- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Есептер шығару.
Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Есептер шығару.
Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Есептер шығару.
Мақсаты:
1. Оқушылардың жай бөлшектер тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу, есеп шығаруға дағдыландыру және білім дәрежелерін байқау.
2. Есте сақтау, ойлау, ауызша, жазбаша есептеу қабілеттерін дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
3. Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Өткізу әдістері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойындар, көрнекілікпен түсіндіру, топпен жұмыс
Көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, әуе шары, жолдау, тест, логикалық есеп.
Сабақтың барысы
-
Психологиялық дайындық
Қара достым жан-жаққа
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап, дәптер, қаламдар?
-
Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын ауызша сұрау. Үйге қандай тапсырма берілді?
-
Ой қозғау
Оқушылар, жақында алдымызда қандай мереке бар? Тақтада 16121991 саны жазылу тұр. Осы сандарға дұрыс нүкте қойсандар бір тарихи дерек шығады.
16.12.1991- Тәуелсіздік күні.
Қ. Р тәуелсіздігіне неше жыл?
Осы Тәуелсіздік күніне байланысты бас қаламыз Астанадан Қазақстанның бірнеше қалаларына әуе шары ұшырылған .Сол әуе шары мектебімізге келіп қонды. Осы әуе шарымен сендерге де жолдау жіберілген. Қазір жолдау жасырын тұр. Тапсырманы дұрыс орындасақ, жолдауды табамыз.
Ұранымыз: «Тездет, бірақ қателеспе!»
4.Топпен жұмыс. Бөлшектерді қысқартыңдар
1 топ 2топ
, , , , , , ,
3 топ 4 топ
, , , , , , , ,
1-ші тапсырмадан кейін 1- ші сөз ашылады (Елін)
-
Тақтамен жұмыс
1 топ
Туристер 48 км қашықтықты автобуспен жүрді. Сонан соң автобуспен жүрген қашықтығының -ін жаяу жүрді. Туристер барлығы неше км қашықтықты жүрді?
2 топ
Дәптерде 24 бет бар. Оның - і жазылған . Дәптерде жазылмаған неше бет бар?
3топ
Туристер жүруге тиісті 136 км қашықтықтың бөлігін автобуспен жүрді. Туристер жүруге тиісті қашықтықтың неше километрін автобуспен жүрді?
4топ
Паркке 60 қайың және емен ағаштарының көшеттері отырғызылды. Оның -сі қайың ағаштарының көшеттері еді . Паркке неше емен ағашы отырғызылды?
2-ші сөзді ашу (жерін)
6. Оқулықпен жұмыс
№ 489 (1) -1, 3 топ №489 (2) - 2, 4 топ
3- ші сөз ашылады (сүйетін)
7. Суретпен жұмыс. Фигуралардың боялған, боялмаған бөліктерін бөлшекпен жазыңдар
4- ші сөзді ашу (білімді)
8. «Кім жылдам?» ойыны. Бөлшектерді жазыңдар
1 топ 2 топ
х-тің қандай мәндерінде у-тің қандай мәндерінде
а) , ә) дұрыс бөлшек а) , ә) бұрыс бөлшек
3 топ 4 топ
х-тің қандай мәндерінде у-тің қандай мәндерінде
а) , ә) дұрыс бөлшек а) , ә) бұрыс бөлшек
5-ші сөзді ашу (Азамат)
9. Сабақты қорытындылау. Тест жұмысы
6 -ші сөзді ашу (Болып)
10. Шығармашылық тапсырма. Логикалық есеп
Сүтке толық ыдыстың салмағы 34 кг, ал сүтке жартылай толық ыдыстың салмағы 18 кг. Бос ыдыстың салмағы қанша килограмм?
7-ші сөзді ашу (Өсіңдер)
Қане, толық жолдауды оқыңдар (Елін, жерін сүйетін білімді азамат болып өсіңдер)
Ал енді, әуе шарының сыйлығы не екен? Қарайық
Сендерге, балалар арнайы Астанадан Елбасы әуе шарымен баға жіберіпті. Оқушылардың жауап беруіне байланысты бағаларыңды таратамын.
11. Бағалау.
12. Үйге тапсырма № 499, 127 бет
Тақырыбы: Жай бөлшектер. Өткенді қайталау
5 сынып
Өткізген: математика пәнінің мұғалімі
Даримбаева Куляш Айтпаевна
2014-2015 оқу жылы
Степногорск қаласы