- Учителю
- Математика '1-тарау бойынша өткен тақырыпқа' бақылау жұмысы
Математика '1-тарау бойынша өткен тақырыпқа' бақылау жұмысы
Күні: 19.09.2015
Сынып: 5 « б, в »
Сабақтың тақырыбы: 1. Бақылау жұмысы № 1.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушылардың 1-тарау бойынша өткен тақырыптарын жинақтап, тексеру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Бақылау жұмысы.
Оқытудың әдісі: практикалық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру
Бақылау жұмысын жазғызу
1 нұсқа
2-нұсқа
1. Өрнектің мәнін табыңдар
а) 110+а; мұндағы а=6
ә) 6a-36; мұндағы а=6
в) (а+8) : 2; мұндағы а=6
2. Өрнекті ықшамдаңдар:
а) 11в+8в-15в
б) (8+х) 5
3.Теңдеуді шешіңдер:
57: m +21 =40
4.Теңдеу құру арқылы шығарыңдар:
Оқушы бір сан ойлады, одан 27-ні азайтып,нәтижесін 2-ге көбейткенде 144 саны шықты. Оқушы қандай сан ойлады.
-
Есептеңдер:
(17*8+248):24
1. Өрнектің мәнін табыңдар
а) 117+а; мұндағы а=9
ә) 4+3а; мұндағы а=9
в) 5(а-7); мұндағы а=9
2. Өрнекті ықшамдаңдар:
а) 13а+9а-15а
б) (7+у) 3
3.Теңдеуді шешіңдер:
51: a +13 =30
4.Теңдеу құру арқылы шығарыңдар:
Асхат ақшасының жартысына фломастер сатып алған соң, оған атасы 130 теңге ақша берді. Сонда Асхаттың ақшасы 205 теңге болды. Асхатта алғашқыда неше теңге болды?
4. Есепті шығар:
-
Есептеңдер:
(19*6+198):26
Үйге тапсырма: Өткен тақырыптағы ережелерді қайталау.