- Учителю
- Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: Математикалық викториналар.
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: Математикалық викториналар.
Математикалық викториналар.
Логарифмнің даму тарихына байланысты
-
Логарифмді ойлап шығарған ғалымдар қай елден, олар кімдер? Жауабы: Шотландия маематигі Джон Непер (1550-1617), швейцариялық И. Бюрги және ағылшын математика профессоры Г. Бригг (1556-1630).
-
Натурал логарифмдердің алғаш таблицасын жасаған кім? Жауабы: Өзінің «Жаңа логарифмдер» (1619 жылы) деген еңбегінде ағылшын математигі Спейдель жасады.
-
Натурал логарифмдердің кемелденген кестесін жасаған кім? Жауабы: Голландия математигі Вольфрам, оның кестесі 1778 жылы шыққан.
-
Ресейде ондық логарифмдер кестесі қай жылдары шықты? Жауабы: Ресейде алғаш 1703 жылы, қайта басылып 1719 жылы шықты.Оны математика су қатынас мектебінің оқытушылары Л. Магницкий, А. Фархварсон және Т. Гвин жасады.
-
Натурал логарифмдерді басқаша қалай атайды? Жауабы: «Гиперболалық логарифм.»
-
Логарифмдік сызғышты ғылыми негізінде жасаған кім? Жауабы: 1623-1627 жылдар арасында Лондон университетінің профессоры Гунтер (1581-1626).
-
Гуетер сызғышын жетілдірген кім? Жауабы: 1633 жылы ағылшын ғалымы Оутред (1574-1660).
-
Тәжірибеде қолданылатын сызғышты алғаш жасаған кім? Жауабы: 1627 жылы ағылшын ғалымы Вейнсгат.
-
Жиі қолданылатын логарифмдік сызғыштың ұзындығы қандай? Жауабы: 250мм.
-
Логарифм теориясын жасаған қандай ғалымдар еді? Жауабы: Италия ғалымы Сент-Винцент (1584-1667), неміс ғалымы Н. Меркатор, ағылшын ғалымы Б. Тейлор (1685-1731), И. Ньютон (1643-1727), математик Л. Эйлер.
-
Кез келген логарифм ондық бөлшектен тұрады. Оның бүтін бөлігін характеристика, ал бөлшегін мантисса деп атайды. Осы мағынадағы мантисса сөзін математиктерге кім ұсынды? Жауабы: Л. Эйлер өзінің « Введение в анализ бесконечно малых» (1748) атты еңбегінде бұл сөзді логарифм ушін пайдаланды. Әрине, мантисса сөзі бұдан да бұрын колданылды. Мысалы, ағылшын математигі Дж. Валлис санның бөлшек бөлігін белгілеу үшін пайдаланады.
-
Натурал логарифм терминін ғылымға ұсынған кім? Не үшін алынды? Жауабы: Голландиялық картограф, ғалым-математик Герард Меркатор (1523-1594), Д. Непердің құрметіне осылай атаған.
-
Логарифмдік есептеудің идеясын алғаш кімдердің еңбегінен байқаймыз? Жауабы: Архимедтің «қиыршықтар есебі», әл-Кәшидің 1427 жылы жазылған «Арифметика кілті» деген еңбектерінде логарифмнің идеясы баяндалған.
-
Логарифм арқылы жоғарғы басқыш амлын төменгі басқыш амалына келтірудің негізгі идеясын кім, қандай еңбегінде баяндаған? Жауабы: Неміс математигі Штифельдің (1486-1567) «Всеобщая арифметика» (1544) деген шығармасында баяндалған.
-
Характеристика терминін математикаға кім енгізген? Жауабы: Генри Бергинст.
-
Натурал логарифмнің негізі үшін алынатын е таңбасын кім ұсынған? Жауабы: Л.Эйлер өзінің «Механикасында» 2,718... санын тұрақты белгілеу үшін «е әрпі натурал немесе гиперболалық логарифмнің таңбалаүы болады»,-- деп жазды.
-
Мантисса қай елдің, не деген сөзі? Жауабы: Латынның мантисса-үстеме, қосымша деген сөзі.
-
Логарифм қай елдің, не деген сөзі? Жауабы: Бұл «лог» және «арифм» элементтеріне құралған. Грек тілінде логос- ілім, аритмос- сан, қатынас. Сонда логарифм - сандар арасындағы қатынасты зерттеу деген сөз.
-
«Логарифм терминін ғылымға енгізген кім? Жауабы: Джон Непер
-
«Логарифмді ойлап табу бірнеше айлық есептеу жұмысын бірнеше күнге, ал астрономдар үшін өмірін екі есе ұзартқанмен тең болды»,-- дегенді кім айтты? Жауабы: Француз математигі С. Лаппас (1749-1827).
Теңдеу тақырыбы бойынша викториналар.
-
Гректер алгебралық есептерді қалай шешті? Жауабы: Геометриялық әдіспен.
-
Толық квадрат теңдеуге арналған есептер, алғаш рет кімнің, не деген еңбегінде кездеседі? Жауабы: Үнді математигі Ариахбаттаның (б. э.V ғ.) «Ариахбаттизм» деген еңбегінде алғаш рет толық квадрат теңдеуге арналған есептер ұшырасады.
-
Квадрат теңдеудің шешімін табуға арналған формулана кім ұсынды? Жауабы: Үнді математигі Сриддхара ( б.э ХІ ғ.)
-
Қайта өрлеу дәүірі (ХV ғасырдың бірінші жартысы) алгебрасының ұлы жетістігі неде? Жауабы: Сципион дель Ферро (1465-1526), Н. Тарталья ( 1506-1559) және И. Карданонның (1501-15769) куб дәрежелі теңдеуді, Кардано шәкірті итальян математигі Л. Ферраридің (1522-1565) төртінші дәрежелі теңдеуді шешуі қайта өрлеу дәуірі алгебрасының ұлы жетістіктерінің бірі болып табылады.
-
Дәрежесі 4-тен жоғары алгебралық теңдеудің жалпы түрін шешуге болмайтындығы туралы теореманы ашқан кім? Жауабы: 1826 жылы Норвегия математигі Н. Г. Абель (1802-1829).
-
Алгебралық теңдеудің түбірлерінің бар болуы туралы теоремасының дәлелдемесін қай елдің, кім деген математигі көрсетті? Жауабы: 1799 жылы неміс математигі К. Ф. Гаусс (1777-1855).
-
Орыс тілінде алгебрадан тұңғыш кітап 1752 жылы әскери инженер Николай Ерофеевич Муравьев (1724-1770) жазды.
-
Алгебралық символика алғаш рет кімнің