7


  • Учителю
  • Ансамбль сыныбының репертуарлық бағдарламасы

Ансамбль сыныбының репертуарлық бағдарламасы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ансамбль сыныбының репертуарлық бағдарламасы



2014-2015 оқу жылы

р/с

Репертуар

Мерзімі

1.

Ансамбль сабағын ұйымдастыру

Қыркүйек

2.

Халық күйі «Кеңес»

Қыркүйек-Қазан

3.

А.Райымбергенов «Секіртпе»

Қараша-Желтоқсан

4.

Н.Тілендиев «Әлқисса»

Қаңтар

5.

М.Әубәкіров «Наркескен»

Ақпан

6.

Құрманғазы «Балбырауын»

Наурыз- Сәуір

7.

Қазанғап «Шыныаяқ»

Мамыр-Маусым





Бағдарлама мақсаты:

Оқушының аспапта еркін орындау мәдениетін қалыптастыру, аспапта еркін ойнау нәтежелерге жету,принцептерін ідестіру.Шебер орындаушы ретінде қалыптастыру.



Міндеттері:

  • аспаптық өнерді жан-жақты дамыту;

  • табиғи қалпы сақталған, әуен ырғағы бұзылмаған, бұрынғы нұсқасы өзгермеген күйлерді оқушыларға үйрету;

  • Күй жанрының негізін үйрену;

  • күй туралы және күйдің аңыз әңгімесін тыңдаушыға әрі түсінікті әрі қызықты етіп айту;

  • Күй жанрын ұлттық өнер ретінде меңгерту;

  • Күйдің мән -мағынасын,түрлерін ажырату арқылы тыңдаушы мәдениетін қалыптастыру;

Күтілетін нәтижелер:

  • Әр оқушы аспапты еркін меңгеріп,ұлттық өнерге деген көз қарасы түзеледі;

  • Күйдің мән мағынасын түсініп ажырата біледі;

  • Кәсіби бағдар алып,болашақ кәсіби мамандық алуына жол ашады;

  • Музыкалық шығарманы немесе күйді өз бетінше талдау жасап орындай алатан музыкант болады;



Түсінік хат

Ұлттық музыка аспабы домбыраның дыбыстық ерекшелігіне, әуендік-әуездік мүмкіндігіне , мән бере отырып, домбырашылар ансамблін ұйымдастыру- оқушылардың білімі, біліктілігін дамытумен қатар,олардың бойындағы өнертанымдық ,ұлттық, рухани қасиеттерін кеңейте түсу. Осы саладағы оқу-тәрбие жұмыстары нәтижелі болуда, сан жылдар бойы қалыптасқан заңдылықтар мен теорияларға, әдістер мен принциптерге сүйеніп, ғылыми педагогикалық негізде өткізілуге тиіс. Сонда ғана бұл жұмыс өз нәтижесін бермек.
Ансамбль ұйымдастыру кезеңінде қойылатын басты талап - репертуар таңдау. Репертуар бүгінгі өмір деңгейіне сай терең мазмұнда, көркемдік педагокикалық талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде және оқушылардың жас ерекшеліктеріне, аспаптарда ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес болуы тиіс. Демек, жетекші ансамблдің ойналатын репертуарына шығармашылық тұрғыдан келіп, оның идеялық-эстетикалық мәнін, көркемдік ерекшелігін дұрыс ашып таныта білгенде ғана оқушылар музыканы терең сезініп, дұрыс түсіне білу қабілетін дамытып, дүние танымы кеңейе түседі. Репертуар іріктеуде бірімен-бірі тығыз байланысты бірнеше мәселеге көңіл аударған жөн.
Ансамбль құрамын тұрақтандырып, оқушылардың белсенділігін арттыру үшін не істеу керек? Алдымен айтарымыз - бұл жетекшінің тапқырлығы мен шеберлігіне байланысты. Ол әр-сәт, әрбір ансамбль мүшесінің психологиялық рухани дүниесін, ой-өрісін дәл басып, сезіне білуге тиіс. Ансамбль дайындығының алғашқы кезеңіндегі тәрбие, ұйымдастыру жұмыстары оның бір арнаға түсіп қалыптасуына, оқушылардың дайындыққа үлкен шығармашылық шабытпен кірісуіне, өзі үйренбекші болған шығарманың мазмұны мен көркемдігін терең түсінуі зор мүмкіндіктер туғызады.Оқушының музыкалық аспапты игерудегі ғылыми принціптерді дұрыс сақтауы үшін оркестр жетекшісі мына шарттарды еске сақтауы қажет: Біріншіден, алғашқы үйрену кезеңіндегі жұмыс үрдістеріне байланысты заңдылықтар мен теорияларды, ережелерді нақтылы өз мағынасында, дәлме-дәл түсіндіру. Бұған жататындар - домбырашының отырысы, қол мен саусақтарды аспаптарға дұрыс қоя білуі, аспаптан музыкалық дыбыс әуенінің мәнді шығуы, штрихтар, апликатурасы, т.б. Егерде бұл талаптар дайындық кезеңінде тиянақты қалыптаспаса, оқушы аспапты өз мәнінде игере алмайды да алға қойған мақсаттың жүзеге асуы қиын соғады.
Ансамбль ұжымының (оқушылардың) тәжірибесіне, музыкалық қабілеті дәрежесіне, белсенділігіне байланысты дайындық тәсілдері мен формалары да әртүрлі болып келеді. Мысалы ансамбль концертке шығатын болса - практикалық ойнау тәсілі, ал жаңа шығарманы игеру барысында әңгіме және көрнекілік тәсілдері кеңінен пайдалынылады. Сонымен қатар өзіндік жұмыс істеу, зерттеу және проблемалық, сұрақ-жауап әдістеріне де ерекше көңіл аударған жөн. Ансамбль дайындығының мынандай жұмыс түрлері болады: 1. Шығарманы бастан аяқ бірнеше рет қайталап, көркемдік дәрежеге дейін жеткізу.

2. Бір- бірін тыңдап ойнау.

3.Шығарманың техникалық жағын жетілдіру.

4.Концерттік дайындық.
Әрине ансамбль шығармашылық жетістікке жетуі үшін оның дайындық формалары жан-жақты болып, методикалық жағынан түрленіп отыруға тиіс.
Жетекші әр ойналатын композиторлардың өмірі мен шығанмашылығы жайында қызықты деректер айтып, сазгерлердің өмірінен хабардар етіп отырса ,ансамбль мүшелерін ізденіске ұмтылдырады.



Пайдаланған әдебиеттер:



1. Жұбанов А. Құрманғазы. - Алматы, «Жалын», 1978.

2. Мерғалиев Т. Домбыра сазы. - Алматы, 1972.

3. Музыка мектебінің домбыра тенор класына арналған программа. - Алматы, «Мектеп», 1996.

4. Тастанов Х. Домбыра оркестірін қалай ұйымдастыру керек. Алматы 1999.

5. Өтеген Спанов. Оқушылардың халық аспаптар оркестрі - Алматы 1999.



Бекітілді: Келісілді: Әдістемелік кеңесте Қазанғап Тілепбергенұлы Оқу жұмысы жөніндегі қаралды: атындағы саз мектебінің директоры: орынбасары:_______ Хаттама№_________ _____________А.Б.Сүлеймен Г.Г.Үмбетова «____»_________20______ « ___»__________20____ «____»_______20______

Ансамбль сыныбының репертуарлық

бағдарламасы 2 -3 сынып



Ансамбль жетекшісі : Н.Т .Төремұратова



Шалқар 2014ж





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал