7


  • Учителю
  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6 сынып

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шығыс Қазақстан обылысы Жарма ауданы Әуезов кенті

«Бақыршық орта мектебі»КММ математика мұғалімі Айтимова

Гулсим Солтансейтовна

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сабақ мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді ықшамдауды және шешуді, есеп шартына қарай теңдеу құра білуге әр түрлі есептер шығару дағдыларын қалыптастыру, білім - біліктерін тексеру, бағалау.

Дамыту: оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, қазақтың салт дәстүрін бойларына сіңіру, өмірге деген көзқарасының дұрыстығын көрсете отырып түсіндіре дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды осы сабақ арқылы қазақи дәстүрлерді сақтауға, қазақтың «табақ тарту» дәстүрін үйренуге, біліп жүруге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Бекіту сабағы

Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, деңгейлік тапсырмалар,слайдтар

Сабақ жоспары:

Үйымдастыру

І. Бас табақ (сұрақ-жауап)

ІІ. Сый табақ (ауызша есптеу)

ІІІ. Құда табақ (деңгейлік тапсырма )

ІV. Жеңге табақ (кітаппен жұмыс)

V. Күйеу табақ (тірек сызба)

VІ.Сыбаға (бағалау, үйге тапсырма)

Сабақ барысы:

Үйымдастыру: : Саламатсыздарма оқушылар! Баршаңыз «табақ тарту» атты сабағымызға қош келдіңіздер!

Өзінің аты айтқандай бүгінгі сабақ күнделікті сабақтан ерекше. Қазақ халқы ежелден қонақжай халық. Келген қонаққа қой сойып ет асылады. Мал етінен қазақтың ұлттық тағамының ең бастысы ет асылып, табақ дайындалады. Құтты қонақтардың алдына жасалған табақтар тартылады. Табақ тарту олда өнер. Қазақта еттен табақ тартқанда оның ерекше құрмет дәрежесін білдіретін бірнеше табақ аттары бар. Алайда қонаққа ет тартудың өзіндік мәні мен өз ерешелігі бар. Осындай табақтарды жасау үшін, әдет-ғұрып пен салт -сананы білетін адам болғаны жөн. Әр табақ атына, маңызына қарай жасалады. Малдың әр мүшесінің атаулары, сол мүшелерден қонақтарға бөлінетін сыбағалар бар. Сыйлы қонақтарға ең жақсы жерін атап салады. Ет пісіп болған соң, ет бөлуші кісіге қай қонаққа қандай табақ тарту керектігін айтады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек қазақта «қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады» - демекші бүгінгі сабағымыздың жоспарымен танысайық. Алдымен осы мақалдың мағынасын түсінейікші. Иә, яғни балалар тамағың толып тұрса, тамағың тоқ болса, ақылыңда, біліміңде болады, сайрайсың деген. Олай болса бүгінгі сабақта сендердің ақылды, білімді, қазақтың әдет-ғұрыптарын қаншалықты білетіндеріңді байқаймыз.





І. . Бас табақ (сұрақ-жауап)

Бұл бас табақты қадірлі қонаққы ұсынған. Балалар кім біледі мұны, өткен сабақта үйдегі үлкен кісілерден сұрап келіңдер деп тапсырғанмын. Иә, балалар, әуелі табақтан бас алынбай табаққа қол салынбайды. Басты үлкен адам, қадірлі қонақ ұстайды. Ол - бастың маңдай ортасын тігінен және көлденеңнен тіліп, төрт бұрышы бар таңба салады. Бұл «төрт құбылаң сай болсын» дегені. Дәстүр бойынша бас ұстаған адам әуелі өзі ауыз тиеді де, содан кейін табақтастарына құйқа үлестіріп, тегіс ауыз тигізеді. Әр қонақтың өзіндік сыйы сияқты, жілік ұстау рәсімдері бар. Бас, жамбас, ортан жілік, қабырға, жылқының қазы-қарта, жал-жаясыда салынады екен. Енді осы еттердің астында сұрақтар бойынша жасырылған, осыларға жауап берейік.

1.Қандай теңдеулер бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады?

2.Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?( 1-қасиет)

3.Теңдеудің қандай қасиетін білесіңдер?(2-қасиет)

4.Қандай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп аталады?

5.Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

6. Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

ІІ. Сый табақ (ауызша есптеу)

Сый табақты қалай жасаймыз? Кім айтады екен? Иә, жауырын, бас, жамбас, бел омыртқа, қабырға, қазы -қарта, жал-жая салады екен. Бұл де ерекше сый құрметке лайық адамдарға тартылатын табақ.

1)х+2,3=3 3)-12х=-4 5) 5х-1 = х+15 7) 7х = 1

2)х-0,6=1,4 4) 0х=7 6) 0х = 0 8) 8х-7 = 5х+2

ІІІ. Құда табақ (деңгейлік тапсырма )

Қазақтар құдаларын құдайындай сыйлаған халық. Құда табақта сыйлы табақ. Ол туралы кім біліп келді балалар? Бас, жамбас, кәрі жілік, қазы-қарта, жал-жая. Құдаларға құйрық-бауыр береді. Ол молшылық, ырыс, тоқшылық, бауырдай тату-тәтті болу үшін береді екен.

1-деңгей

а)3(2х-9) = 5(х-4) ә) 4(х-9) = 3(х-8)





2-деңгей

а)ә)





3-деңгей

а)Екі айлақтың арасы 55,4 км. Кеме екі айлақтың арасын ағыспен 2 сағат жүрді. Ағыс жылдамдығы 2,8 км/сағ, кеменің өз жылдамдығын табыңыз.





ІV. Жеңге табақ (кітаппен жұмыс)

№839(1,2),№840(1,2),№861

Қазақта жеңге табақ бар екен. Оның жасалуын кім біледі? Қане, айта ғой. Иә, балалар, қазақтар жеңгесін құрметтеген халық. Жеңгесімен қайын іні, қайын сіңілісі қалжыңдасып жатады. Сондықтан табаққа жауырын, асықты жілік, қабырға, жүрек, бауыр, ток ішек, бүйрек салады екен.

Бауыр-бүйрек - қайныңды бауырыңдай көр,

Жүрек - табысқанда жүрегің бұрылып тұрсын,

Ішек-қарын - бауырымыздай аралассын дейді екен.





V. Күйеу табақ (тірек-сызба)

Қазақтар күйеу балаларын да сыйлаған. Оған қандай еттер асқан? Төс, асықты жілік, қабырға, омыртқа, қазы-қарта, жаурын.

ах=в теңдеуді шешудің үш түрлі жағдайы бар:

1) 0, болса х= түбірі болады

2) а=0, в болса 0х=b теңдеудің түбірі болмайды

3)а=0,в=0 болса 0х=0 теңдеуінің түбірі кез келген

сан болады

Бір айнамаласы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін:

Теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау керек;

Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек;

Теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру керек;

Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп, теңдеудің түбірін табу керек.





VІІ.Сыбаға (бағалау, үйге тапсырма):№ 859,856

Сыбаға дегеніміз қазақтар соғым сойғанда тума-туыс, көрші-көлемдеріне соғымнан сыбаға деп бір асым ет берген. Енді балалар осы «табақ тарту» сабағымызды қорытып сендердің жинаған бойынша бағалайық



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал