- Учителю
- Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті тақырыбында сабақ жоспары
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті тақырыбында сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейтіндігін ұғындыру,алған білімдерін жетілдіру. Көбейтуге байланысты берілген тапсырмаларды орындау.
Дамытушылық: Көбейтуге байланысты берілген есептерді талдап шығару дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа , шапшаңдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: есептер,тақырыптық суреттер,таратпа материал.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а)Амандасу.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар!
- Қазір қай сабақ?
- Сабақ құралдарымыз дайын ба?
- Олай болса оқушыға ұқсап отырамыз!
б) Психологиялық дайындық:
Бір,екі , үш
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
-Ал балалар бүгінгі сабақты бастамас бұрын үй жұмысын бір тексеріп өтейік. (дәптерлерін қарап өту).
-Менің көруім бойынша барлықтарың сабаққа жақсы дайындалып келіпсіңдер.
-Жарайсыңдар!
Ойын «Кім шапшаң?»
Әртүрлі фигураларды ала отырып,көбейту кестесін қайталап алу
III. Жаңа сабақ
-Балалар сендер мультфильм көргенді ұнатасыңдарма? Қандай мультиктер көресіңдер? Бүгін барлығымыз жақсы, сүйіп көретін Арыстан патшаның туған күні екен. Ол бүгін кешке өз үйінде ұлан -асыр той жасамақшы.Ол өзінің қол астындағы жануарларға тапсырма беріпті. Әр жануардың өзінің тапсырмасы бар. Егер кімде -кім менің тапсырдамды орындамаса менің туған күніме келмеңдер депті. Бірақ барлық жануарлар арыстанның туған күніне барғылары келеді. Олардың тапсырмалары қиын, бірақ ол тапсырмаларды орындау сендердің қолдарыңнан келеді. Балалар жануарлардың тапсырмаларын орындауға көмектесеміз бе?
1.Қасқырдың тапсырмасы.
-Балалар, мына суретке қараңдаршы. Бұл суретте қай жануар бізден көмек сұрап тұр екен?(Қасқыр)
-Қасқыр қандай жануар? (қорқынышты, түрі суық жануар)
-Балалар, көбейтудің компоненттерін атаңдаршы? Көбейтуге кері амал қандай амал?
Тақтадағы суретпен жұмыс.
Кітаппен жұмыс.
Түлкінің тапсырмасы.
-Мына жерде қандай жануарды көріп тұрсыңдар? (Түлкіні.)
-Түлкі қандай жануар? (қу)
-Түлкінің беріп отырған тапсырмасы мынадай екен.
-Қане, кітапқа назар аударамыз. 10 бетті ашамыз.
№1. Жасырын санды тап. Әр қатардан 1 баланы шығарамын.
4*3= *4 8*2=2* *5= *3
*3= *8 7* =2* *6= *3
Қоянның тапсырмасы.
-Біздің ең қорқақ жануарымыз кім еді? Әрине, қоян. Қоянның тапсырмасын орындаймыз ба?
№2. Неше қалам бар? Әртүрлі тәсілмен есепте.
8*3=24
3*8=24
ІV.Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық. Оңға-оңға түзу тұр
Алақанды ұрайық Солға-солға түзу тұр
Оңға қарай иiлiп Жоғары-төмен қарайық
Солға қарай иiлiп Қолымызды созайық
Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызға күш жинап,
Бойымызды созайық Бір шынығып алайық
Белiмiздiжазайық.
Аюдың тапсырмасы.
-Келесі тағы бір жануарымыз сендерден көмек күтіп тұр екен.Ол жануарға көмектесеміз бе?
№3 есеп . Есептерді шығар. Кері есептер құрыстырып, оларды шығар.
1 қорапта - 6 м 4 қорапта -24 м
4 қорапта -? М 1 қорапта -?м
Шешуі: 1)6*4=24 (м)- 4 қорапта Шешуі: 1)24:4=6 (м)-1 қорапта
Жауабы: 24 машина Жауабы: 24 машина
Тиіннің тапсырмасы.
№4 . Теңдеулерді шеш. Әр қатардан оқушы шығады.
180-х=90 у+740=860 с-60=380
V. Бекіту.
-Жарайсыңдар, балалар! Сендер жануарларға көмектестіңдер! Олар бәрі арыстанның туған күніне бара жатса, сендерден көмек сұраймыз деп үйлерінде шақыру қағаздарын ұмытып кетіпті. Егерде сендер келесі тапсырманы орындауға көмектессеңдер Арыстан оларды үйіне кіргізеді. Көмектесеміз бе? (Оқушылардың жауабы).
№5 есеп. Есепте.
4*9=36 16:4=4 18:2=9
6*3=18 27:3=9 15:3=5
8*4=32 36:4=9 12:2=6
№7. Логикалық есеп. Ауызша түсіндіру.
VІ. Қорытынды.
-Балалар біз бүгін сабақта не істедік?
-Есептер қиын болды ма?
-Қай есептен қателестік?
VІІ. Үйге тапсырма. №3 ә, №5 (4 баған), №6.
VІІІ. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
</