- Учителю
- Сабақ жоспары: 'Сабақ берудегі халық педагогикасының маңызы' 7 сынып
Сабақ жоспары: 'Сабақ берудегі халық педагогикасының маңызы' 7 сынып
Сабақ берудегі халық педагогикасының маңызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тәлім-тәрбиесін, өз сабағымда қолдану.
Тәрбиелігі: Оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрлері, ырым-тиымдары арқылы өз елін сүюге, құрметтеуге, өнерін қадірлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларға ұлттық тәрбие туралы түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, шығармашылығын, санасын, патриоттық сезімін дамыту.
Сабақтың түрі: шығармашылық сабағы
Типі: Дәстүрлі ойын түрінде
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, аспап, оқулық, карточкалар, қоржын, асық.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
а) Оқушының оқу құралын тексеру
ә) Оқушының назарын сабаққа аудару.
2. Кіріспе - мұғалімнің сөзі
Кіріспе:
Халық педагогикасы - дегеніміз адамның жан дүниесін тәрбиелейтін және зерттейтін ілім» деген. Қандай да болмасын халықтың ұлттық ерекшеліктермен ұлттық психологиясына , салт - дәстүріне мән бермеу ұрпақтар сабақтастығының жойылуына әкеп соқтырады .Сондықтан , сыныптан тыс щаралар жүргізуде , халық педагогикасына сүйеніп , оның бай тәжірибелерін кеңінен қолдануымыз керек
Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал үлкенді құрметтейтін- әділ,ержүрек, ізгі ниетті , ар- ожданы мол болып өссін деп армандайды , бұл мәселені өзінің тұрмыс - салтына байланысты шешіп отырады .
Халық педагогикасы ұрпақтан - ұрпаққа қажетті қасиеттерді жинақтаған тәжірибе , оның мақсаты , ұлттық ерекшелігімізді айқындай түсетін , өнегелі азамат саналы ұрпақ тәрбиелеу Қаншама заман өтседе маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім - тәрбиенің түп қазығына айналдыру , ата- ананың да , мұғалімнің басты борышы
Үй тапсырмасы: 1. Үйге қандай тапсырма берілді?
Оқушы жауабы:
2. «Халық күйлері» деп қандай күйлерді шертеміз.
Оқушы жауабы:
3. «Қаражорға» күйі қандай көңіл-күйде орындалады.
Оқушы жауабы:
4. Темпі Қандай ?
Оқушы жауабы:
5. Кілт белгісі бар ма?
Оқушы жауабы:
6. Енді қыздар туралы қандай мақалдар білесің?
Оқушы жауабы:
Қыз өссе, елдің көркі
Гүл өссе, жердің көркі
Қыз үйдің сәні, гүл жердің сәні деген мағынаны білдіреді.
Қыздың жиған жүгіндей. Яғни ол қыздың ұқыпты, тәрбиелі ұстағанын айтады.
Мысалы:
Қыз қосылса теңімен жыламайды.
Көздің жасын көл қылып бұламайды
Үй тапсырмасының қорытындысы:
Халық күйі неше буынға бөлінеді
Халық күйлері ұрпақтан - ұрпаққа жеткенімен, шығарған күйшілердің аты - жөні ұмыт болуынан халық күйі деп аталған. күйшілер домбыраға құдірет бітіріп, неше түрлі дыбыс шығара білген. Халық күйлері халықтың тұрмыс - салт көріністерін адамның тағдырын, жалпы өмірдегі болмысты суреттеп баяндайтын күй. Халық күйлері ғасырдан - ғасырға ұласа беретін тұтас музыкалық тұлға. Музыка өнерінің ең бай саласы - күй өмірі. Ел арасына көп тараған халық күйлерінің бірі «Кеңес» күйіне тоқталайық. Ерте заманда ел ішіндегі елең етер оқиғаларды данагөй қарттарымыз ақылымен, сабырмен кеңесіп шешіп отырған. Алыс жолға жол сілтеп, бата беріп шығарып салатын болған. Осындай көріністі көрген күйші қарттарға риза болып бір күй ойнапты. Бұл күйдің бір сырында жәй екпінде ойналғанына қарап атын «Кеңес» деп қойсақ деген екен. Күйді үнтаспадан тыңдау.
І. Күйдің ойналуын тәсілін түсіндіру.
ІІ. Орташа екпінде орындалады.
ІІІ. Қағысы: П П І П V П
Күйде бармақты іліп ойнау белгісі.
Күйді жәй екпінді санап тактілеп ойнау.
Сабақты бекіту.
І. Үнтаспадан қандай аспаптардың үнін тыңдадық? (үскірік, жетіген, шаңқобыз, шертер, сыбызғы)
ІІ. Күй қандай екпінде орындалады
Оқушыларды күй ойнау деңгейіне қарай бағалау.