- Учителю
- Урок по математике на тему 'Натурал сандардың 2-ге, 5-ке және 10-ға бөлінгіштік белгілері'
Урок по математике на тему 'Натурал сандардың 2-ге, 5-ке және 10-ға бөлінгіштік белгілері'
Күні: 03.11.2015ж
Сыныбы: 5 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың 2-ге, 5-ке және 10-ға бөлінгіштік белгілері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды жұп, тақ сандармен таныстыру. Санның соңғы цифрына қарап, оның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін ажырата білуге үйрету. 10-ға бөлінетін сандардың барлығыныңда 2-ге де, 5-ке де бөлінетіндігін пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды өзара көмек беруге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тақта, бор, кітап, білім бағалау парағы.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныптағы оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
3. Жаңа сабақты түсіндіру:
Сандардың жазылулары бойынша, бір санның екінші санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже бөлінгіштік белгісі деп аталады.
1. 2 санына бөлінгіштік белгісі:
2-нің еселіктері: 2,4,6,8,10,12,14,16,18,20...
Осыдан 2 санына еселік сандар жазылуы 0,2,4,6,8 цифрларымен аяқталатын сандар.
Жұп цифрлар: 0,2,4,6,8
Тақ цифрлар: 1,3,5,7,9
Жазылуы жұп цифрлармен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді.
2-ге бөлінетін сандарды жұп сандар, 2-ге бөлінбейтін сандарды тақ сандар деп атайды.
Мысалы:10,46,18,24 -жұп сандар, 15,13,27,39- тақ сандар
2. 5 санына бөлінгіштік белгісі.
5 санына еселік сандар: 5,10,15,20,25,30,35...
Жазылуы 0 немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді.
Мысалы:125:5=25, 220:5=44
3. 10 санына бөлінгіштік белгісі:
10 санына еселік сандар:10,20,30,40,50,60...
Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 10-ға бөлінеді.
Мысалы: 30:10=3 120:10=12 1070:10=107
4. Есеп шығару:
196. Тақ сан:71,107,379,653,10895,
Жұп сан: 54,60,102,208,420,620,1000,5632,13786
197. 1) 144,184,278,520,990,646
2) 415,520,990,825,975
3)520,990,
199 а) 916+328=1244 , б) 270+565=835, г) 315+650=965 е)450+315=765
1) 2-ге бөлінетіндер: 1244,
2)5-ке бөлінетіндер: 835,965,765
200 а) 7*6=42 б) 13*10=130 г) 7*20*3=420 е) 2*5*23=230
1) 2-ге бөлінетіндер: 42,130,420,230
2)5-ке бөлінетіндер: 130,420,230
3) 10-ға бөлінетіндер: 130,420,230
201.х - шығарманың оқылмаған беттері.
4х - шыңарманың оқылған беттері.
Есептің шарты бойынша: х + 4х = 5х
Берілген сандардан 5-ке бөлінетіні - 145 саны.
5х = 145; х = 29 (оқылмаған беттер)
202. С.175 себебі: 175:5=35
203. 4+1=5 145:5=29
5. Бекіту сұрақтары:
1. Қандай цифрлар жұп цифрлар деп аталады?
2. Қандай цифрлар тақ цифрлар деп аталады?
3. Қандай сандар жұп сандар деп аталады?
4. Қандай сандар тақ сандар деп аталады?
5. Қандай сандар 2-ге бөлінеді?
6. Қандай сандар 5-ке бөлінеді?
7. Қандай сандар 10-ға бөлінеді?
6. Қорытындлау және бағалау: оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты сабақты қалай меңгергендіктерін талдау, жақсы түсіне алмаған жерлерін қайталап түсіндіріп беру. Сабаққа қатысқан оқушылардың жұмысын бағалау.
7. Үйге тапсырма: 198,199(ә,б,д,ж),200(ә,б,д,ж)