7


  • Учителю
  • Сабақ тақырыбы: 'Квадрат теңдеулер'-8 сынып

Сабақ тақырыбы: 'Квадрат теңдеулер'-8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ШҚО Ұлан ауданы

М. Ломоносов атындағы орта мектептің

Математика пәні мұғалімі Чүкүева Бақытжан Қазезқызы

8"А" сынып. Сабақтың тақырыбы: "Квадрат теңдеулер"


Сабақтың тақырыбы: "Квадрат теңдеулерді қайталау"

Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау,

білімін есеп шығару барысында тексеру.

  1. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, математикалық тілін және логикалық ойлау

қабілетін дамыту.

  1. Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, тез ойлауға,өзін-өзі басқаруға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас, ойын, қайталау-толықтыру сабағы.

Сабақтың типі: қайталау.

Көрнекілігі. Слайдтар, деңгейлік тапсырмалар үлестірме қағазбен әр оқушыға беріледі.Тест тапсырмалары, бағалау парағы, Сөзжұмбақ.

Ұлағатты пікір жазылған плакат: "Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат,нұрлы ақыл, жылы жүрек". Абай.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сынып екі топқа бөлінген.(әр топта 5 оқушыдан), әр топ оқушыларының кеудесінде 1,2,3,4,5 деген эмблемасы бар. Сабақтың мақсатымен және тақырыбымен таныстыру.

І. Жалпы тарау бойынша қайталау сұрақтары.

1 топтың тапсырмасы:

1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?

2. Теңдеуді шешу дегеніміз не?

3. Квадрат теңдеудің неше түбірі бар?

4. Квадрат теңдеудегі а,в, с - сандары қалай аталады?

5. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?

6. Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?

7. D>0, D=0, D<0 болғанда, неше түбірі бар?


2 топтың тапсырмасы:

1. Квадрат теңдеудің формуласын жаз

2. Дискриминантты қандай әріппен белгілейміз және формуласын қандай?

3. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын жаз

4. Келтірілген квадрат теңдеудің формуласын және оны шешу жолдары.

5. Толымсыз квадрат теңдеудің формуласын және шешу жолдарын жаз.

6. Квадрат теңдеудің нақты түбірлері неге байланысты?

7. D>0, D=0, D<0 болғанда, неше түбірі бар?

а)Ауызша есеп. Квадрат теңдеудің коэффициентін ата. а,в,с.

1. х2+х-3=0

2. 3х2=2

3. -7х+х2=0

4. -2х2+3х-5=0

5. 11х2=0

6. -х2=5х

7. -х2-3х+3=0

8. =0

9. -4=0

10.2х2+х-5=0


ІІ. Логикалық есептер шешу. ( слайд бойынша тапсырмаларды топ таңдай отырып жауабын береді)


1. Архимед Герон патшасының тәжінің таза емес екендігін қайдан білген?

( тығыздығын салыстыру арқылы)


2. Дорбадағы 10 асықты 10 балаға бір бірлеп үлестіргенде дорбада бір

асық қалып қояды.Бұл қалай?

( бір балаға дорбасымен береді)


3. Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұр. 36 сағат өткен саң күннің

жарқырып тұруы мүмкін бе?

(Мүмкін. 36 сағаттан соң таңғы 10 болады)


4. 2 қола он саусақ. 10 қолда неше саусақ?

( 50 саусақ)

ІІІ. Крассворд шешеді.


Тапсырма: Егер сөздерді дұрыс тапса, онда француз математигінің фамилиясы шығады.


К

В

А

Д

Р

А

Т


Д

И

С

К

Р

И

М

И

Н

А

Н

Т

К

О

Э

Ф

Ф

И

Ц

И

Е

Н

Т

Т

О

Л

Ы

М

С

Ы

З


Сұрақтар:

  1. ах+вх+с=0, (a=0) теңдеуі қалай аталады? (квадрат)

  2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласындағы түбір астындағы өрнек? (дискриминант)

  3. Квадрат теңдеудегі а және в. (коэффициент)

  4. Квадрат теңдеудің дербес түрі? (толымсыз)

Тест есептері.

  1. Жалпы квадрат теңдеудің формуласы.

А) х2+рх+g=0

В) ах2+вх+с=0

С) ах2+с=0

2) Квадрат теңдеудің коэффициенттерін атаңдар: х2+6х-7=0

А) а =0, в=0, с=-7

В) а =1, в=6, с=-7

С) а =1, в=0, с=1

3) Егер с>о, в>0, d>0 болса онда теңдеудің неше түбірі болады ?

А) екі оң түбірі

В) екі теріс түбірі

С) болмайды

4) Теңдеуді ах2+вх+с=0 түрінде жазыңдар. х(2х-3) = 5-4х

А) 2х2-7х-5=0

В) 2х2-2х+5=0

С) 2х2+х-5=0

5) Теңдеуді шешіңдер: 7х2-21х=0

А) 0;7 В) 0; 21 С) 0; 3

6) Бөлуді қысқарт:

А) В) С)

ІV. Сергіту сәті.

  1. "Лото" ойыны.

Теңдеулердің түбірін тауып, тиісті шешімдерін орнына қой (слайд арқылы көрсету), квадрат теңдеудің қай анықтамасын пайдаланғанын айта кету:


Теңдеуі

Дұрыс шешімі

Түбірлер

1. х2-2х-35=0


х1=-1, х2=9

2. х2+4х+3=0


х1=-11, х2=1

3. х2-8х+7=0


х1=-1, х2=9

4. х2-8х-9=0


х1=-2+, х2=-2-

5. х2+10х-11=0


х1=-3, х2=-1

6. х2+4х-1=0


х1=1, х2=7

7. х2-7х+10=0


х1=-6, х2=-4

8. х2+2х-15=0


х1=-2, х2=3

9. х2+10х+24=0


х1=-5, х2=-3

10. х2-х-6=0


х1=2, х2=5


VІ. Өзіндік жұмыс. (екі топқа да карточкалар таратылады)

  1. х2-10х+31=0

  2. 3(2х+1)2-25(х-1) = 75х

VІІ. Сабақтың қорытындысы.

Бағалау кестесі бойынша оқушылардың бағасын шығару.

Оқушының

аты-жөні

Жалпы тарау бойынша сұрақтар

Есеп

Тест

Өздік

жұмыс

Лото

Баға

Кроссворд

Ауызша

Оқушылардың білімі сабақтың тапсырмалық кезеңдерінің нәтижелері түсіріліп отыратын бағалау кестесіндегі балл жиынтығымен есептеліп шығарылады.

VІІІ. Үйге тапсырма. Тақырыпты қайталау. № 267(2,4,6) №275



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал