 топ: бір таңбалы сандар

2 топ: екі таңбалы сандар

3 топ: толық ондықтар.


Постермен жұмыс: 70, 145, 975, 480, 370, 9560, 300, 232, 984, 321, 339 сандарының ішінен 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазу.

1 топ: 2-ге бөлінетін сандар.

2 топ: 5-ке бөлінетін сандар.

3 топ: 10-ға бөлінетін сандар.



Постерді қорытындылау:2-ге бөлінетін сандар жұп сандар. (олар 0,2,4,6,8 бен аяқталады)

5-ке бөлінетіндер 5-ке және 0-ге аяқталады.

10-ға бөлінетін сандар 0-ге аяқталады.

5-ке де 10-ға да бөлінетін сандар тек 0-ге аяқталады.

5-ке де 10-ға да бөлініп тұрған сандар 370, 9560 және 300.

2-ге бөлініп тұрған сандар 0,2,4 яғный бұлар жұп сандар.



Оқулықпен жұмыс. 24 бет №2 (а)

1 бағанды: 1 топ: 30660 ÷ 420=73 25200÷560=45

2 бағанды:2 топ: 221130÷630=351 132300÷540=245

3 бағанды: 3 топ: 430500÷3500=123 993300÷ 4300=231


Сергіту сәті: «Қызыл өрік»


№6. Есеп бойынша өрнек құрастыру.

1 топ а) 160км ÷ 8 сағ = 20 км\сағ

2 топ ә) 320 км ÷ 20 км\сағ =16 сағ

3 топ в) 280 км ÷ ( 60 км\сағ + 80 км\сағ) = 2 сағ


«Футбол» ойыны.

Ойынның шарты: қыздар мен ұлдар екі топқа бөлінеді де, команда капитанын сайлайды. Капитандар жасырған затты табады, қай команданың капитаны тапса сол команда өрнекті таңдайды, таңдаған өрнекті екінші команда орындайды. Егерде өрнекті қате немесе орындай алмаса өрнекті таңдаған команда оларға«гол» кіргізді деп есептейді.


Өрнектер тақтада жазылып тұрады.


÷ 80=60 (53 қал) ÷ 50=29 ( 15 қал) ÷84=7 (35 қал)


Ереже: Бөлінгішті табу үшін, бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтіп шыққан көбейтіндінің мәніне қалдықты қосамыз. Сонда бөлінгіш шығады.


Сабақты бекіту: «Ақылдың 6-ты қалпағы» әдісі.

Ақ қалпақ: Бүгінгі тақырып не туралы болды?

Қара қалпақ: Бүгінгі сабақта не ұнамады?

Сары қалпақ: Бүгінгі сабақ несімен ұнады?

Қызыл қалпақ: Сабақта қандай сезімде болдың?

Жасыл қалпақ: Сабаққа не қосар едің?

Көк қалпақ: Сабақтан қандай үлгі алдың?



Үй тапсырмасы: №2 (а) және №8 24-25 бет

Бағалау:Формативті бағалау. Мұғалімнің қортынды бағасы.

Кері байланыс: «2 жұлдыз, 1 ұсыныс»

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып «Білім ағашына» ілу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал