7


  • Учителю
  • Музыка Сабақ жоспары (6-сынып)

Музыка Сабақ жоспары (6-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасы.

Аспаптық-камералық шығармалар.


Қазақстан композиторларының бұл жанрдағы алғашқы шығармалары халықтың ән-күйлерін өңдеп, түрлі аспаптарға түсіруден басталған болатын. Кейін төл туындылары да пайда бола бастады. Оған А.Жұбановтың фортепианоға арналған он «Тәжік биі», сегіз «Қазақ биі» және қобызға арналған бес «Пьесасы», Е.Брусиловскийдің фортепианоға арналған «Экспромт», фортепианоға арналған он бес «Пьесасы», бес «Виртуоздық пьеса», «Хореграфиялық пьесалары», скрипка мен фортепианоға арналған «Бозайғыр» атты сюитасы жатады.

Л.Хамиди қобызға арнап - «Романс», сым ішекті домбыраға - концерт, домбыраға «Юмореска», «Балаларға арналған фортепианолық пьесалар», «Фортепианоға арналған сюита» және т.б. шығармалар жазды.

1970 жылдардан бастап аспаптық-камералық музыка жаңа бір сатыға көтерілді. Кішігірім пьесалармен қатар көптеген күрделі шығармалар жазылды.

Музыкалық шығарманы тыңдау:

Қазақстан композиторы Латиф Хамидидің

қобыз аспабына арнап жазған пьесасы «Романс»


Дауыс ашу жаттығулары:


* Ән салып, өлең айтқанда қолды төмен түсіріп , желкенді

көтермей , деніні тік ,түзу ұста.

* Әнді бастаудан алдын асықпай қарныңмен демалуға дағдылан.

* Әнді айқайламай мәнерлеп айт.


Шығармашылық жұмыс:


Қазақстан композиторларының шығармашылығы жайында мәлімет жинақтау сыныпта талдау жүргізу, олардың шығармаларын тыңдау.

Рефераттық жұмыс жасау, қорғау.


Әндету: Саржайлау

Сөзін жазған М.Мақатаев. Әнін жазған . Н. Тілендиев.


1. Жазира , жасыл кілем өрнектеген,

Туған жерге ,дариға ,жер жетпеген!

Саржайлауым.

Кең өлкем , әлдейлей бер , сен деп келем ,

Аңсап келем, сағынып , шөлдеп келем.

Саржайлауым.

Қайырмасы:


Саумал бұлақ- балдай дәрім,

Салқын самал- баурайларың..

Саялаған , беу , туған жер ,

Сағындырған , Саржайлауым..


2. Армысың ата - қоныс , жасыл мекен!

Ұлыңмын , мен сенің қасыңда өтем.

Саржайлауым.

Басқаның жерұйығын неғылайын,

Жерұйығы өзімнің қасымда екен!

Саржайлауым.


Қайырмасы:


3. Жадырап , жұтайыншы тау самалын ,

Осы еді ғой сағынып аңсағаным.

Саржайлауым.

Гүлдерім , шыршаларым , аршаларым ,

Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын.

Саржайлауым.


Музыкалық сауат ашу:

( терминдерді жаттап ал!)


Концерт - жалғыз аспап пен оркестрге арнайы жазылған шығарма.


Этюд- орындаушылық мүмкіндікті дамытуға арналған шығарма.


Соната - бір немесе екі аспапқа арналған сонаталық формадағы

камералық шығарма.


Қорытындылау :


* Қазақтың алғашқы кәсіби аспаптық музыкаларын ата.

* Фортепиано аспабына жазылған қандай шығармаларды

білесің ?


Үйге тапсырма:


* Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасы

* Аспаптық-камералық шығармалар.


Бағалау: «5» - «4» - «3» -




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал