- Учителю
- Квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулер
Квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулер
Сабақтың тақырыбы:
Квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулер
Сабақтың мақсаты:
· Оқушыларды «Квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулер» ұғымымен таныстыру.
· Квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулер ұғымын алгебра пәні арқылы кеңінен түсінуге мүмкіндік жасау.
а) білімділігі: Оқушылардың алдыңғы тақырып бойынша алған білімдерін қаншалықты деңгейде, меңгергендігін байқау.« Квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулер» туралы түсінігін қалыптастырып білімдерін шыңдау.
б) дамытушылығы: Оқушылардың алгебра пәніне деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. «Деңгейлік тапсырмаларды орындауға» мүмкіндік жасау, қиыншылықты жеңе білуге дағдыландыру.
ә) тәрбиелігі: Оқушуларды ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекіліктері:
Карточкалар, тірек схемасы, формулалар, бағалау кестесі \ашық журнал\, плакаттар, кубик , Я.Н.Коменскийдің фортреті және қанатты сөзі.
Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ жауап, деңгейлік тапсырмалар
Пән аралық байланыс: Геометрия, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Өткен сабақты қайталау
ІV.Жаңа сабақты түсіндіру.
V.Жаңа тақырыпты бекіту.
VІ.Қорытынды.
VІІ.Үйге тапсырма:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу
б) Сабаққа қатысуын қадағалау
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
№178
Жауабы. 1)0 ; 2)0.5; 1.5; 3)10;-2; 4)1; -23;
Көрнекі суреттер көмегімен үйге берілген тапсырманы бағалау
ІІІ.Өткен сабақты еске тусіру:
Ауызша жұмыс.
1. Квадрат теңдеудің түбірі неге байланысты?
2. D 0- ден үлкен болса,теңдеудің неше түбірі бар?
3. Дискриминанат 0-ден кіші болса, квадрат теңдеудің неше түбірі бар?
4. Дискриминант 0-ге тең болса, квадрат теңдеудің неше түбірі бар
болады?
5. Бірінші коэффициенті 1 болатын квадрат үшмүше қалай аталады?
Негізгі бөлім
ІV.Жаңа сабақты түсіндіру.
Анықтама:
аx4+bx2+c=0 түрінде берілген теңдеу биквадрат теңдеу деп аталады.
Мұндағы: а.
-
</ мысал. x4+8x2-9=0 теңдеуін шешейік.
Шешуі. x2=z z2+8z-9=0
Z1= -9, z2=1
X2=-9 түбірі болмайды.
X2=1;x1=1;x2= -1;
2-мысал.x2+2x-=-5 теңдеуін шешейік.
Шешуі.x1,2=-1
V.Жаңа тақырыпты бекіту:
№189 тақтада орындалады.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей. Сиқырлы үшбұрыштар №326, тақ есептер
ІІ деңгей. Кубизм №496 қосымша оқулықтан
ІІІ деңгей. Авторды есепте №492,493 қосымша оқулықтан
VІ. Қорытынды: Біз нені үйрендік?
№1 Тест
(компьютерде шығарады)
1.берілген квадрат теңдеуден келтірілген квадрат теңдеуды көрсетіңіз.
A. 5x2-29;
B.-x2+2x-4.8
C.x3+x2+12x=0
D. x2-0.7x-
2. Биквадрат теңдеуді жаз:
-
х2+5х+2
-
2х3+7х+1
-
х3+5х2+2
-
х4-13х2+64
-
х2+5ху2+2
3. Теңдеудің дискриминанты және түбірлері нешеге тең?
х2+5х+4=0
-
D=0, x1=-2, x2=5
-
D=16, x1=-8, x2=2
-
D=9, x1=-2, x2=-5
-
D=4, x1=1, x2=-2
-
D=9, x1=-1, x2=-4
4. (a + b)2 неге тең болады?
-
а2-2аb+b2
-
а2+2аb+b2
-
а2-2аb-b2
-
а2+2аb-b2
-
а2+5аb+b2
Тест жауаптары
-
VIІ.Бағалау: Оқушыларды бағалау кестесінде жинаған ұпайлары бойынша бағалау.
VIІІ. Үйге тапсырма: № 326 ( жұп есептер), №329, формулаларды жаттау.