- Учителю
- Сабақ жоспары '1 қыркүйек Білім күні' 4 сынып
Сабақ жоспары '1 қыркүйек Білім күні' 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: 1 қыркүйек -Білім күні
Сабақтың мақсаты: мектеп - оқушылардың оқу-білім,өнер ордасы екені туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері :
Оқушыларға білім күнінің шығу тарихы туралы мағұлмат беру. Музыканы түсінуін,ұстаз еңбегін бағалай білуін, сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту. Оқу-білімге құштарлығын, өнерді сүюге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ой шақыру.
Оқушыларға «білім күніне» арналған суреттер көрсетіледі. Содан сұрақ-жауап арқылы сабақты бастаймыз.
-
қандай суреттерді тамашладық?
-
Не туралы суретер?
-
Қандай мереке туралы?
-
Ол туралы өз ойыңды айт.
-
Білім күні сен үшін несімен ерекше?
Сұрақтар арқылы оқушылардың ойларын, пкірлерін, көзқарастарын тыңдап, әрі қарай жаңа сабаққа көшеміз.
Оқулықпен жұмыс.
4 -сынып оқулығымен, ондағы шартты белгілермен, осы сыныпта берілетін білім мазмұнымен таныстыру. Оқулықтағы мәтінмен танысу, оны талдау,оқушының пікірін,ойын, көзқарасын тыңдау.
1 қыркүйек- оқушылар үшін ерекше күн. Себебі бұл- Білім күні. Еліміз Білім күнін ыстық ықыласпен атап өтеді. Әр ұстаз, әр оқушы бұл мерекелі күнді ерекше үмітпен, есейген көңіл-күймен қарсы алады.
Аталға күннің шығу тарихы да бар. 4-ғасырда, яғни 325 жылы атақта Рим императоры костантин әлемді таң қалдырған алып шіркеу тұрғызып, 1 қыркүйек күні Жаңа жыл мерекесін тойлау туралы шешім шығарады. Алайда бұл шашім бірден жүзеге аса қойған жоқ. ресейде және де басқа да мемлекеттерде Жаңа жыл наурыз-сәуір айларында атап өтіліп жүрді. Арада жүздеген жылдар өткен соң, 1492 жылы Ресей князі ІІІ Иванның бұйрығымен Жаңа жылды тойлау дәстүрі 1 қыркүйекке ауыстырылды. Бұл кезде мектептер шіркеу ішінде орналасатын еді. Сондықтан оқу жылы жаңа жылда басталатын болып белгіленеді. Кейін 1699 жылы еуропалықтардан ерекшеленбес үшін Жаңа жылды тойлау 1 қаңтарға ауыстырлыды. Бір жағынан климаттың да әсері болуы мүмкін. Өйткені оқушыларға күздің суығынан көроі жаздың жайма-шуақ күндерінде демалған әлдеқайда ыңғайлы еді.
Сонымен , бағзы заманда күнтізбенің алғышқы күні 1 қыркүйектен басталғандықтан, оқушылар осы күні мектепке баратын болаған. Ал 1984 жылдан бастап Білім күні күнтізбеде қызылмен белгіленетін болды.
Музыка тыңдау.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін тыңдау. Еліміздің басты рәміздерінің бірі - Мемлекеттік Гимн. Оны қазақстандық әр азамат жатқа білуге міндетті. ҚРМГимнінің авторлары: Ш. Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев.
Мақал-мәтілдерді оқып, талдау.
Отан -қуат Отансыз адам-
Отбасы - шуақ Ормансыз бұлбұл
Егемен елдің еңсесі биік
Сабақты қорытындылау.
-
Біліммен қарулану, білімді болу адамзатқа пайдасын қалай тигізеді?
Өз ойыңды дәлелде.
Үйге тапсырма.
Шығармашылық тапсырма: «Алтын ұя - мектебім» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі ән-күй саңлақтары.
Сабақтың мақсаты: қазақ даласында ғасырлар бойы жинақталып, сақталған халық ән-күйлері мен халық композиторларының ән- күйлерін осы заманға жеткізген халық арасынан шыққан дарынды өнер саңлақтары туралы білімін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Халық музыкасын жеткізушілер - халық арасынан шыққан дарын иелері: әнші, күйші, жыршылар екенін ұғындыру.
Халық музыкасын түсінге отырып, әуенінің ерекшелігін таба білуге, талдай білуге баулу. Халық музыкасына, халық өнерпаздарына, дәстүрлі музыкаға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ой шақыру.
Сабақты 3- сыныпта танысқан кез келген сал-серінің әндерін тыңдаудан бастаймыз. Осы тыңдалға шығарма төңірегінде сұрақ қою арқылы оқушылардың пікірлерін тыңдау.
І тоқсанда біз осындай халық арасынан шыққан композиторлармен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы мәтінмен танысып, оқушылардың пікірін тыңдап, әңгімелету.
Қазақ халқының ән дәстүріне таң қалған танымал орыс ғалымы Г.Потанин: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деп жазған. Осындай асыл қазынаны бізге жеткізуші халық арасынан шыққан дарындылар аз болмаған.олар халықтың ,асырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі ән-күйлерін, халық композиторларының шығармаларын кейінгі ұрпаққа еш бұрмалаусыз, сол қалпында жеткізді.
М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Жантілеуов, Ж.Елебеков, Д.Мықтыбаев, Ж.Қаламбаев, Т.Момбеков сияқты халық өнерпаздары, шын талант иелері, дәстүрлі ән-күйдің хас шеберлері рухани бай музыкалық мұраны жеткізумен қатар, оларды өз жанынан ерекше түсіндіре де білді. Дәстүрлі ән-күйлердің музыканың алтын қорына айналып, болашақ ұрпақтың есінде мәңгі сақталуы жоланды аянбай еңбек етті. Бұл өнер саңлақтары халықтың сүйіктісіне айналды.
Музыкалық сауаттылығы.
Сал -сері-бойына өнердің барылқ түрі дарыған халық өнерпазы.
Халық композиторы- арнайы музыкалық білімі болмаса да, өз жанына музыка шығаратын дарынды тұлға.
Кәсіби композитор- арнай музыкалық білім алған, өз жанынан музыка шығаратын дарын иесі.
Сабақты қорытындылау.
Үй тапсырмасы.
Бір халық әнінің немесе халық күйінің шығу тарихы туралы жазып келу.