- Учителю
- Урок по музыка на тему 'Ел еркесі Ақан сері'
Урок по музыка на тему 'Ел еркесі Ақан сері'
Сабақ жоспары
Күні:________
Сыныбы: 3 а,ә,б,в,г
Сабақтың тақырыбы: Ел еркесі Ақан сері. «Маңмаңгер»
Сабақтың мақсаты: Ақан сері шығармашылығымен танысу.
Сабақтың міндеттері:
а)білімділігі: Қазақ өміріндегі сал-серілердің алатын орны туралы білімдерін арттыру.
ә)дамытушылығы: Оқушылардың ән айту қабілеттерін дамыту.
б)тәрбиелігі: Өнерді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ақан сері суреті
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу,сыныпты түгендеу
ІІ. Жаңа сабақ
1.Ақан серінің «Маңмаңгер» әнінің шығу тарихы жайлы әңгемелеу.
Қазақ халқының музыкалық дәстүрінде сал-серілердің орны ерекше. 19 ғасырда кеңінен етек алған сал-серілік өнер музыкалық мәдениетімізде елеулі із қалдырған өнер қайраткерлері: Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ , Жаяу Муса т.б айтуымызға болады.
Ақан сері (1843-1913)- ақын,әнші,композитор. Ол Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Ақынның үш жүзге аты шыққан Құлагер деген жүйрік аты, Қараторғай деген қыран бүркіті, соңына еріткен тазысы болған.
Ақан серінің шын аты - Ақжігіт. Оның: «Құлагер,Маңмаңгер, Сырғақты, Сырымбет, Балқадиша», т .б көптеген әндері бар.
2.Ақан серінің-қазақ ән өнерінің алтын көмбесіне қалдырған қайталанбас туынды болып табылады. Оның Құлагерге арнап шығарған әні «Маңмаңгер».
3. Ән орындайық: «Балалық шақ»
Әнін жазған: А.Маханбетова, Өлеңін жазған: Ә.Асылбек.
Ән көңілді, жігерлі орындалады.
4.Сұрақтарға жауап беру:
1. Ақан серінің шын аты кім?
2. Ақан серінің жүйрік атын қалай атаған?
3. Қандай әндерін білесіңдер?
5.Қорытындылау
6.Бағалау
7.Үйге тапсырма: Ел еркесі Ақан сері. «Маңмаңгер» оқып келу.