7


  • Учителю
  • Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған сценарий конспектісі

Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған сценарий конспектісі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала















«Балдәурен» мектепке дейінгі дамыту және тәрбиелеу орталығы» КМҚК















Тақырыбы: «Жасай бер, Қазақ елі»











(ҚР тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай алдын ала ұйыцмдастырылған іс - шара сценарий конспекті)

















Құрастырған: Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипова

















Рудный қаласы Ақпан айы 2016жыл







«Жасай бер - Қазақ елі» мерекелік ертеңгілігі

(ҚР тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай алдын ала ұйыцмдастырылған іс - шара сценарий конспекті)

Құрастырған: Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипова

Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.

Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар залға қолдарына көк туларын желбіретіп кіреді.

Жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүрг: Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,

Серпін таста мұңды жүрек түндігін

Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық

Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!



Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.

Мультимедиялық тақтадан Президент қалай сайланғаны және Тәуелсіздігімізді қалай алғанымыз туралы кино көрсетіледі.

Жүрг: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік әнді қабыл алыңыздар:

«Егемен ел» әні орындайтын Балапан ересек тобын қарсы алыңыздар.

Жүрг: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік жылы лебіздерді қабыл алыңыздар:

Ботақан 2 - сәбилер тобы шығып қазақ тіліндегі тақпақтарын айтады.

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн



Жасай берсін ұлы күн

Үміті боп елінің.

Ақ күні боп баланың

Шаттығы боп Ананың

Он алтыншы желтоқсан

Елдің ұлы мейрамы

Жаңа шыққан көктемдей

Жаз күніндей жайдары



Арымыздай тап-таза

Жанымыздай шуақты

Көтерілді биікке

Қазақстан байрағы



Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

Жүрг: шетсіз шексіз қиырсыз ұлы дала

Шуақ болып шашылмай жылына ма

Сүй отанды шынымен сүйіп өт те

Гүл боп қадал ойына, қырына да

Би «Астана вальсі» орындайтын ересек Құлпынай тобы қарсы алыңыздар.

Залға әуенімен әндетіп, Алдар көсе келеді.

Көрініс: «Алдар көсе мен Шығайбай»

Үстел басында Шығыбай мен оның әйелі отырады. Атпен музыка әуенімен шауып залға Алдар көсе келеді.

Алдар: Мен Алдармын, Алдармын

Бәріңді мен алдаймын

Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар. Мен осы жақтан көңілді өлеңдерді естіп, тойға келдім,құттықтайын деп. Мерекелерің құтты болсын! Ойбой, мына тұрған Шығыбай байдың киіз үйі ғой. Ішінен піскен еттің иісі шығып тұр.Қазір балалар, мен олардың үйіне барып, оларды алдап кетейін, сендер айтып қоймаңдар.

Алдар көсе есікті қағып, байдың үйіне кіреді: Ассалаумағалейкұм,баеке!

Шығыбай: Уағалейкум-ассалам! Біздің жақта не істеп жүрсің?

Алдар: Мен жоғалған қойларымды іздеп жүрмін.

Бай: Сенде қой бар ма?

Алдар: Иә, бір атар қойым бар еді, соны іздеп шаршадым. Сіздің үйіңізде 1 түн қонсам қалай көресіңдер?

Бай: Қонсаң, қон. Әй кемпір, қонаққа төсек сал.

Түнде бай мен әйелі ұйықтап жатқанда,Алдар көсе тұрып, қазандағы етті жеп, жемегенін қойнына тығып алып, кетеді,орнына балта тастап. Таңертең бай мен кемпір тұрады.

Бай: Әй, кемпір әлгі Алдар көсе кеткен ғой. Қане, анау қазаннан етті шығар жеп алайық. Кеше кешке де сол үшін тамақ ішпей ұйықтап қалдық - деп, ішін сипалап отырады. Кемпірі қазанды ашса, ішінде балта жатыр екен, ойбайлап: Алдады, алдады ғой бізді Алдар көсе! - деп айғалайды.

Бай: Тез жүр, қуып жетейік, алыс кеткен жоқ шығар - деп, екеуі шығып кетеді.

Алдар көсе оралып келеді: Балалар, Шығайбай кетті ме? Ойын ойнамай, ән салмай, өсер бала бола ма? Демекші,келесі кезекті ойынға берейік.

1ойын «Көтермек»

2ойын «Асық жинау»

3ойын «Орамалды бер»

Ойыннан кейін балалар қонақтарға тақпақ айтып береді:

Келесі кезекте балапан ересек тобының жылы тілектерін қарсы алыңыздар.

Естісін ел үніңді,

Дүние түгел естісін.

Тәуелсіздік туыңды

Биік көтер, жас ұлан!



Зеңгір аспан, көгілдір

Алтын күні төрінде

Тамылжытып, төгіп нұр

Шаттық сыйлар көңілге



Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр

Жылдарыңыз жайдары.



Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркіндеп,

Бала өседі талапты



Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі

Тұнығындай көңілді, -

Ортада - аспан әлемі.



Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.



Ән «Туған жер» орындайтын ботақан 2 - сәбилер тобы қарсы алыңыздар.



Би: «туған жер» вальсі орындайтын балапан ересек тобы.

Жүрг: Еліміз егемендік алып, міне сендер таза ана тілінде сөйлей бастадыңдар. Тіліміз бен дініміз қайта оралды. Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары сендерсіңдер. Болашақтарың жарқын болатынына сенімім мол. Енді Отанымыз жайында тақпақтар тыңдайық.

Ересек құлпынай тобының жылы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

Шұғылалы таңымыз,

Қазақ жері - бағымыз

Қайнарынан мөп-мөлдір

Сусындайды жанымыз.



Қазақ жері - сәніміз

Мәуесі мол бағымыз

Саясында жетілер

Балдай бала шағымыз

Отанды біз атамекен

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз



Отанды әркім анасындай,

Қастерлейді бағалап

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан - ана, Отан - үлкен,

Қазақстан - туған ел.



Ашық болсын десек елдің аспаны

Мөлдір судай тұнық болсын жастары

Сәбилерге үлгілі өнер көрсеткен

Балабақша тәрбиенің бастауы



Ән отан туған еліміз орындайтын ересек құлпынай тобы.

Би кадриль орындайтын ботақан екінші сәбилер тобы.

Ән «Жаса қазақстан» орындайтын даярлық гүлдер тобы.

Жүрг: Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып,білімдеріңді сынағым келіп тұр.

1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев)

2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

3.Біз қандай елде тұрамыз?

Жүрг: Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар болып өсетіндеріңе сенімдімін.

Жүрг: Тал шыбықтай бұралған, қазағымның қыздары-ай

Сүйсіндірген биімен, өнерлі ғой қыздар-ай.

Би жаса қазақстан орындайтын даярлық гүлдер тобының қыздары

Жүрг: Біз көпұлтты егемен елміз. Тілімізге, дінімізге бөлінбей тату-тәтті бір аспанның астында, бір мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Түсімізге, нәсілімізге қарай да бөлінбейміз. Қазір достық туралы тақпақтарымен даярлыық гүлдер тобын тыңдайық.

Барлық елдің бөбегі

Бір-бірімен туысқан.

Бәрімізге төгеді,

Өз шуағын күміс таң.



Бейбітшілік әніміз

Бауырласпыз бәріміз,

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз.

Ұлы Отанның аясында

Жадырайды жанымыз.



Бізбен бірге бар әлем,

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген,

Өмір қандай тамаша

Жүрг: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсындеп тілейміз. Егеменді елдің болашағы - сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді «президент ән» әнімен аяқтағым келіп отыр.

Ән «президент әні » барлық топ хормен айтады.

Көңілді музыка әуенімен барлығы жалпы суретке түседі.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал