- Учителю
- Нәр берген-ән бұлақтан 6 класс
Нәр берген-ән бұлақтан 6 класс
</
Нәр берген ән бұлақтан
Әдеби музыкалық кеш
Мақсаты:Ән өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып айырықша із қалдырған «Вальс патшасы» атанған Шәмші Қалдаяқов өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып әндермен таныстыру.
1-ші жүргізуші
-Құрметті әнді қадір тұтатын қонақтар.Ән өміріне жарық сәуле шашып,айырықша із қалдырған қазақ халқының мақтанышы Шәмші Қалдаяқовтың «Нәр берген ән бұлақтан » атты кешімізге қош келдіңіздер.
2-ші жүргізуші
Ш.Қалдаяқов 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысының Отырыр ауданындағы Шәуілдер ауылында дүниеге келді
1-ші жүргізуші
Адам жылап туады
Жатады оны жұбатып
Және жылап өледі
Өзгені де жылатып
Жылайтыны туа сап
Жамандар бар қинайтын
Жылайтыны өлгенде
Жақсылары бар қимайтын
2-ші жүргізуші
Қазақтың біртуар перзенті,вальс патшасы атанған Шәмші Қалдаяқов өз заманының елеусіз құрбанына айналған.Дегенмен ұлы дарын өмірден өткен мен көңілден кетпейді.Оған дәлел қыстың суығында жүректерді жылытатын Шәмші әндері болмақ.
Ән «Тамды аруы»
Ана теңдесі жоқ таусылмайтын жыр.Өнер қайраткерінің қай қайсы болмасын өз шығармашылығында арнайы ананы сөз етпей кетпейтін болған.
2-ші жүргізуші
«Ана туралы жыр» әнінің шығуына себеп болған Шәмші ән дүниесіне жетелеген аяулы анасының мезгілсіз дүниеден кетуі.Анасының арманда кетуі Шәмшіні қатты тебрентті.Жазылмайтын дертке шалдықан анасы Алматыдағы баласын шақырттады;
-Балам,-деді көзіне жас алып-Жалғыз тілегім сен аман бол.Бұл өмірде жазған әнің айтылмай қалмасын,әнің ұзаққа жетсін.
1-ші жүргізуші
-Апа,қарыздармын саған....Қарыздармын.Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату менің қолымнан келе қоймас.Бірақ саған әсем әніннің ең асылын ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын.Бұл ән алдындаңы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың көз жасы еді.
1-2 ші жүргізуші
Жан ана,сипап өтсең маңдайымнан
Шаттаным,бал тамды таңдайымнан
Құт болып алдымызда аман жүрші
Өзіңе тамаша бір арнайық ән
Ән» Ана туралы жыр» орындайтын хор
1-ші жүргізуші
40 - жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқов300-ге жуық ән жазған.Болашақ ұрпақтарына қалдырған тамаша ән мұрасы күні бүгінге дейін шағын бас қосу кештері мен той-думанда,сонымен қатар,салтанатты мерекелік кештерде орындалады.
1-ші жүргізуші
Бұл әндерді жұртшылық барлық жерде әулетте шырқайтын болған.Оны шақырған әншілерде,тыңдаған тыңдаушылар да ерекше жігерленіп рухына рух қосады.Шығармашылығының негізгі тақырыбы махаббат тақырыбы болатын.Ән өнерінің інжу -маржаны боп табылатын өлеңдері осы тақырыпқа арналған.
Ән «Әнім сен едім»
2-ші жүргізуші
Шәмші Қалдаяқов Қазақстан Республикасының Ән ұраны «Ана туралы жыр»
«Арыс жағасында»,«Ақ ерке-ақ жайық»,«Ақ бантик»,«Кешікпей келем депең»,«Бақыт құшағында,«Қайықта» т.б .халық арасында кең тараған әндердің авторы.
1-ші жүргізуші
Танымал әндері жазудағы тамаша табысы үшін композитрге «Қазақстан Республикасының халық әртісі атағы беріледі.
Хорды орындауында Шәмші әндерінен папури
2-ші жүргізуші
Жалын атқан сезім сыйлап баршаға
Жүректерді шаттандырдың қаншама
Жан күйемді тебірентер тәтті әуен
Жаса мәңгі жұлдызды Шәмші аға
Хош иісті бұйра бүршік аршаға
Ұқсатушы ем нұр бейнеңді бір шама
Ақпан соқса,тоқпан соқса өлмейтін
Әдемі әндер қалдырдың сен,Шәмші аға
Ш.Қалдаяқовтың өзіндік лирикалық сырласу мелодиялық бояу жылы лебімен тартымды.Оны халқы «Вальс падишасы»деп атайды.Себебі оның әндерінің ырғағына бүкіл әлемнің әйгілі - вальсті билемей тұра алмассың
«Вальс биі»
2-ші жүргізуші
Шәмші Қалдаяқұлы өзінің қайталанбас қолтаңбасы,қазақ халқының ән өнерін биік белеске көтерді.Оның шығармашылығы - ұлттық мәдениетіміздің тамаша көрінісі.62 - ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан «Қазақ вальсінің королі» атанған көрнекті композиторымыз дүниеден өтті
1-ші жүргізуші
Бірақ оның әндері мәдениетіміздің «Алтын қорынан» мәңгі орын алып кетті.Осындай ғаламат әндер шығарған Шәмшіні өлді деуге болмайды.Ұрпақтарына қалдырған мұрасы мәңгі жасайды деп сенеміз.
«Шімшіге арнау»
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны
Саған шөлдеп,айызым тамсанады
Өкінішпе білмеймін,қуанышпа
Өз-өзіммен жүрегім ән салады
Әнсіз өмір-өмір ме,қаңсай ма
Өзегіңді өртеп дерт,жаншымай ма
Махабатқа арнап бір ән шығарсың
Шәміл-ау,Шәмші қайда,Шәмші қайда
Шәмшіге айт,тағы да бір таңдандырсың
Жандандырсын жүректі ,жандандырсын
Мәңгі өлмес махабатым айта жүрер
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын
Мұқағали Мұқатаев
Хор «Шәмшіге арнау» Өлеңін жазған;К.Құрманғалиев
Әнін жазған:И.Исаев
Балған жаста,кәрі де
Тауда,таста бәріде
Қосылып тұр тербеліп
Шәмші ағаның әніне