7


  • Учителю
  • Ашық сабақ «Шаршы,үшбұрыш,дөңгелек. Бір және көп,үлкен – кіші.Геометриялық пішіндер.»

Ашық сабақ «Шаршы,үшбұрыш,дөңгелек. Бір және көп,үлкен – кіші.Геометриялық пішіндер.»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім саласы:Таным

Тақырыбы: «Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек. Бір және көп,үлкен - кіші.Геометриялық пішіндер. »

Мақсаты: Балаларды 5-ке дейін санауға жаттықтыру, гоометриялық фигуралар (шеңбер,шаршы,үшбұрыш)жайлы балалардың білім деңгейін анықтау , заттарды өсу және кему ретіне қарай салыстыруға жаттықтыру, бөлшектерден бүтін зат құрастыруға үйрету, бір және көп деген ұғымдарды ажырата алу қабілеттерін нығайту.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекілік құрал: Геометриялық пішіндер,үйдің суреті.

Сөздік жұмыс Үкен,кіші.Мотивация











Ізденіс-ұйымдастыру

































































Рефлексия



Күз келді ,күз келді!

Бәріне мектепке баратын кез келді.

Балалар бақшасы да

оларды асыға күтеді.

Бүгін мен сендерге «Үйшік» (теремок) ертегісін айтып

Беремін. Бұл ерекше ертегі.

Тақтада үйшіктің көрінісі. Үшбұрыш пайда болды. «Жазда далада аласа да, биік те емес ерекше бір үйшік тұр.Сол үйшікке қарай бір үшбұрыш жақындап келеді. Ол үйшікке кіргісі келеді. Бірақ есікте құлып тұр.

-Ей, құлып, жылдам ашыл. Менің үйшікке кіргім келеді, - дейді үшбұрыш».

-Егер үшбұрыш сөйлей алған болса, өзі жайлы не айтар еді?(Түсі,3 бұрышы, 3 қабырғасы).

-Үшбұрыштың үйшікке кіргісі келіп еді,сиқырлы дауыс оған : Балалармен ойнасаң, кіргіземін - деді.



Д/о«Біреу және көп» Мақсаты:біреу және көп ұғымын ажырата алуға үйрету. Балалар заттардың арасынан бір және көп заттарды табады. Мысалы: Сағат біреу - ойыншық көп : тақта біреу - үстел көп .

Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады.Үшбұрыш: бұл кім? Деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атауды.Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді.

Шаршы да үйшікке кіруге рұқсат сұрайды,сонда үшбұрыш: балалармен ойын ойнасаң жіберемін - деді.

Д/о «Шаршы құрастыр» Мақсаты:Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.Шаршыны екі жұп болып жинайды.

Тағы бір қонақ келеді. Балалар, бұл кім?(Бұл дөңгелек).Дөңгелек қандай болады,ол не істей алады?

Шаршы мен үшбұрыш жаңа қонақты көруге шықты.

-Олардың дөңгелектен айырмашылығы қандай?

- Балалармен ойна, сонда есікті ашамыз.

«Фигураларды жаңа орынға көшір» Мақсаты:Сызық арқылы фигураларды салу.

-Үйшіктің ішінде қандай пішіндер тұрады?Пішіндер бізбен қандай ойындар ойнады?

Балаларды бағалау, талдау.

Балалар шеңбер жасап тұрады, өлең жолдарын қайталайды.





























Үлкен-кіші,биік-аласа,оң-сол,т.б







Балалардың жауабы.

Бір-бірін бағалау.





Күтілетін нәтиже:

Ұстап көру арқылы санауға үйрену.

Білуі тиіс: Артық-кем, қанша-сонша, тең ұғымдарын түсіне білу.

























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал