7


  • Учителю
  • «Математика сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы-оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру құралы»

«Математика сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы-оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру құралы»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шымкент қалалық білім беру бөлімі





















Тақырыбы: «Математика сабағында

сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы-оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру құралы»





Математика кафедрасы:

Мырзахметова Б









Шымкент 2016 ж













Елбасы Н.Назарбаев 2012ж 27 қаңтардағы «Әлеуметтік -Экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру процесінде де маңызды болып табылады.

Ұлттық жоспардың мақсаты

Ұлттық жоспардың мақсаты-Қазақстан Республикасының мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.

Білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту

Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайға икемді және әлеуметтік бейімделуде процесінде сәтті пайдалануда мүмкіндік беретін негізгі құзіреттіліктер жүйесін меңгеру болып табылады

Математика сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы-оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру құралы болып табылады .

Сын тұрғысынан ойлаудын тамырын сонау гректік сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәуірден көруге болады. Сол кездің өзінде беделді негізге алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдалану қалыптасқан. Олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға тастайды. Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды. Ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты. Эдвард Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын болжап берді:

  1. Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастыру өрісіне кіретін ойлау үдерісін жүзеге асыру.

  2. Логикалық зерттеу және ой жүгірту әдістерін білу.

  3. Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар.

Математика пәнін оқуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының тиімділігі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет. Математика сабағында оқушылар өз бетінше білу дағдыларын дамыту баға жетпес құндылықтарының бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет. Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әр түрлі стратегияларын қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу.

Шапшаңдылық дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада шешім қабылдауға көмектесетін бірден бір тиімді технология. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып тұжырым жасау.Ой қозғай отырып оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап естіген білгенін талдап,салыстырып,реттеп,сұрыптап,жүйелеп білмегенін өзі реттеп,дәлелдеп,тұжырым жасауға бағыттау.Өз бетімен және бірлесіп тұжырым жасауға шығармашылық жұмыс жасау.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Сын тұрғысынан ойлау-оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы.

Оқушы-ізденуші,ойланушы,өз ойын дәлелдеуші

Мұғалім әрекетке бағыттаушы,ұйымдастырушы.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы қажет. .

1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек

2.Оқушыға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру

3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау

4.Оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау

5.Кейбір қолайсыз жағдайларды әжуаға айнадырмау.

6 Оқушылардың жауабының дәлелді, дәйекті болуын талап ету

7.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Қазіргі кезде өмір сүру күрделенді, біздің елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйретудің бірі - "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту".





Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі

Тәжірибені жүйеге келтірген: Чарльз Темпл,Куртис Мередит,

Джинни Стилл

Жобаның негізі Л.С.Выготский, Ж.Пиаже теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету

Математика сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы-оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру құралы болып табылады .

Джон Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушының табиғи әуесқойлығын оятып, Сын тұрғысынан ойлауға итермелейді.

Оқушылардың сыни ойлауы:

1. Ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығын ойлана білу қабілеті

2. Ақпарат пен идеяларды қорытындылау қабілеті

3. Өзінің оқуына қатысты таңдау жасау қабілеті

4. Басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті

5. Баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс-әрекетіне жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болу

  • Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы

  • қызығушылықты ояту;

  • мағынаны тану (мағынаны тани білу);

  • ой - толғаныс кезеңдерінен түзіледі;

Үйрену процесі бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұйымдастырудан тұрады. Оқушы:

  • жаңа ұғымдарды;

  • түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады , кеңейте түседі.

  • Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы:

  • оқушы не біледі;

  • не айта алатындығын анықтаудан басталады.

  • Топтау»

  • «Түртіп алу»

  • «Ойлану»

  • «Жұпта талқылау»

  • «Болжау»

  • «Әлемді шарлау» т.б.

  • Бұл кезеңде оқушы:

  • өз білетінін еске түсіреді;

  • қағазға жазады;

  • көршісімен бөліседі;

  • тобында талқылайды , яғни айту,бөлісу,ортаға салу арқылы оның ойы ашылады.

Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат оны байырғы біліммен ұштастырады

  • Сыни тұрғыдан ойлау

  • Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:

  • Айтқандарын негіздеуге және өзіміздің өмірлік тәжірибемізге қарай оны тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік;

  • Күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау;

  • Басқалардың өзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және өз пікіріңнің қате болуына ашық болу;

  • Идеяларды тексеру және «шындықты» іздеу.

ОЙЛАУ:



1. қиялдық



2. логикалық



3. аналитикалық



4. сыни ойлау - ең маңыздысы

«Оқытуда сыни ойлауды қолданудың маңызы»



Сыни тұрғыдан ойлау - «ойлау туралы ойлану».

Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.

  1. Алынған ақпараттармен танысыңыз.

  2. Дәлелдерге негіз етіп жасалған іс-әрекеттерді айқындайтын тармақтарды, болжамдарды немесе ұсыныстарды анықтау

  3. 3. Жекелеген суреттердің немесе түрлі жеке пікірлер мен естеліктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыры-

    ңыз және зерттеңіз.

  4. Еріксіз ойландыратын, қортынды жауаптар, шығармашылыққа итермелейді.

  5. Мәселені шешудің жолын өзі іздеп табу

  6. Сұрақтар шешімін табу- жаңа бір нәрсе тудыру

  7. Шығармашылықпен көкейкесті ойлау

  8. Өзіндік жеке ойлау, тәуелсіз ойлау

  9. Есте сақтау-идеяларды түсіну-алғы шарт









Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Barnes,D (1971)Language and learning In the Classroom ( Сыныптағы тіл және оқыту) Journal of Curriculum Studies,3(1), 27-38.

2.Mercer,N.,Hodgkinson,S.(2008) Exploring talk in school:inspired by the work

of Douglas Barnes ( Дуглас Барнастың жұмысымен рухтану) London: Sage.

3.Glaser,E.M.(1941).An Experiment in the Development of Critical Thinking[Сын тұрғысынан ойлауды дамыту эксперименті].New York: Bureau of Publications,teachers College,Columbia University.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал