- Учителю
- Сабақ жоспары: 'Жұмыс. ӨНімділік. Уақыт. '
Сабақ жоспары: 'Жұмыс. ӨНімділік. Уақыт. '
Математика | 28.10.15 ж. |
|
| |
Сабақтың тақырыбы | Жұмыс. Өнімділік. Уақыт.
| |||
Сілтеме | Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор | |||
Сабақтың жабдығы | қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер | |||
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі | 1.Жұмыс, өнімділік, уақыт түсініктерін енгізу,өнімділікке берілген есептердің жаңа түрімен таныстыру,бөлшек туралы білімдерін бекіту. 2. Математикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу; | |||
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | |||
Топқа бөлу | Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз. | Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады | ||
Ынтымақтастық атмосферасы | Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. | Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. | ||
Бағалау парақшасымен таныстыру | Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген. | Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады | ||
Үй тапсырмасын пысықтау
| Анасы мен қызы мәнті түйді. Анасы 1 минутта 3 мәнті, ал қызы 2 мәнті түйті. -Анасы 10 минутта неше мәнті түйеді? -Қызы 10 минутта неше мәнті түйеді? -Олардың қайсысы мәнтіні тез түйеді? Анасының жұмыс өнімділігі 1 минутта 3 мәнті.Қызының жұмыс өнімділігі-1 минутта 2 мәнті.
| Оқушылар дәптерге орындайды | ||
Жаңа сабақ | A - жұмыс U - өнімділік T - уақыт A = ∙ t v = A : t t = A : v №2 Кестені толтыр. Ауызша.Дәптерге тек өрнек пен жауапты жазу. Өткенді пысықтауға берілген есептерді орындау. № 3 - № 7 №3 Шешуі: 8 ∙ 12 - 10 ∙ 9 немесе 8 ∙ 12 + 10 ∙ 9 №4 Өрнектерді жазу және мәнін табу. Матем-қ диктант түрінде орындауға болады. . IV. Білімді бекіту. №7 Тапсырманы орында: -Боялған бөліктерді көрсететін бөліктерді жаз. -Боялмаған бөліктерді көрсететін бөліктерді жаз №8 Логикалық тапсырма. Бүтін бәліш болған. | |||
Сергіту сәті | «Қаражорға» биі | Оқушылар әуенге билеп,сергиді | ||
Ой толғаныс | Лабиринт | |||
Шығармашылыққа тапсырма | Қанша балық Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген? Х+(Х+6)+(Х+12)+(Х+18)+(Х+24)=100
5Х=40, Х=8 балық.
| |||
Үй тапсырмасы | № 5, № 6 ; 109 бет. | Оқушылар күнделіктеріне жазады | ||
Бағалау | Кері байланыс :«Екі жұлдыз, бір тілек» | Бағалау парақшасын толтырады | ||
Кеі байланыс |
Мүсілім Базарбаев атындағы №138 гимназия
Сламкулова Айжан Темирбековна
Жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі
Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Сабақтың атауы
Қос сөздер
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініпп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық.
Оқушылар хормен:
Мақсатымыз білім - алу
Міндетіміз - еңбектену
5 - ке қолды жеткізу.
Қызығушылықты ояту
Кейбір сөздер екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Оларды қос сөздер дейміз. Жазуда қос сөздің арасына дефис (-) қойылады: қора - қора, бүгін - ертең, әке - шеше, үлкен - кіші, алыс - жақын.
Терме диктант.
Қос сөздерді теріп жазу.
Түйеқұс, ата - ана, үйір - үйір, қосаяқ, бала - шаға, алабота, анда - санда, Темірқазық, жалт - жұлт.
Сергіту сәті
«Қаражорға» биі
Жаңа сабақ
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Дәптермен жұмыс
1,2,3-жаттығулар топтарда орындалады.
4-жаттығу жеке жұмыс
Рефлексия
Кеспе қағаздармен жұмыс
1 - тапсырма
Өлеңнен қос сөздерді тап.
Көк құтандар көлбеңдеп
Көтеріле алмайды
Жалғыз - жалғыз ербеңдеп
Көк қояндар зулайды.
2 - тапсырма
Мақалдан қос сөздерді тап.
Көре - көре көсем болады,
Сөйлей - сөйлей шешен болады.
3 - тапсырма
Осы өлеңнің ішінен қос сөздерді тап.
Сеңгір - сеңгір таулардан
Секіріп Бурыл гуледі.
VІ. Жұмбақтар сайысы.
1. Қабат - қабат киінген
Төбеден шашы түйілген
Жеп көріп ем өзінен
Жас шығарды көзімнен
(Пияз)
2. Жерге тырс - тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
Шешуін кім табады?
(Жаңбыр)
Үш топқа үш тапсырма
Берілген сөздерден қос сөздер жасау.
1 - топ ---------------- 2 - топ ----------------- 3 - топ
Дұп - дұрыс -------- қап - қара ------------- сап - сары
Қып - қысқа -------- тәп - тәуір ------------- шоп - шолақ
Қып - қызыл ------- моп - момақан ------- сүп-сүйкімді
Екі жақты күнделік стратегиясы
Кітаптағы жазбалар
Менің жаңалығым
Үйге тапсырма
5,6-жаттығу 107-бетте
Бағалау
Кері байланыс
Мүсілім Базарбаев атындағы №138 гимназия
Сламкулова Айжан Темирбековна
Жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі