7


  • Учителю
  • Геометрия пәнінен ашық сабақ: Көпжақтардың көлемдері

Геометрия пәнінен ашық сабақ: Көпжақтардың көлемдері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Көпжақтардың көлемдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушылардың өтілген тақырып бойынша алған білімдерін тексеру, бағалау.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өзінше ойлап тұжырым жасай білу қабілетін дамыту, өз бетімен еңбектену сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Дәлдікке, ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім мен дағдыны қорытындылау, жүйелеу сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тест тапсырмалары, семантикалық карта.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру сәті.

Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру сұрақтары.

1. Тік бұрышты параллелипипед және оның көлемі.

2. Призма және оның көлемі.

3. Пирамида және оның көлемі.

ІІІ. Үй тапсырамасын тексеру.

Оқушыларға білімдерін қажетті деңгейге дейін тереңдету үшін мынадай сұрақтарға жауап іздеп табу тапсырылган.

Тетраэдрдің барлық бүйір қырлары өзара тең, ал табанының қабыргалары әр түрлі болганда оның көлемін қалай табуға болады?

Тетраэдрдің табанындағы барлық екі жақты бұрыштары өзара тең, ал табанының қабырғалары әртүрлі болғанда оның көлемін қалай табуға болады?

Осы сұрақтарға жауап таба отырып, үйден шығаруға берілген мына есептерді тексеру.

1-есеп. Пирамиданың әрбір бүйір қыры 8 13/32 см-ге тең. Пирамиданың табаны - үшбұрыш, мұның қабыргалары 13 см, 14 см, 15 см-ге тең. Пирамиданың көлемін табыңдар.

2-есеп. Пирамидадың табаны болып табылатын үшбұрыштың қабырғалары 10 см, 17 см және 21 см. Пирамиданың бүйір жақтары оның табанымен бірдей екі жақты бұрыштар жасайды. Олар 600қа тең.Пирамиданың көлемін табыңдар.

IV. Семантикалық карта толтыру.

Формулалар

Көпжақтар

V=abc



V= SH



V=1/3SH



V=a3



S= 2(ab+bc+ac)



S= Ph



S = 6a2



S= a2 3 /4



S = a2



S= ab



S = p(p-a)(p-b) (p-c)



S=ab sinα



d2=a2+b2+c2

Параллелипипед



2



Куб



3



Призма



4



Пирамида

</<font face="Times New Roman, serif">V. Үлестірмелі көрнекілік бойынша шыгармашылық тапсырмалар беріледі.

1-есеп. Төртбұрышты дұрыс призманың диагоналы 3,5 см, ал бүйір жағының диагоналы 2,5 см-ге тең. Призманың көлемін табыңдар.

2-есеп. Пирамиданың табан қабырғалары - 6 см, 6 см және 8 см болатын тең бүйірлі үшбұрыш.Барлық бүйір қырлары 9 см-ге тең. Пирамиданың көлемін табыңдар.

VІ. Оқушылардың тақырыпты толық меңгергендігін айқындау мақсатында әр топқа тест тапсырмалары беріледі.

Тест тапсырмалары

Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір қыры 5 см, ал биіктігі 4 см. Пирамиданың көлемін табыңдар.

А) 72 см3 в) 36 см3 с) 24 см3 д) 48 см3 е) 12 см3

Өлшемдері 7 см, 4 см және 3 см болатын тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңыз.

А) 84 см3 в) 14 см3 с) 31 см3 д) 19 см3 е) 25 см3

3. Кубтың толық беті 96 см2. Осы кубтың көлемі неге тең?

А) 16 см3 в) 256 см3 с) 128 см3 д) 32 см3 е) 64 см3

Үшбұрышты тік призманың табанының қабырғалары 10 см, 17 см, 21 см, ал биіктігі 18 см. Призманың көлемін табыңыз.

А) 1618 см3 в) 1992 см3 с) 1512 см3 д) 1515 см3 е) 1448 см3

5. Тік бұрышты параллелепипедтің үш өлшемі 6 см, 6 см және 7 см. Оның диагоналының ұзындығын табыңыз.

А) 11см в) 16 см с) 19 см д) 24 см е) 12 см

6. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 30 см және 40 см. Оган сырттай сызылган шеңбердің радиусын есепте.

А) 14см в) 13см с) 19 см д) 25 см е) 20 см

7. Үш бұрышты пирамиданың бүйір қырлары өзара перпендикуляр және 4;5;6-ға тең. Пирамиданың көлемін тап.

А) 30 см3 в) 20 см3 с) 15 см3 д) 40 см3 е) 38 см3

V.Үйге тапсырма беру.

VI.Оқушыларды бағалау.

(Оқушылар бағалау парағы арқылы бағаланады)

VII. Сабақты қорытындылау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал