- Учителю
- Конспект по математике: 'Жай бөлшек' (5 сынып)
Конспект по математике: 'Жай бөлшек' (5 сынып)
Автор публикации: Cадвакасова К.Б.
Дата публикации: 25.11.2015
Краткое описание:
предварительный просмотр материала
Жай бөлшектерді көбейту ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Бөлшектерді көбейту тақырыбын тірек конспектісі бойынша түсіндіруді қолдану. 1) ережесін жатқа білу, қолдана алу. 2. Дамытушылық: Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шыға-рудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 3. Тәрбиелілік: Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденіс-терін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір-біріне доста-рына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Топтық сайыс ойын сабағы. Сабақтың көрнекілігі: Тірек-конспект жазылған плакаттар, тест, логикалық есептер және сөзжұмбақтар жазылған кесте карточкалар, бағалау кестелері, төс белгілері. Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, қазақ әдебиеті. Сабақтың барысы: І. Ой қозғау: Нені біліп шығу керек? ІІ. Ой толғау: Нені білгіміз келеді? ІІІ. Ой қорытыу: Нені білдік? І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту, оқу құралдарын түгелдеу. ІІ. Үйге берілген есептерді тексеру. ІІІ. Бүгінгі сабақ топтық сайыс ойын сабағы екенін хабарлау. Оқушы-ларды үш топқа бөлу. І-топ: Дұрыс бөлшек. Топ басшысы ІІ-топ: Бұрыс бөлшек. Топ басшысы ІІІ-топ: Аралас сан. Топ басшысы: Әр топ бөлшектерге анықтама беріп, өз аттарын қорғайды. IV. Өткен сабақты пысықтау үшін қайталауға тест беріледі. Әр топтағы оқушылар өздерінің нөмірі бойынша тесттегі есептерді шығарады. Мұғалім ауыз-ша жауаптарын тексереді. Дұрыс жауаптар бойынша ұпай жинайды. Тест (қайталау) |