7


  • Учителю
  • Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі

Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



5 класс

Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі

Сабақтың мақсаты: : Ақтамберді жыраудың шығармашылығымен танысу; Жыраулар міндетінің ерекшелігімен танысу; Ән айту қабілетін дамыту:

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, жинақтау, салыстыру, ой қозғау.

Көрнекіліктер: Музыка аспабы, оқулықтар т.б

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлемдесу , түгелдеу, білім алушылар назарын сабаққа аудару.

Шаттық шеңбер.Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір - бірімен «Сәлем! Привет! Hеllo!» деп амандасады.

«Жүректер жүрекке» балалар бір-біріне жылы тілек арнайды.

Үй тапсырмасын сұрау:(топқа бөлу арқылы кеспе қағаздар тарату).

1топ. Бұхар жырау қай ғасырда, қай хан тұсында өмір сүрген. (ХVІІІ) , (Тәуке).

2 топ «Биік тауға жарасар» өсиет сөзінен үзінді жазу, мағынасын ашу.

3 топ Данасы, баласы, шанасы, бағасы, жағасы, анасы осы сөздерді пайдалана отырып, Бұхарша өлең шығар.

Сергіту сәті. Көңілді күн

Миға шабуыл. Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз ф әрпінің арасына жасырылған. Кәнекей кім жылдам екенін көрейік.

Жаңа сабақ.Жыраулар хандар мен батырлардың ерліктерін мадақ етіп жыр айтқан. Жырау-соғыс кезінде қолына найза алып, жауға аттанып, жырларымен жауынгерлерге рух берген қолбасшы. Сондай жыраулардың бірі -ХVІІ ғасырда өмір сүрген Ақтамберді жырау. Оның атағы қайтпас ерлігімен, жалынды жырларымен шыққан. Ақтамберді 10-11 жасынан бастап өлең шығарып, ал 17 жасында соғысқа араласқан. Қазақтар жоңғарларды ойсырата жеңген шағында Ақтамберді жырауда сол майданның ортасында болды. Ақтамберді жырау соғысқа аттанып бара жатып:

-Құлаты тауға қол салып,

Садақтың оғын мол салып,

Бетбақтың ен бір шөлінен.

Төтелеп жүріп жол салып,

Қолды бір бастар ма екенбіз?!- деп батырлардың көңіліне сенім, көкірегіне күш беріп, намысы мен рухын көтеріп жырлайды.

Біліп ал!

1723 жылы жоңғарлар тұтқиылдан шауып, қазақтарды қырғынға ұшыратты. Қазақ халқы туған жерін, атақонысын тастап, босып кетеді.. Табаны тоз-тоз болып елінен айырылған халық бұл заманды «Ақтабан шұбырынды , алқакөл сұлама» деп атайды. Атақты «Елім-ай» атты жоқтау ән осы кезеңде дүниеге келген. Жоңғарларға қарсы күресте Ақтамберді жыраумен қатар Тәтіқара, Үмбетей, Шал, Бұқар жыраулар да қолына найза алып, жауға бірге аттанып жалынды жырларымен жауынгерлерге рух берген.

Түсініп ал!

Құлаты- таудың аты.

Қолды бастау-әскерді бастау.

Нота сауаты. «Кім мықты» .

Ноталар атынан бірнеше мағынасы бар сөз құрау.

«До», «Ре», «Ми», «Фа», «Соль», «Ля», «Си»

Ән орындау: «Ана тілім -тұғырым» Б. Бейсенова

Рефлексия

Жыраулар қандай қызмет атқарды?

Ақтамберді жырау қай ғасырда өмір сүрді?

Ол неше жасынан өлең жазып, соғысқа араласты?

Ақтамберді қандай жыр жырлады және оны кімге арнады?

Бағалау.

Бүгінгі сабақта болған көңіл - күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: Ақтамберді жырау туралы оқып келу; «Ана тілім тұғырым» әнін орындап келу

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал