- Учителю
- Блум. «Жапырақша сұрақтары» 9 сынып
Блум. «Жапырақша сұрақтары» 9 сынып
«Жапырақша сұрақтары» («Ромашка вопросов Блума»)
Кім? Қайда? Қашан? Қалай?
Түсіну
Нақты сұрақтар. Күрделі сұрақтар
Мен дұрыс түсіндім бе?
Қолдану
Тәжірибелік
Қалай қолдану керек? Бұдан не істеуге болады?...
Талдау
Интерпретациялық
Неге? Неліктен?
Жинақтау
Шығармашылық сұрақтар
Егер .... не болады?
Бағалау
Бағалау
Қалай қарайсыз?
Жеңіл сұрақтар. Жауап беру кезінде белгілі мәліметтер айтылады. Бұл сұрақты дәстүрлі тексеру барысында қолданады. Мысалы: сынақ алғанда, терминдік диктант жазу барысында.
Нақты сұрақтар. Күрделі сұрақтар. Бұл сұрақтардың мақсаты оқушы өз айтқан тұжырымына кері байланыс жасау болып табылады. «Егер мен дұрыс түсінсем, сен ...», «Менің қателесуім мүмкін, меніңше сіз ..... туралы...?». Кей кездері бұл сұрақтарды белгілі бір мәлімет алу үшін қолданады.
Интерпритациялық (түсіндіруші) сұрақтар. Көп жағдайда «Неге? Неліктен?» сұрағынан басталады. Себебін зерттеп, анықтау мақсатында қолданылады. «Күзде ағаштың жапырақтары неге сарғаяды?»
Шығармашылық сұрақтар. Оқушыны ойландыруға бағытталған, тапқырлыққа итермелейтін сұрақтар. Мысалы: Адам қолында бес емес, үш саусақ болса, әлемде не өзгерер еді?
Бағалау сұрақтары. Белгілі бір оқиғалардың ерекшелігін анықтау мақсатында қойылады. Мысалы: Неліктен ол жақсы болды, ал бұл жаман?, Бұл сабақтың басқа сабақтан өзгешелігі неде?
Тәжірибелік сұрақтар: теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын ұштастыру мақсатында қойылады. Мысалы: Шынайы өмірде диффуззия құбылысын қайдан бақылауға болады? Осы шығарма кейіпкерінің орнында болсаң не істер едіңіз?
Блум таксономиясының сұрақтары.
Мәліметті жеткізу, өзі білетін мәліметті анықтау.
Ұқсастығын,айырмашылығын айту. 4 түрге бөлінеді:
-
түсіндіру (интерпритация) - негізгі ойды түсініп, оны басқа мәліметпен, өмірмен байланыстыру. Сұрағы қалай?
-
Аудару (трансформация) -белгілі бір ойын ұқсас нәрсемен алмастыру. Мысалы: сурет бойынша әңгімелеу.
-
Мысалдар -ой мен мысал сәйкес, дұрыс айтылғанын көрсетеді.
-
Анықтау - терминнің түсінігін беру немесе өз сөзімен түсіндіру. (берілген ережені қайталау емес)
Аудару, өзгерту, бейнелеу, тану, түсіндіру, айырмашылығын табу, баяндау. әңгімелеу, суретті түсіндіру, салыстыру, сәйкестендіру.
Орташа
Қолдану
Белгілі бір мәселені шешу үшін мәліметтерді қолдану. Мұғалімнің көмегінсіз берілген тапсырманы орындау керек. Мұғалім шешімнің дұрыстығына емес, орындау барысына назар аудару қажет.
Қолдану, байланыстыру, көрсету, жазбаша көрсету, ретімен орналастыру, сызып көрсету.
Орташа
Талдау
Шығарма құрылымын анықтап, жасырын ойларды анықтау. Оқушылар тапсырманы орындай отырып, өз бетімен қорытынды шығарады. Берілген мәліметті тереңірек меңгергенін көрсетеді.
Талдау сұрақтары мен тапсырмалары:
-
Іс-әрекетті анықтау;
-
Мазмұнын анықтау;
-
мотивация
1. Іс-әрекетті анықтау - берілген мәліметтен тысқары пікір айтып, өз ойларын дамытады.
2.Мазмұнын анықтау- екі пікірдің ұқсастығын табу.
3.Мотивация - себебін анықтау. Белгілі дәлелдер арқылы өз пікірін дәлелдейді.
Белгілеу, талдау, бөлу, бағалау, салыстыру, диаграммалау, дебат туғызу, сұрастыру, бөліктерін салыстыру, шешімін табу, себебін анықтау, дәлелдерді, айғақтарды қолдану.
Жоғары
Жинақтау
Шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, жаңа мазмұнын ашу. Өзінің ұсыныстарын, шарттарын, мүмкіндіктерін қолдана отырып жаңа модель құрастыру.
Жұмыс түрі мен қорытындысы:
-
шығармашылық жанр
-
жоспар құру, тәжірибе жүргізу
-
нақты түсініктерге негізделген нәтижелер.
Құрастыру, жоспарлау, ұсыну, жасау, орнына қою, ұйымдастыру, дайындау, жазу
Жоғары
Бағалау
Даулы мәселеде өз пікірін қорғау, шешім қабылдай білу. Оқушылар өз ойын айта отырып, соның негізінде қорытынды шығара білу керек.
Пікір айту, саралау, бағалау, салыстыру, қайта қарау, таңдау.
Жоғары