- Учителю
- Открытый урок в 5 классе
Открытый урок в 5 классе
Күні: 5.03.2015ж
Сыныбы: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Ондық бөлшектерді көбейтуді үйрету.
ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту, тиянақты жауап беруді талап ету, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылыққа жетелеу;
б) тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа жылдам ойлауға , ойын қорыта білуге тәрбиелеу, ізденуге, өзін-өзі басқаруға, ұжымдылыққа, белсенділікке тәрбиелеу, жауапкершілікті сезіне білуге үйрету;
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Ойын, жарыс сабақ, практикалық (есеп шығару).
Сабақтың көрнекілігі: Өткен материалды қайталауға арналған шар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: «Шарды ұста» ойынымен үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Сабақты түсіндіру кезеңі:
- Оқушылар, сабақ жаңа сабақ емес, сондықтан ең алдымен ондық бөлшектерді көбейту есімізге түсірейік.
Ондық бөлшектерді көбейту үшін:
1) Үтірге назар аудармай натурал сандарды көбейтуді орындау керек.
2) Көбейткіштердің екеуінде неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек. Мысалы:
- Бүгінгі сабағымыз жарыс ойын түрінде өтеді. Ойынның аты: «математикалық сайыс». Ойында ондық бөлшектерді көбейтуге арналған есептермен қатар логикалық сұрақтар да кездеседі. Бұл ойынды ойнау үшін оқушылар екі топқа бөлінеді. Әрбір топқа 3 жүрекшеден беріледі. Жүрекше әрбір қате жауапқа өтеу ретінде шығындалып отырады. Ойынның мақсаты қарсы топқа қарағанда көбірек жүрекше жинау. Ойын соңында жүрекшелері көп топ жеңіске жетеді. Ойында сыйлыққа берілетін жүрекшелермен қатар мылтық пен зеңбірек кездеседі. Мылтық дегеніміз қарсы топтың бір жүрекшесін өз топтарына қосып алу мүмкіндігі, ал зеңбірек дегеніміз сұраққа жауап беру құқығынан айырылу мен өз жүрекшесін қарсы топқа сыйлау деген мағынаны білдіреді.
- Ал, енді балалар ойын шарты түсінікті болса, ойынымызды бастаймыз.
-Әрбір топ кезекпен ұяқшықтарды таңдай отырып, ұяшықтан шыққан сұрақтарға жауап берулері тиіс.
Ұяшықтарда кездескен тапсырмалар:
-
Акуланың жылдамдығы 28,5 км/сағ. Ол 0,2 сағатта неше километр қашықтыққа барады. Жауабы: 5,7
-
Амалды орындаңдар:
Жауабы: 54
-
Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кімнің бойы ұзын? Жауабы: Жанат
-
Қабырғасы a= 8,1дм; b=3,23дм болатын тік төртбұрыш ауданын табыңдар. Жауабы: 26,163
-
Ұн тартатын зауыт бірінші күні тонна, екінші күні оның 0,3- ындай, үшінші күні екінші күнгіден 1,2 есе көп ұн тартты. Ұн тартатын зауыт үш күнде барлығы неше тонна ұн тартты? Жауабы: 150,49 тонна
-
Бүтін бөлшек бөліктерден, атадан он баламыз,
Үтір айырып тұрады. бір-бір жастан арамыз.
Осы санды кім біледі, косылып кейде басымыз,
Аты қандай болады? азайып кейде қаламыз. Жауабы: Ондық бөлшектер -
Есептеп шығарыңдар:
Жауабы: 2,703
-
Әлібек ойлаған санын 2,5 есе кемітіп, нәтижесінен 18,25 санын азайтқанда 13,95 саны шықты. Әлібек қандай сан ойлады? Жауабы: 80,5
-
Теңдеуді шешіңдер:
Жауабы: 18
ІV. Үйге тапсырма беру: № 865,866
V. Сабақты қорытындылау.
- тақырып соңындағы сұрақтар бойынша;
- жіберілген біріңғай қателерді ескеру;
VІ. Оқушылар білімін бағалау.