7


Сайыс Жүзден жүйрік 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Жүзден жүйрік





(Сыныптан тыс жұмыс )

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың бойында азаматтық қасиетті қалыптастыру, олардың белсенділігін арттыру, білімге ұмтылдыру.

2. Дамытушылық: Оқушыларды ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақтылы жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету және олардың математикалық тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз білімін ғана емес басқа оқушының да білімін жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.

Түрі: ойын



"Арифметика бүкіл математиканың

логикалық іргетасы болып табылады"

Лебег А.



Сабақ жоспары:

1. Таныстыру

2. Жорға сайысы

3. Бас қатырғыш есептер

4. Викториналық сұрақтар.

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру

Оқушыларды топтарға бөлу, ойынның тәртібі мен таныстыру.



1. тапсырма «Таныстыру»

Әр топ өз тобына ат қойып, тобын таныстырады.



2. тапсырма «Жорға» сайысы



Математика

лық жұмбақтар

200

300

400

500





Кенгуру есептері

200

300

400

500

Анықтамалар:

№1 200 Анықтамалар

Пропорция дегеніміз не?



№2 300 Анықтамалар

Теңдеу дегеніміз не?



№3 400 Анықтамалар

Масштаб дегеніміз не?



№4 500 Анықтамалар

Координаталық түзу дегеніміз не?





Жұмбақтар:

№1 200 Жұмбақтар

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.



№2 300 Жұмбақтар

Нүктеден екі сәуледен Құралған айтшы бұл не екен?



№3 400 Жұмбақтар

Өмірің сенің қызық, Жолында жоқ түзу сызық,

Басы да жоқ аяғы.

Бір айналым баяғы.





№4 500 Жұмбақтар

Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады?





Кенгуру есептері:

№1 200 Кенгуру есептері.

Эдворд 2004 қарағай бүрлерін жинады. Ол әрқайсысында төрт бүрден болатындай етіп оларды бумаларға бөлсе, барлығы қанша бума шығады?



№2 300 Кенгуру есептері.

7- ші класстың ең күшті математигіне натурал санды табу ұсынылды. Достары ол сан туралы келесі тұжырымдар жасады:

Том: Ол 9 саны

Роман: Ол жай сан

Эндрю: Ол жұп сан

Майкл: Ол 15 саны

Роман мен Том біреуі жалған, біреуі ақиқат сөйлейді. Эндрю мен Майкл да біреуі жалған, біреуі ақиқат сөйлейді. Ол қандай сан?



№3 400 Кенгуру есептері.

Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген?



№4 500 Кенгуру есептері.

Мына сандардың ең үлкені қайсысы?

1) 999 2) 999 3) (99)9 4) 999 5) 99







3. тапсырма «Басқатырғыш есептері» сайысы



Әр топқа бір есептен беріледі.

№ 1.

Саяхатшылар қайықпен өзеннен өтпекші болады. Қайықтарға 3 адамнан отырса, 1 адам сыймай қалады, ал 5 адамнан отырса, 1 қайық артық қалады. Саяхатшылар нешеу, қайықтар нешеу?

№2.

Аулада тауықтар мен қозылар жайылып жүр. Қозылар тауықтардан 3 есе кем. Қозылар мен тауықтардың аяқтарының саны 40. Аулада неше қозы неше тауық жайылып жүр?

4. тапсырма. «Топ басшыларға викториналық сұрақтар»



1 топ сұрақтары:

1. Бұрышты өлшейтін құрал? ----------------

2. Қиылыспайтын екі түзу--------------------

3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді--------------------

4. Ұзындықтың өлшем бірлігі?--------------

5. Екі нүктенің арасындағы түзу-------------

6. Берілген шаманың 1/100 бөлігі--------------

7. Заттрады өлшеу үшін қолданылатын сандар?------------------------

8. Республика күні-------------------

9. 5 санына кері сан-------------------

10. Тәуелсіздік күні---------------------









2 топ сұрақтары:

1. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар---------------

2. Ең үлкен екі таңбалы сан-----------------

3. Қазақтың үш биін ата----------------------

4. Ең кіші жай сан-------------------

5. Біз тұрған планета ------------------

6. 4 қойда неше аяқ бар

7. 3 жарым таяқтың неше ұшы бар------------

8. 7 жай сан ба, құрама сан ба---------------

9. Жылдың неше айында 28 күн бар

10. Қандай 3 санның көбейтіндісі олардың қосындысына тең



Қорытынды: Сабақ соңында топтағы жинаған ұпайларын есептеп, жеңімпазды анықтау.





Сайыс Жүзден жүйрік 6 классСайыс Жүзден жүйрік 6 класс



Сайыс Жүзден жүйрік 6 класс



















№1 Алға мектеп-бақша

















Тақырыбы:

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК

(Сыныптан тыс жұмыс )

6 сыныптар









Пән мұғалімі: Казыбаева Ж.Д.

































2015-2016 оқу жылы







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал