7


Кино және музыка. 3- Сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні : Музыка

Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы:

Кино және музыка

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Б)Коммуникативтік

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

Ұстаз еңбегін бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ? - ұстазымыз,

Өнер - білімге құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Ән жаттау . Тақырып оқу .

Оқушы үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.


ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі



Музыкасыз өмір сүреңсіз. Олсыз өмірдің сәні де, дәмі де, мәні де жоқ. Мұныма бәріңіз келісерсіздер? Өркениет қанат жайғаннан бері музыка адамның сенімді серігіне айналды. Ал кино өндірісі де музыкасыз қараң қалушы еді.Өздеріңіз байқайтын әр кинофильм музыкасыз дүниеге келмейді. Бәрінде аса ұзақ болмаса да бір қойылып алады. Кез келген жарқын-жарқын сценарий желілері музыкамен әрленеді. Сонымен қатар осы музыка жанры туралы талай кинофильм де жарыққа шыққан. Музыка жай өмірде де, өнерде де адамға күш беріп, шығармаға сән беріп келеді. Ал тек музыка жайлы жарық көрген кинофильмдер бөлек әңгімені талап етеді. Біз бүгін сіздерге сондай кинофильмдер жайлы айтып бермекпіз. Мүмкін сіз мына кинофильмдерді көріп те қойған боларсыз: «Пианиношы туралы аңыз» («Легенда о пианисте») Музыкалық драма жанрында түсірілген бұл кинофильмде өзінің рояль аспабымен жолаушылардың көңілін аулап, бар өмірін кемеде өткізетін ерекше музыка өнерінің шебері туралы айтылады. Оны жұрт кім деп атамады десеңізші! Т. Д. Лемон, Новеченто, Дэнни Будмен… Басты рөлдегі кейіпкерді Тим Рот сомдады. Бірақ оның есімдерінде неміз бар? Оның өнері жайлы әңгіме қозғалса, ауыз жауып отыра алмаймыз. Кинофильмнің негізгі атауы - "Legend of 1900". Бәрі неден басталып еді? 1900 жылы бір күтуші қызметкер ойламаған жерден лимон ағашының астынан қорапқа салынған жас нәрестені тауып алады. Сол тастанды ұлдың қалай да пианиноға әуестеніп кеткендігін ешкім де аңғармай қалды. Оның ойыны уақыт өте келе жақсара берді. Жас бала күн сайын туа біткен дарынын шыңдап, елді елеңдете берді. Бір жыл өткен соң оның бір оркестрде бірге жұмыс жасаған музыкашы жақын досы есіне түсіп, өткен оқиғалар өрнегі көз алдымызда тізіледі. Кинофильм уақыт бөліп көруге тұрарлық дүниенің негізінде түсірілген. Көрерменге музыканың айрықша құдыреті арқылы лирикалық көңіл-күй сыйлай алатын кинотуынды өз бағасын алып та үлгерген.

Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қаласында бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі - Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 жылы Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, Испания, Үндістан, Қытай, т.б. елдердің өмірінен түсірілген этнографиялық, тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келді. 1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің 5-съезін Мәскеу киношежірешілерінің пленкаға түсіруі Қазақстандағы бірінші кино түсіру қадамы болып саналады. Сол жылы орталық "Культкино" студиясы жасаған "ҚАССР-нің 1 жылдық мерекесі" атты тұңғыш деректі фильм шықты (қ. Кино). Киноның негізгі түрлері: көркем фильм, ғылыми-көпшілік кино, деректі кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бір саласы, фильмнің әдеби, көркемдік негізі болып табылатын - кинодраматургия, кино өнерінің жанры, бейнелеу құралдарының бірі - киномузыка және тұтастай кино өнері мен оның ерекшеліктерін, түрлерін және жанрларын зерттейтін ғылым саласы - кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ киносы өзінен бұрынғы дәстүрді лайықты жалғастыра отырып, әлемдік кино өнері туындыларының байқауларында жүлделі орындарға ие болды; қ. Кинофестиваль, Қазақ киносы, "Қазақфильм".
Қазақ цирк өнері көшпенді тіршіліктің ыңғайымен біте қайнаса дүниеге келді. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзіл-ажуа сөздермен көпшіліктің көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Музыкалық сауаттылық:

«Фа, соль» нота.

Сөз қорына жаңа сөз қосылады

Ән жаттау:

Б.Ғизатов С.Жиенбаев.

«Біздің ән»

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

Үйренсең нотаны,

Ән де саласың.

Барлығын оп- оңай

Жаттап аласың

Сен де қосыл жасқан ба,

Әнің жетсін аспанға.

Шырқалсын әрқашан

Әсем ән ғана ,

Шырқасын бұл әнді

Күнде бар бала.

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау:

А.Зацепин.

«Біздің сүйікті дәрігер»

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

Әртүрлі балаларға арналған кино, мультфильмдердің әуенін жіберу арқылы «Таныс әуен» ойынымен бекітеміз .

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы жаңа материалды қорытындыл-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру; Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды. Баға алған оқушы күнделіктеріне бағаларын қойғызады.


Үй тапсырмасы

Ән жаттау . Тақырыпты оқып келу .

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады


Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал