7


  • Учителю
  • Музыкалық қабілеттерін халық әндері мен күйлерін орындап, тыңдау барысында одан әрі дамыту.

Музыкалық қабілеттерін халық әндері мен күйлерін орындап, тыңдау барысында одан әрі дамыту.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:


Пәні :

Музыка

Сыныбы:

2

Уақыты:


Тоқсанның тақырыбы:

Күйші композиторлар

Сабақтың тақырыбы:

Күй атасы Құрманғазы.

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Күйші күйлерін тыңдай отырып мазмұнын түсіну.


Б)Коммуникативтік

Музыка арқылы адал, сезімтал, салауатты, инаббатты балатәрбиелеу.


В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Музыкалық қабілеттерін халық әндері мен күйлерін орындап, тыңдау барысында одан әрі дамыту.

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік технология

Әдістер:

Сөздік, көрнекілік, түсіндірмелі-иллюстративті, проблемалық

Пәнаралық байланыс:

Ана тілі

Пайдаланылған көрнекілігі:

Үнтаспа .домбыра, табиғат суреттері


Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

Аспаппен жетектейді.

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ? - ұстазымыз,

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Құрманғазы кім?

Қандай күйлерін білесің?

Домбыра қандай аспап?

Күй, күйші туралы не айта аламыз?

«Алғашқы қоңырау» әні жатқа.

Оқушылар өткен сабақтыпысықтайды.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Құрманғазы «Сарыарқа» тыңдау.


Құрманғазының «Сарыарқа» күйі қазақтың аспаптық музыкасының биік шыңы болып есептеледі. «Сарыарқа» төкпе күйге жатады. Екпіні жылдам. Күйдің басынан аяғына дейін көптеген аспаптардың үнімен қатар домбыра аспабының ерекше дыбыс бояуы естіліп отырады. Бұл күйді Құрманғазы Сарыарқаны басып өтіп, Сыр бойына бет алып бара жатқан кезінде, кең даланың кербез көркі мен сұлу табиғатына тамсанып, Шаттанып шығарған күйі екен.

«Сарыарқаның» жүйрік аттың шабысын, шаттық, думан, қуанышты суреттейтін ырғағы мен екпіні адамға үлкен күш, қуат, рух береді.


Құрманғазы «Балбырауын» тыңдау.

Бұл күй қоғамдық қатынастарға, өмір тартысына қатысы жоқ күй. Жастардың ойын сауығына арналған шығарма. Күйдің әуенінде бидің негізі бар. Күй басынан аяғына дейін жарқын жүзді, шат көңілді танытатын, өмір жырын жырлайтын көктем желіндей көңілді шығарма. Кейбіреулері осы күйді Орынбор генерал-губернаторы Бородиннің балында ойнап, содан « Бал Бородина» аталған, кейін өзгеріп «Балбырауын» аталған деседі.

«Қызыл қайың»

Құрманғазының бұл күйі халық аузында былай суреттеледі. Қашып келе жатқан сапарында айдалада жалғыз өскен қайыңның жапырағын жамылып отырып қуғыншылардан аман қалыпты дейді. Кейін: «Менің елім де, жерім де, бұтам да, ағашым да пана екен. Анадай қойынын ашып, жапырағын жауып паналатқан қызыл қайыңға арнап едім»,- деп осы күйді орындаған екен.

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Сабақты бекіту

  • «Сарыарқа» күйі қалай орындалады?

  • Неге арнап шығарылған?

  • «Балбырауын» күйі неге «Бал Бородина» аталған?

  • Күй қалай орындалады?

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы бойында проблеманы шешу құзыреттілігі шыңдалады, жаңа материалды қорытындылайды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру; Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды. Баға алған оқушы күнделіктеріне бағаларын қойғызады.


Үй тапсырмасы

«Сарыарқа» тақырыбына сурет салу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады


Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал