7


  • Учителю
  • ҮШбұрыштың тамаша нүктелері (8 класс)

ҮШбұрыштың тамаша нүктелері (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

17.11.2015 геометрия 8 «Ә» сынып

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың тамаша нүктелері.

Үшбұрышбиіктіктерінің қиылысу нүктесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың тамаша нүктелерін, олардың қалай аталатынын, ортақ қасиеттерін және айырмашылығын білу

Дамытушық: алған білімдерін практикада ұтымды қолдана білу қабілеттерін дамыту

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Көрнекілігі: Кестелер, формулалар, компьютер.

Сабақтың түрі : білім мен дағдыны тиянақтау, жүйелеу сабағы;

Сабақ әдісі : Блум таксономиясы.

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, слайдтар, сәйкестендіру, тапсырмалар.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі (3 мин.)
1). Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеріп, сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім (40 мин.)
Б.Блум жүйесі «Оқыту - екі есе оқу» технологиясы білім мен қабылдауды 6 деңгейге бөлінетіндіктен, сабақтың жоспары 6 деңгейден тұрады:
1. Білімділік - ақпараттық деңгей. (бұрынғы білімді еске түсіру) (5 мин)

«Миға шабуыл» (деңгейлік сұрақтар)
2. Түсіну - тезаурустық деңгей (алған білімді пысықтау) Мәселені шеш! (10мин)

«Ел ертеңі білімді ұрпақ»; Оқулықпен жұмыс.
3. Қолдану - методикалық деңгей. (алған білімді өмірде қолдануға үйрету)

(10 мин.) Жасырын әріптерді тап! «Математикалық эстафета ойыны» Сәйкестікті анықта.
4. Талдау (анализ) - технологиялық деңгей (Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешу). (10 мин.) Тез есептей білеміз бе? «Есептеу - білімді еселеу»; «Кім жылдам?» (бекіту сұрақтары) «Математикалық дуэль»
5. Жинақтау (синтез) - зерттеушілік деңгей (жалқыдан жалпыға, жеке бөлшектерден жаңа дүние жасау). «Өтілген тақырыпты бекіту» (5 мин.) Тест.

ІІІ. Қорытындылау бөлімі (2 мин.) Рефлексия

IV Бағалау (2 мин.)

V Үйге тапсырма (1 мин.)

1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгелдеу , сабаққа ынтасын аудару; Сабақтың мақсатымен таныстырып, нұсқау беру.

ІІ. Негізгі бөлім (40 мин.)
Б.Блум жүйесі «Оқыту - екі есе оқу» технологиясы білім мен қабылдауды 6 деңгейге бөлінетіндіктен, сабақтың жоспары 6 деңгейден тұрады:

1. Білімділік - ақпараттық деңгей. (5 мин)

«Миға шабуыл» (бұрынғы білімді еске түсіру);

Теорема: Кез келген үшбұрыштың биіктіктері бір нүктеде қиылысады.

2. Түсіну - тезаурустық деңгей (Жаңа білім алу) Мәселені шеш! (10мин)

«Ел ертеңі білімді ұрпақ»; Жаңа материалы меңгеру.

Әрбір үшбұрышпен төрт нүкте байланысты:

1. Үш медиана бір нүктеде қиылысады, ол нүкте үшбұрыштың ауырлық центрі болады

2. Үш биссектриса бір нүктеде қиылысады, ол нүкте іштей сызылған шеңбердің центрі болады

3. Үш биіктік (немесе олардың созындылары) бір нүктеде қиылысады, ол нүкте үшбұрыштың ортоцентрі деп аталады

4. Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген үш орта перпендикуляр бір нүктеде қиылысады, ол нүкте сырттай сызылған шеңбердің центрі болады

Бұл нүктелер үшбұрыштың тамаша нүктелері деп аталады.

Мысал1 Сыбайлас бұрыштардың биссектрисалары өзара перпендикуляр болатынын дәлелдейік.

3. Қолдану - методикалық деңгей. (алған білімді өмірде қолдануға үйрету)

(10 мин.)

Сонымен әрбір үшбұрышпен төрт нүкте байланысты болып шықты.
1. үш медиана бір нүктеде қиылысады, екі нүкте үшбұрыштың ауырлық центрі болады;
2. үш биссектриса бір нүктеде қиылысады, ол нүкте іштей сызылған шеңбердің центрі болады;
3. үш биіктік (немесе олардың созындылары) бір нүктеде қиылысады, ол нүкте үшбұрыштың ортацентрі деп аталады.
4. Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген үш орта перпендикулярлар бір нүктеде қиылысады, ол нүкте сырттай сызылған шеңбердің центрі болады.
Бұл нүктелер үшбұрыштың тамаша нүктелері деп аталады

Оқулықта: 119 есеп

5. Қорытынды. Сонымен сабақта біз не үйрендік? (балалар жауап береді.)

6. Үй жұмысы. №120 есеп



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал