- Учителю
- 'Ондық бөлшекті натурал санға бөлуге есептер шығару'тақырыбындағы математикадан сабақ жоспары
'Ондық бөлшекті натурал санға бөлуге есептер шығару'тақырыбындағы математикадан сабақ жоспары
Сыныбы: 5 сынып
Тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға бөлуге есептер шығару
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды ондық бөлшекті натурал санға бөлу алгоритмін айта білуге үйрету және оны есептеуде пайдалана білуге дағдыландыру, ондық бөлшекті разряд бірліктеріне бөле білуге үйрету.
Дамытушылық: практикада білімдерін нақты қолдана білу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдай отырып шығармашылық қабілеттерін, білім мен білік дағдыларын шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды еркін ойын жеткізе білу мәдениетіне, жұмыстың орындалу деңгейі мен сапасына орай жауапкершілікке, тапсырмаларды орындау барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Типі: Жаңа білімді қайталау сабағы.
Түрі: Дәстүрлі емес сабақ (Дидактикалық ойын)
Көрнекілігі: түрлі түсті жетондар,интерактивті тақта.
Сабақтың жүру жоспары:
І. Үйымдастыру: Оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен, жүру барысымен таныстыру.
ІІ. Білімді жинақтау. Ауызша анықтамаларға шолу, сабақ алдында қыздыру.
ІІІ. Негізгі бөлім. Тақырып, бойынша білімді бекіту,қызғылықты оқиғалар топтамасы, деңгейлік тапсырмалар
ІУ. Сабақты қорытындылау, әр оқушының өз еңбегін бағалауы.
У. Үй жұмысы. Денгейлік тапсырмалар.
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру, оқушыларды сабақ барысымен, мақсатымен таныстыру.
Бүгін, оқушылар, біз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.
Баяғыда бір Қолаңшаш пен Күлшеқыз деген апалы сіңлілі екі қыз болыпты. Бір күні апасы Қолаңшаш досымен орманға қыдыруға кетсе Күлшеқызда әпкесінің артынан іздеп шығады. Сөйтсе оны Айдаһар ұрлап алып кетеді. Күлшеқыздың әпкесі Алтыншаш бізден сіңілісін қорғауға көмек сұрап отыр. Қане ,балалар, көмектесеміз бе?
Олай болса парта шетіне шығалық та қолымызды созып ұшақпен жолға аттаналық.
ІІ. Өтілген тақырыптарға шолу
Енді әрі қарай жолымызды жалғастырмас бұрын қыздырынып алайық.
-
Жолға дайындық тапырмалары.
Алдымен оқушылар
а)Қатарды жалғастыр
1) 1,2 ; 1,8; 2,4; 3;…..
2)9,6; 8,9; 8,2;7,5;…..
ә)Жаңғалақтың жеделхаты
1. Ондық бөлшектерді көбейту үшін: 1) үтірге назар аударып, натурал сандарды көбейтуді орындаймыз. 2)көбейткіштердің біреуінде неше ондық таңба болса, көбейтіндіде ескермей цифрды үтірмен ажырату қажет
2. Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001;... разряд бірліктеріне көбейту үшін, осы бөлшектегі үтірді разряд бірліктерінде неше бір болса, сонша цифрға солға қарай жылжыту керек.
3. Белгісіз көбейткішті табу үшін бөліндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлеміз.
4. Белгісіз бөлгішті табу үшін көбейткіштің мәнін бөліндінің мәніне бөлеміз
ІІІ. Негізгі сабақ
-
Келтірілген мысалдарды тақтада оқушылармен бірлесе отырып талдап шығару.
Балалар, айдаһар біздің жолға шыққанымызды естіп, білімімізді сынамақ екен, сондықтан сіздердің ауызшаңыз өалай екен деп тапсырма тастап кетіпті. Сол тапсырмаларды орындап көрелік.
-
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу тақырыбы бойынша ережелерді пысықтау, жинақтау, бекіту.
а) «Кім шапшаң?» ойыны.
ә) Интерактивті тақтамен жұмыс. ( шапшаңдыққа берілген есептер топтамасы)
б) Тест жұмысы(жасырын сөзді табу)
Күлшеқызды біз босатуымыз керек. Ал оған апарар дұрыс жолды таңдау үшін тест жұмысын дұрыс шешуіміз қажет.
1.Бөлінгіш 199,5, ал бөлгіш 15 болса, бөліндінің мәнін тап?
О) 133; Ө) 13,3; П) 1,33.
2. Өрнектің мәнін тап 243,2 : 8
З) 30,4; И) 3,04; й) 304.
-
0,76 * 0,7598. берілген сандарды салыстыр:
Е) «>»; Ё) «<�������
��������������������
�������������������������
�������������
�������������������
����р қызымызды ұрлағанына қуанып той жасаған екен. Ол тойға достары Өлмесхан мен Сотқар әншіні шақырған екен. Барлығы бірігіп 40л квас ішкен екен. Өлмесхан 9,2 литр, Сотқар әнші-6,5 литрін ішіпті. Ал, қалғаны айдаһарға бұйырыпты. Айдаһардың әр басына қанша литр квастан бұйырған?
Ү.Бағалау, қорытындылау
Рефлексия
Жолда бір ақсақал келе жатады. Оған қарсы құрылысқа қажет тасты тасып жүрген 3 адам кездеседі. Сонда ақсақал олардың әрқайсысынан «Күніңді қалай өткіздің ?» деп сұрайды. Алғашқы адам, текке өткізгенін айтады, екіншісі жауапкершілікпен өткізгенін, үшіншісі өзгеге де, өзіне де пайдалы әрі керемет өткізгендігін айтады.
Сұрақ оқушыларға: «Сіз осы жолаушылардың қайсысы боласыз?»
(оқушылар)
ҮІ. Үйге тапсырма:
-
№1112(3;4)
-
№1124(4-9)
-
№1137(3-6)
ҮІІ. Ондық бөлшектер тарихына шолу.