- Учителю
- Сабақ жоспары математика 'Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың практикалық қолданылуы' (9 сынып)
Сабақ жоспары математика 'Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың практикалық қолданылуы' (9 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың практикалық қолданылуы
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту, қорытындылау. Нақты мысалдар арқылы алгебраның жалпы адамзаттық мәдениеттің бөлігі екеніне көз жеткізе отырып, практикалық мазмұндағы есептерді шешу.
-
Дамытушылық: оқушылардың танымдық, ойлау қабілетін дамыту, зерделігі мен зеректігін айқындау, логикалық қасиеттерін арттыру. Математика мен айналадағы өмірмен байланысын көруді үйрету, математика тілінде сауатты сөйлеуді үйрету. Пәнге қызығушылықтарын арттыру;
-
Тәрбиелік: оқушылардың көпмәдениетті тәрбиелік танымын дамыту, қоғаммен санаса отырып, жан жақты тұлға қалыптастыру, белсенділігін, ынтасы мен жауапкершілігін арттыру.
Құрал жабдықтар: компьютер, видеопроектор, презентациялар, есеп мәтіндері жазылған кеспе қағаздар, бағалау парақтары.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу;
- Оқушыларды тугендеу;
- Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру
-
"Біз нені білеміз" ( сұрақ- жауап арқылы)
-
Сан тізбегі деген не?
-
Қандай тізбекті арифметикалық прогрессия деп атайды?
-
Арифметикалық прогрессияның айырмасы деп қандай санды айтады?
-
Қандай сан тізбегін геометриялық прогрессия деп атайды?
-
Геометриялық прогрессияның еселігі деген не?
-
Арифметикалық прогрессияның n-мүшесінің формуласын жаз?
-
Геометриялық прогрессияның n-мүшесінің формуласын жаз?
-
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы
-
«Кім тапқыр?» тапсырмалары (кеспе қағаздарды формулаларды құрастыру)
-
an = a1 + ( n-1)d
-
bn = b1• qn-1
-
Sn =.
-
Sn =
-
S =.
-
an = .
-
bn=
-
d = an + 1 - an.
-
q =
3) «Кубизм» тапсырмасы (кубтың әр қырына тапсырма жазылады)
1. (аn ) - арифметикалық прогрессия, а1 =10; d = - 0,1. а4=?.
1) 9,7; 2) 97; 3) -97; 4) 10,3; 5) -10,3.
2. b1; b2; 4; 8;…. геометриялық прогрессияның b1 мүшесін тап.
1) - 4; 2) 1; 3) 1/4; 4) 1/8; 5) - 1.
3. (bn) - геометриялық прогрессия. Егер b1 = 4; q = ½ болса, b6 табыңдар.
1)- 1/8; 2) 1,25; 3) 1/8; 4)12,5; 5) - 1,25.
4. 12;6;… геометриялық прогрессияның қосындысын табыңдар
1) 6; 2) - 12; 3) -24; 4) 24; 5) 12.
5. Жай бөлшек түренде жаз 0,(1).
1) 9; 2) 11/9; 3) -1/9; 4) - 9; 5) 1/9.
6. (x n) сандар тізбегінің алғашқы 100 мүшесінің қосындысын табыңдар, егер x n =2n +1.
1)10200; 2) 20400; 3)1200; 4) 102; 5) 1020.
ЖАУАБЫ: 1234542
«Карусель» тапсырмасы
-
Әр оқушыға бір тапсырмалары бар парақтар беріледі.
1
Берілгені: (а n ), а1 = - 3, а2 = 4.
Табу керек: а16 - ?
Аты_________
Жауабы:________
2
Берілгені: (b n ) , b 12 = - 32, b 13 = - 16.
Табу керек: q - ?
Аты _________
Жауабы:________
3
Берілгені: (а n ), а21 = - 44, а22 = - 42.
Табу керек: d - ?
Аты _________
Жауабы:________
4
Берілгені: (b n ) , bп > 0, b2 = 4, b4 = 9.
Табу керек: b3 - ?
Аты _________
Жауабы:________
5
Берілгені: (а n ), а1 = 28, а21 = 4.
Табу керек: d - ?
Аты _________
Жауабы:________
6
Берілгені: (b n ) , , q = 2.
Табу керек: b5 - ?
Аты _________
Жауабы:________
-
Әр 1 минут өткен сайын мұғалім: «Ауысыңдар» - дейді, содан кейін оқушылар бір-біріне парақты шеңбер тәрізді береді. Егер оқушыға бірінші тапсырмада өзінің аты жазылған парақ келсе, онда «Карусель» тоқтайды.
Слайдтағы жауаптар бойынша оқушылар дұрыс емес жауапты сызып мұғалімге өткізеді.
Жауабы: 1) 102; 2) 0,5; 3)2; 4)6; 5) - 1,2; 6) 8; 7) 23.
ІІІ. Практикалық бөлім
-
Балалар, «Күнделікті адам өмірінде прогрессиялар маңызды роль атқарады ма?» деген сұраққа жауап іздеген бірнеше оқушы қысқа мерзімді проекттер дайындап келген. Сіздерге осы сабаққа қатысып дайындаған есептерді шешіп, оқушыларға баға берулеріңіз қажет.
1 есеп
Ежелгі есептер
-
Шахмат ойыны
Балаларғ уәде бойынша Сетаға бермек болған бидайымның мөлшерін дәл тауып беріңіздер.
2 есеп
Сатып алушы мен бай
«Әр саладағы арифметикалық және геометриялық прогрессиялар»
а) Тағамдар дайындауда қолдану
3 есеп
Ашыту процессі
ә) Құрылыста қолдану
4 есеп
-
Ағаш жинау
5 есеп
-
Құдық қазу
б) Медицинада қолдану
6 есеп
-
Дәрігердің рецепті
в) Табиғаттағы прогрессиялар
7 есеп
-
Бақ-бақтың өсуі
г) Экономикадағы прогрессиялар
8 есеп
-
банк салымы
ІV. Сабақты қорытындылау
-
Балалар сабақты аяқтамастан бұрын сіздер сабақтың басында қойылған «Күнделікті адам өмірінде прогрессиялар маңызды роль атқарады ма?» - деген сұраққа енді жауаптарыңызды беріңіздер.
-
Сабақты қорытындылай келе, біз көптеген салалардағы есептер шығарып, олардың кездесетініне көзіміз жетті. Сонымен менің ойымша прогрессияларға қатысты білім дағдыларының қолданылуы бізге өте қажет.
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма